Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Магний және оның қорытпаларының жіктелуі

Автор:   •  Май 16, 2022  •  Реферат  •  380 Слов (2 Страниц)  •  244 Просмотры

Страница 1 из 2

Дәріс 10. Магний және оның қорытпаларының жіктелуі.

Магний – сұршыл-ақ түсті металл. Металл жылтырымен ерекшеленеді, бірақ ауада тотық қабықшасының жылтыры тез бәсеңдеп көмескі түрге ие болады. Магний оттегімен жылдам әсерлеседі.

Магнийдің бетінде түзілген MgO  тотықты қабыршығының тығыздығы 3,2 г/см3 тең. Ол жарылуға бейім. Қыздырған кезде тотықты қабыршық өзінің қорғағыш қасиетін жоғалтады, магнийдің тотығу жылдамдығы өседі, ал 623оС магний ауада жанады. Магний сілтілі орталарда қирамайды, фторлы қосылыстар мен концентрацияланған плавикті қышқылға берік. Бөлме температурасында концентрацияланған күкірт қышқылы мен күкірт және азот қышқылдарының қоспасында магнийдің қирауы шамалы ғана байқалады. Магний сумен жылдам әрекеттесіп сутегі және магнийдің сулы тотығын түзеді. Сұйытылған минералды қышқылдар магнийдің жылдам еріткіштері болып саналады.

Таза магний жоғары химиялық белсенділігімен ерекшеленеді. магний өте жеңіл металл. Оның тығыздығы 1,74 г/см3 . Балқу температурасы жоғары емес: 651оС. Құюдан кейін беріктігі төмен (σв ≈100МПа; δ≈7%), илемді металл. Илемдеу мен жасытудан кейін механикалық қасиеттері жоғарылайды: σв =180МПа; σ0,2 = 60МПа; δ=15%. Кристалдық торы гексагоналды, а=3,2Ǻ; с=5,2Ǻ.

Магнийдің қолданылуы.  Магнийдің оттегіменжылдам әсерлесуін болатты, мысты, қоланы және басқа да түсті металдарды өндіруде қышқылсыздандыру үшін қолданады.

Ауада жану қабілетін әскери және пиротехникада қолданады.

Магнийдің гигроскопиялығын ескере отырып түрлі органикалық өнімдерден (спирт, анилин және т.б.) ылғалды шығару үшін қолданады. 

Механикалық қасиеттерінің төмен болуына байланысты магний таза күйінде конструкциялық материал ретінде қолданылмайды. Конструкциялық материал ретінде магнийдің қорытпалары қолданылады.

Магнийдің қорытпалары. Магнийдің қасиеттері легірлеу кезінде жақсарады. Магний қорытпаларының тығыздығы төмен, меншікті беріктігі жоғары, дірілді жақсы сіңіреді. Қажетті легірлеу мен термиялық өңдеуден кейін қорытпалардың беріктігі 350-400 МПа болуы мүмкін. Магний қорытпалары кесумен жақсы өңделеді және пісірілгіштігі жақсы. Кемшіліктеріне алюминийге қарағанда жемірілуге беріктігінің төмен болуы, балқыту және құю кезінде қиындықтар туғызуы және қысыммен өңдеу алдында қыздыруды қажет етуі жатады.

Негізгі легірлеуші элементтеріне алюминий, мырыш және марганец жатады. Мысалы, алюминий мен мырышты негізінен беріктікті жоғарылату үшін, ал марганец жемірілуге төзімділігін жақсарту және түйіршіктерді майдалау үшін қосылады.

Магний қорытпаларын деформацияланатын (МА) және құймалы (МЛ) деп ажыратады. Кейбір магний қорытпаларының құрамы мен қасиеттері 1 кестеде келтірілген.

Магний қорытпаларының қолданылуы. Магний қорытпаларының тығыздығы төмен және меншікті беріктігі жоғары болуына байланысты оларды авиажасауда қолданады. Олардан аспаптардың тұрқылары, сорғыштар, кабина есіктері және т.б. жасалады. Зымыран техникасында зымыран тұрқылары, тұрақтандырғыштар, отын бактары жасалады.

Магний қоытпалары көлікті машинажасауда да қозғалтқыштардың картерлерін және автокөліктердің беріліс қораптарын, дискілерін жасауда қолданылады.

Магний қорытпаларын электротехника, радиотехника, тоқыма өнеркәсібінде, ядролық энергетика және т.б. салаларда қолданады.

1 кесте. Кейбір магний қорытпаларының құрамы мен қасиеттері

Қорытпа таңбасы

Элементтер құрамы

Термиялық өңдеу режимі

σв,

МПа

σ0,2,

МПа

δ,%

Al

Mn

Zn

Басқа элементтер

Деформацияланатын қорытпалар

МА1

-

1,3-2,5

-

жасыту

200

130

8

МА2

3,0-4,0

0,15-0,5

0,2-0,8

жасыту

270

170

10

МА5

7,8-9,2

0,15-0,5

0,2-0,8

шынықтыру-

ескіру

320

220

14

МА14

-

-

5-6

0,3-0,9Zr

шынықтыру-

ескіру

350

300

9

МА18

0,5-1,0

0,1-0,4

2,0-2,5

10-11,5Li;

0,15-0,35 Ce

жасыту

170

130

30

МА19

-

-

5,5-7,0

0,5-1,0Zr; 0,2-1,0Cd;

1,4-2,0Nd

шынықтыру-

ескіру

380

330

5

МА20

-

-

1,0-1,5

0,05-0,12Zr; 0,12-0,25Ce

жасыту

250

160

20

ВДМ-1

-

-

1,2-2,0

2,5-3,5Th

жасыту

300

250

5

Құймалы қорытпалар

МЛ5

7,5-9,0

0,15-0,5

0,2-0,8

жасыту

160

85

3

шынықтыру-

ескіру

255

120

6

МЛ8

-

-

5,5-6,6

0,7-1,1Zr;

0,1-0,8Cd

шынықтыру-

ескіру

255

155

5

МЛ10

-

-

0,1-0,7

0,4-1,0Zr;

2,2-2,8Nd

шынықтыру-

ескіру

230

140

3

МЛ19

-

-

0,1-0,6

0,4-1,0Zr; 1,6-2,3Nd;

1,4-2,2 Y

шынықтыру-

ескіру

220

120

3

...

Скачать:   txt (7.3 Kb)   pdf (176.2 Kb)   docx (115 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club