Коферменттердің құрылысы мен биологиялық функциясы
Автор: kural_a99 • Ноябрь 28, 2018 • Реферат • 3,346 Слов (14 Страниц) • 3,081 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Биология және биохимия кафедрасы
Реферат
Такырыбы: Коферменттердің құрылысы мен биологиялық функциясы.
Орындаған: Құрал Аружан
Тобы: В-ЖМҚА-06-17
Қабылдаған: Ордабекова А.
Шымкент–2018ж
Жоспар
- Кіріспе
- 1.1Ферменттер туралы түсінік
- 1.2 Ферменттердің жалпы қасиеттері
- Негізгі бөлім
- 2.1 Кофермент туралы түсінік
- 2.2 Коферменттің түрлері
а) Коферменттің витаминді және витаминсіз түрі b) Коферменттің химиялық табиғаты бойынша жіктелуі Қорытынды
- Пайдаланыған әдебиеттер
Кіріспе
Ферменттер жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға қатысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады. Коферменттер немесе Коэнзимдер (лат. Ко - «бірге» жəне фермент) — құрамында белок жоқ органикалық қосылыстар, олар апорферментепен тығыз байланысқан. Ферменттің мықты байланысқан кофакторы - простетикалық топ. Көптеген ферменттердің активтігі үшін екі фактордың да – металл иондарының да, простетикалық топтың да (немесе коферменттердің) болуы қажет.
Ферменттер туралы түсінік
Тірі ағзалар үнемі қозғалыста және тепе-тендікте болады, яғни ағзаға сырттан қоректік заттар еніп тұрады және керексіз өнімдер сыртқа шығарылады. Бұл құбылысты зат алмасу деп атайды. Зат алмасудың қалыпты жүруін орталық жүйке жүйесі және эндокрин (ішкі секреция) бездерінің гормондары реттейді. Эндокрин бездері өз әсерін ферменттер арқылы іске асырады. Ағзаның барлы қ клеткасында бір мезгілде белгілі ретпен және өзара үйлесімді де алуан т үрлі химиялы қ реакциялар жүріп жатады. Ал ферменттер осы реакцияларды миллионда ған есе жылдамдатады. Тіршіліктің мағынасы да осында. Егер ферменттер катыспаса, ағзадағы химиялық реакциялар өте баяу да тәртіпсіз жүрер еді. Мұндай жағдайда тіршіліктің өзі де болмайды. Сондықтан да ферменттер барлық тіршілік процестерінің негізі болып табылады. Ал ферменттер әсерінің қандай болмасын бұзылуы әртүрлі жайсыз құбылыстарға душар етеді. Ферменттер деп ағзада жүретін алуан түрлі биохимиялық процестерге катализатор ретінде әсер ететін белоктік табиғаты бар қосылыстарды айтады. Фермент деген атау ғалымдарға көптеген жылдардан бері белгілі болса да, оның табиғи қасиеті соңғы жылдары ғана анықтала бастады.
Әдетте химиялық реакциялардың жүру жылдамдығын шапшаңдататын заттарды катализаторлар деп атайтыны белгілі. Ал ферменттер — өсімдіктер мен жануарлар және микроорганизмдер клеткаларынан бөлінетін белок тектес, ағзадағы биохимиялық реакцияларды сан мың есе шапшаңдататын қабілеті бар зат. Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа бөлінеді:
оксидоредуктазалар;
лиазалар;
трансферазалар;
изомеразалар;
гидролазалар;
лигазалар.
Кофермент туралы түсінік Кофферменттер (латын сөзінен «ко» бірге және ферменттер) ферменттің белокты бөлігімен әлсіз байланысқан белок емес органикалық қосылыстардан тұратын бөлігі. Бұған дегидрогеназалар мысал бола алады. Простетикалық топ деп ферменттің белокты бөлігмен берік байланысқан кофакторын айтады. Мәселен, гемоглобиндегі темірпорфирин комплексі (гем) белокпен берік байланысқан.Биохимиялық реакцияларда кофермент екі міндет атқарады: олар күрделі ферменттің активтік орталығын қалыптастыра отырып, ферментті субстрат молекуласымен түйістіреді. Сөйтіп, соңғысының катализдік өзгеруін іске асырады. Коферменттер катализдік процестің барысында электрондарды, протондары, жекелеген атомдары және олардың топтарын бір субстраттан екіншісіне тасымалдауға қатысады. Жалпы айтқанда, катализдік процесті фермент өзінің бүкіл молекуласымен жүзеге асырады. Оның белоктық бөлігі ферменттің талдаушылық (іріктеушілік) қасиетін және реакцияның жылдамдығын аңықтайды.
...