Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп химия курсында зертханалық жұмыстардың маңыздылығы

Автор:   •  Апрель 6, 2022  •  Курсовая работа  •  6,752 Слов (28 Страниц)  •  263 Просмотры

Страница 1 из 28

Кіріспе

Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау. Қазіргі кезде бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне  жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

2014 жылғы Қазақстан жолы – 2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, еліміздің  2050 жылға дейін дамуының жаңа саяси бағдары бойынша басты мақсаты – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Елбасымыз өз сөзінде ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар дей келе, ұлттық білім берудің барлық  буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті. [1]

Дидактикалық әдебиетте оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, білімді түсінуін қалыптастырудың шарттарының бірі ретінде көрсетілген. Б.Бенджаминадами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеуден, тәжірибелік жұмыстарды жасаудан көрінеді - деген болатын. Осы орайда, зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды оқушылар жүйелі түрде жасап отыруы қажет екенін бұл автор атап көрсетеді, сонда ғана олардың білімдері берік болады. [2]

Химияны оқыту әдістемесінде (С.Г.Шаповаленко, Ю.В.Ходаков, М.Я.Голобродько, В.Н.Давыдов, Н.А.Титов, П.А.Оржековский) оқушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыруға арналған бірқатар зерттеулер бар. Бұл үшін негізгі құрал ретінде бейорганикалық химиядан зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды үш тілде жүргізу үрдісі қолданылады. Әдістемеде төмендегідей көзқарас кеңінен тараған: бейорганикалық химиядан зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды үш тілде жүргізу үрдісін жасау үшін ең қажетті шарт оқушылардың берік, өздері түсінген білімдерінің болуы (Р.Г.Иванова, А.Г. Иодко және т.б.). Елімізде мектеп оқушыларының зертханалық-тәжірибелік жұмыстарының  барысында шығармашылық іс-әрекетінің аспектісін зерттеген ғалымдар: С.Қ.Қалиев, С.Ұзақбаева, Қ.Ж.Қожахметова, І.Р. Халитова, Ш.Б.Құлманова, Р.Қ. Дүйсембінова және т.б. Алайда, оқушылардың білім сапасын арттыру үшін бейорганикалық химиядан зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды үш тілде жүргізу үрдісі бүгінгі күнге дейін зерттелген жоқ. Сонымен, дидакт ғалымдарының атап көрсеткеніндей мынадай қарама-қайшылық туындайды:

  • білімді түсінуі үшін бейорганикалық химиядан зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды үш тілде жүргізу үрдісінің мүмкіндіктері мен осы мүмкіндіктерді жүзеге асыруға арналған химияны оқыту әдістемесінің теориясында зерттеулердің болмауы;
  • мектеп оқушыларының бейорганикалық химиядан зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды үш тілде жүргізу үрдісі арқылыолардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың қажеттілігі мен оның теориялық тұрғыда негізделмеуі;
  • оқушылардың зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды оқыту әдістемесін қалыптастыруда зертханалық-тәжірибелік жұмыстардың мүмкіндіктері мен және оның ғылыми-әдістемелік тұрғыда жеткілікті түрде қамтамасыз етілмегендігі арасында қарама-қайшылықтар кездеседі. [3]

Айтылғандарды қорытындылай келіп, қазіргі таңда туындап отырған қарама-қайшылықтар мен мәселелерді шешу зерттеу жұмысының тақырыбын Химия курсында зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды үш тілде жүргізу үрдісіндегі оқушылардың бейорганикалық химиядан химиялық білімдерін қалыптастыру деп анықтауымызға негіз болды.

Зерттеудің өзектілігі: Бұл зерттеудің басты мәселесі бейорганикалық химиядан зертханалық-тәжірибелік жұмыстарды үш тілде жүргізу үрдісі арқылы оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуға ықпал ететін педагогикалық жағдайларды анықтау болады.

...

Скачать:   txt (107.5 Kb)   pdf (253.3 Kb)   docx (47.1 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club