Пирролизидин ( платифиллин гидротартаты), имидазол ( пилокарпин гидрохлориді) туындылары алкалоидтары
Автор: wingis___96 • Ноябрь 11, 2018 • Реферат • 981 Слов (4 Страниц) • 984 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Пирролизидин ( платифиллин гидротартаты), имидазол ( пилокарпин гидрохлориді) туындылары алкалоидтары
Орындаған: Қонарбай Ш.Н.
Тобы: 402 фк А
Қабылдаған: Нұрханова Г.Ж
Шымкент,2018ж
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Пирролизидин (платифиллин гидротартаты) туындылары алкалоидтары
2. Имидазол (пилокарпин гидрохлориді) туынылары алкалоидтары
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
І Кіріспе
Алкалоидтар дегеніміз – құрамында азот атомы бар табиғи текті органикалық негіздер. Құрамындағы азоты бар сілті қасиетті органикалық зат, оның улы және емдік қасиеттері бар. Мысалы: хинин, кофеин, никотин, эфедрин, анабазин т.б. Қазір 5500-ден астам түрі бар. Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқалар, сарғалдақтар, бұршақтар, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай.
«Алкалоид» терминің 1819 жылы фармацевт В.Мейснер ұсынды. Алғаш анықтама берген 1910 жылы Э.Винтерштейн мен Г.Трир.
ІІ Негізгі бөлім
1.Пирролизидин(платифиллин гидротартаты)туындылары алкалоидтары.
Пирролизидин - екі пирролидинді циклді қамтитын конденсацияланған гетероциклді жүйе. Крестовниктің әртүрлі түрлерінен және басқа тұқымдастардан бөлінген алкалоидтар қатарының құрылымдық негізі 1-метилпирролизидин болып табылады.
[pic 1][pic 2]
Алколоидтар платифиллин мен сенецифиллинді ең алғаш рет 1935 жылы А.П.Орехов пен Р.А.Коновалова крестовник широколистный-дің тамыры мен жапырағынан алған.
Платифиллин негізінде циклдік аминоспирт 1-метилпирролизидин туындысы платинецин (1-оксиметил-7-оксипирролизидин) жатыр.
Ол екі негізді сенецион қышқылымен (2-окси-3-метилгептен-5дикарбон-2,5 қышқылы) байланысқан:
[pic 3]
Дәрілік заттардың физикалық қасиеттері
Дәрілік препарат | Химиялық құрамы | Сипаттамасы |
Платифиллин гидротартраты | [pic 4] | Ақ кристалды, өзіне тән әлсіз иісі бар немесе иіссіз, ащы дәмді ұнтақ. Суда оңай ериді, 95% спиртте аз ериді, хлорофорим мен эфирде ерімейді. Меншікті оптикалық айналу: -38°-ден -40°-қа дейін (5% -дық сулы ерітінді). Тб. 192-198°С(ыдырайды) |
Препарат суда жақсы ериді. Басқа алкалоидтық тұздардан айырмашылығы – спиртте аз ериді. Хлороформ мен эфирде тәжірибе жүзінде ериді. Шарап қышқылының болуын оның калий ионымен өзара әрекеттесуіне негізделген реакцияның көмегімен орнатады. реакция калий гидротартратының ақ шөгіндісінің пайда болуымен жүреді:
[pic 5]
Платифиллин негізін анықтау үшін ГФ Х Майер реактивімен тұндыру реакциясын (калий йодид ерітіндісіндегі сынап дихлор ерітіндісі), сондай-ақ, концентрацияланған күкірт қышқылы қатысындағы β-нафтолмен түсті реакция беруі (жасыл бояу)
[pic 6]
[pic 7]
Өзі екендігін анықтауда жылпыалкалоидтық реактивтермен жүргізді. Оның ішінде ең сезімталы Майер реактивімен (ақ тұнба).
Платифиллиндегі күррделі эфирлік топтың болуын темір гидроксаматы түзілуінен анықтауға болады:
[pic 8]
Сандық анықтау
Платифиллин гидротартратын сусыз ортада сірке қышқылы арқылы тиртрлеу;
Хлороформ қатысында сулы ортада нейтрализациялау әдісі арқылы;
УК-спектрофотометрия
Экстракционды фотометрия
Натрий хлоридінің қаныққан ерітіндісінде платифиллин полийодидін түзу реакциясын қолдану арқылы;
Фотометриялық әдіс арқылы пикрин қышқылымен реакция болып табылады.
Сақталуы
Платифиллин гидротатратын А тізімі бойыншаа құрғақ, жарық түспейтін жерде жақсы тығындалғанн тарада сақтайды.
Қолданылуы.
Кезінде пайдаланады:ішкі ағзалардың тегіс бұлшықеттерінің спазмдері (пилороспазм, ішек, бүйрек немесе өт шаншуы);асқазан және ұлтабар жарасы кезінде;холецистит немесе холелитиазе;жіті немесе басқа да созылмалы түрдегі панкреатит кезінде;бронх демікпесі немесе ларингоспазм кезінде;артериялық гипертензия, стенокардия, церебралды артериялардың спазмалары және біріктірілген ем құрамындағы ангиотрофоневроздар кезінде.
...