Жамылғы, тері, оның туындылары
Автор: tolkyn.dos • Апрель 16, 2021 • Реферат • 1,633 Слов (7 Страниц) • 790 Просмотры
№1 Жамылғы, тері, оның туындылары.
Tepi, cutis (немесе жалпы жамылғылар, integumentum commune), дененің жалпы жамылғысын түзеді, оның кұрамына сезімтал нерв ұштары, тер және май бездері, бұлшықеттер, шаштар мен тырнақтар кіреді.
Тері бірқатар қызметтер атқарады: қорғаныш, жылу реттелуі мен зат алмасуына қатысады, бөлу ағзасы, тыныс алу ағзасы болып табылады, ауқымды беткейлік рецепцияларды атқарады.
Тері үш қабаттан тұрады:
1) Теріүсті қабатынан, эпидермистен, epidermis,
2) Дермадан, corium, (s. derma);
3) Теріасты шелінен, теріасты қабаты, stratum subcutaneum (s. tela subcutanea).
Эпидермис, epidermis, сыртқы өскіндік жапырақ туындысы, ол терінің ең сыртқы қабатын түзеді. Оның қалыңдығы 0,07-ден 0,4 мм дейінгі аралықта ауытқиды, ең қалың тұсы табан маңында.
Эпидермис көп қабатты эпителийден тұрады, ол сыртқы қабаттарында үнемі түлеу байқалып отыруымен сипатталынады. Эпидермистің ең терең қабаты 5-15 қатар жасушалардан құралады да, өсу немесе өскіндік кабат аталады, stratum gerniinativum. Осы қабаттың дермаға бірден жанасатын бірқатар жасушалары призма тәріздес пішінде болып, базалді кабат түрінде ерекшеленеді, stratum basale; бұнда жасушалардың бөлінуі есебінен эпидермистің жаңа қабаттары пайда болып жатады да, бірте-бірте ең сыртқы мүйізденетін эпидермис кабатын алмастырып отырады.
Өскіндену қабатында пигмент болады, оның мөлшері терінің алуан түстенуін тудырады.
Өскіндік қабат үстінде бүршікті қабат, stratum spinosum, орналасады, одан соң дәндесін қабат келеді, stratum granulosum, ол бірнеше жасушалар қатарынан кұралады, бұлардың протоплазмаларында кератогиалин болады.
Дәндесін қабаттан жоғары ерекше жылтыр заттегі элендинге толы 3-4 қатар жасушалардан кұралған шыны тәріздес қабат, stratum lucidum, орнығады.
Эпидермистің ең беткі қабаты - мүйізді қабат, stratum corneum, жалпақ мүйізденген жасушалардан тұрады. Мүйізденген жасушалар қабыршақтарға айналады, қабыршақтар эпидермис беткейінде түлейді де, эпидермистің терең орныққан қабаттарынан шығып тұратын жаңа жасушалармен алмасады.
Эпидермис пен дерма арасында негізгі мембрана, membrana basalis, орналасады.
Дерма, cortium (s.dermis), мезодерма туындысы, ол талшықты дәнекертіннен тұрады. Бұл тін талшықтары өзара ширатыла шырмалып тор кұрайды, мұнда тамырлар, нервтер, бұлшыкеттер, бездер, шаштар мен тырнақтар болады. Дерманы екі кабат түзеді:
1) емізікше қабаты, stratum papilare, немесе эпителийасты қабаты;
2) торлы қабық, stratum reticulare (немесе tunica propria).
Емізікше кабаты борпылдақ дәнекертіннен тұрады, оның беткейінде эпидермиске ене орнығатын емізікшелер, papillae, болуына орай осылай аталады. Емізікшелер арасында емізікшеаралык жүлгелер, sulci interpapillares, орналасқан. Емізікшелерде нерв ұштары, қан және лимфа тамырлары бар.
Дерма өзінің терең қабаттарында еш шекарасыз теріасты шеліне ауысады, tela subcutanea, ол коллагендік және эластикалық дәнекертін талшыктарынан кұралып, кең ілмекті тор түзеді; оның ілмектері ішінде көп мөлшердегі май жасушалары бар борпылдақ тінге толы болады. Соңғылары май бөліктеріне топталады, бұлардың ірі жинақтары теріасты май қабатын түзеді, panniculus adiposus. Бөліктерді қоршай орналасатын дәнекертін шоғырлары терінің ұстап тұратын байламдары, retinacula cutis, деп аталады. Онда тамырлар мен нервтер өтеді.
Теріасты негізі (tela subcutanea) – май клеткаларының жиынтығынан тұратын және терең жатқан ағзаларды жауып жататын борпылдақ дәнекер тінді құрылым, оны теріасты майы немесе шелмай қабаты немесе шелді қабат (гиподерма) деп атайды. Шелмай қабаты ағзалар үшін оқшаулағыш қабат, “төсеніш” қызметін атқарады және қоректік заттар мен энергияға қойма болып есептелінеді және майлы қосылыстар көп болады. Мұнда жиналған майлы заттарды ағза қажет кезінде пайдаланады.
Терінің гиподерма қабаты ағзаны суықтан және сыртқы ортаның механикалық әсерлерінен қорғайды, яғни шелмай жылу реттелу функциясын атқарады. Өйткені, шелмай жылуды нашар өткізеді, сондықтан суық аймақтарда тіршілік ететін жануарларда жақсы жетілген.
...