Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Рефлексивті және аналитикалық эссе

Автор:   •  Март 3, 2022  •  Доклад  •  1,974 Слов (8 Страниц)  •  1,108 Просмотры

Страница 1 из 8

Рефлексивті және аналитикалық эссе

Жазу әдісі бойынша эссе түрлері (типтері):суреттеу, баяндау, аналитикалық (сараптамалық), рефлексивті және сыни болып бөлінеді. Кейде бұл түрлері аралас келуі де мүмкін.

Автор ұстанымына (позициясна) қарай:объективті (мазмұнға, сипаттамаға және талдауға назар аудара отырып, бағалаусыз) және субъективті (автордың өзін-өзі көрсетуге, өзінің жеке тұлғалық құндылықтарына, болмысына баса назар аудара отырып) тұрғысынан жазылады.Алайда эссенің қандай түрі болмасын (типі) оларға ортақ жалпы талаптары бар:

- жазба жұмысының көлемі шағын және міндетті түрде нақты дәлелі болуы;

- автор ойы негізгі мәселеден ауытқымай, автордың тезисті ( тұжырымды) дұрыс түсінуі;

-  мәтіннің логикалық үйлесімділігі және композициялық толықтығы;

-  эссе авторының білімі мен өзіндік ұстанымын көрсетуі.

Рефлексивті эссе

Рефлексивті эссе - бұл өмірлік тәжірибені сыни тұрғыдан талдау. Автор оқиғаны немесе тәжірибені сипаттайды, содан кейін сол тәжірибенің мағынасын және одан не үйренуге болатындығын талдайды. 

Рефлексивті эссе форматы мақсатты аудиторияға байланысты жазылады. Мәселен,  академиялық болуы мүмкін немесе журналға арналған жалпы мақаланың бөлігі ретінде кеңірек ұсынылуы мүмкін. Сіз жазуға тура келетін рефлексивті эссе форматтарының  типтік мысалдары:

Жеке тұлғаның өсуіне баса назар аудару:

Көбіне адамның эмоционалды өсуі мен дамуы үшін жеке өмірлік тәжірибелерін талдауға көмектесетін стратегия ретінде қолданатын рефлексивті эссе түрі. Эссе авторға өзін де, мінез-құлқын да жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Әдебиетке (тәжірибеге, қандайда бір технологияға, әдіске, тәсілге) баса назар аудару:

Эссенің бұл түрі автордың әдебиеттің (тәжірибенің, қандай да бір технологияның, әдістің, тәсілдің) қысқа мәнісін ұсынуды, содан кейін оны жеке өмірлік тәжірибесінде қалай қолданатынын, қолданып жүргенін жазуды талап етеді.

 

Рефлексивті-аналитикалық эссе

Мәселені анықтауды, түсініп талдауды және авторлық рефлексияны қамтитын белгілі бір проблема бойынша жазылатын эссе.

Мазмұны:

Мәселені анықтау

  • негізгі тақырыптың мағынасын ашу;
  • мәселені сұрақ (-тар) түрінде бекіту;
  • қайталау емес, терең мағыналық байланысты анықтау.

Талдау

  • негізгі терминдер мен категорияларды анықтау;
  • салыстыру;
  • олардың мазмұнын ашу;
  • логикалық байланысты түсіндіру.

Рефлексия

  • автордың өз ұстанымын баяндау, оны түсіндіру;
  • эссе авторының көзқарасын негіздейтін аргументтер (дәлелдер) мен контраргументтерді (қарсы дәлелдерді) келтіру.

Эссе авторы өз көзқарасын негіздейтін аргументтер келтіруде келесі үш модельді қолдануы мүмкін:

1. Классикалық модель

Классикалық модельде автор оқырманды өзі келтірген аргументтерге (дәлелдерге) сендіруге тырысады. Аргументтің екі жағын да талқылайды, содан кейін оның ойын, тұжырымын, пікірін растайтын дәлелдер ұсынады.

2. Тулмин моделі

Бұл модельдің негізін философ Стивен Э. Тулмин қалаған. Автор ойына,  пікіріне, тұжырымына дау тудыруға қиындататын аргументтер (дәлелдер) келтіреді. Аргументтің екі жағын ұсынудың орнына, ол тек біреуін білдіреді.

3. Роджер моделі

Психолог Карл Роджерс негізін қалаған бұл модель жалпы негізді дәлелдеу моделі ретінде де белгілі. Ол дәлелдің екі жағын да мойындайды және орта алтын діңгегін анықтайды.

Контраргументті (қарама-қайшы) абзацты құрудың төрт қадамы:

  1. Контраргументтерді (қарсы дәлелдерді) тұжырымдау: барлық қарсы дәлелдерді бір-бірлеп келтіріңіз.
  2. Жауабыңызды тұжырымдаңыз: контраргументтерге         (қарсы дәлелдерге) жауап жазыңыз.
  3. Контраргументтерді (қарсы дәлелдерді) жоққа шығарыңыз: контраргументтерді (қарсы дәлелдерді)  бір-бірлеп, фактілер мен нақты мысалдар көмегімен жоққа шығарыңыз.
  4. Қорытынды: эсседегі негізгі тұжырымды растау арқылы абзацты аяқтаңыз.

Аналитикалық (сараптамалық) эссе

...

Скачать:   txt (26 Kb)   pdf (319.3 Kb)   docx (183.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club