Иондық тепе-теңдiктiң ығысуы. Аттас ионның әсерi
Автор: khami.kymbat • Апрель 13, 2021 • Контрольная работа • 509 Слов (3 Страниц) • 875 Просмотры
3. Тақырыбы: Иондық тепе-теңдiктiң ығысуы. Аттас ионның әсерi
1-мысал. 0,2М 1л сiрке қышқылы ерiтiндiсiне 0,1моль натрий ацетатын құйсақ, сутек иондарының концентрациясы қанша есе кемидi? Бұндай сұйылтуда сiрке қышқылы тұзының диссоциациялану дәрежесi 80%.
Шешімі:
1) 0,1М сiрке қышқылы ерiтiндiсiндегі сутек иондары концентрациясын анықтаймыз. Сiрке қышқылы мына теңдеу бойынша диссоциацияланады:
CH3COOH = CH3COO-+H+
Әрекеттесуші массалар заңына сәйкес:
[CH3COO-]∙[H+]/[CH3COOH]=1,74·10-5[pic 1]
Сутек иондарының концентрациясын формула көмегiмен есептейдi:
[H+]=; [H+] = = 1,87·10-3 моль/л[pic 2][pic 3]
2)Н+- иондары концентрациясының натрий ацетатын құйғаннан кейiнгi мәнiн табамыз. Ерiтiндiде келесi химиялық тепе-теңдiктер орын алады:
CH3COOH = CH3COO-+H+ ( әлсiз электролит)
CH3COONa = CH3COO-+Na+ (күштi электролит)
Тепе-теңдiк күйi әрекеттесуші массалар заңы бойынша өрнектеледi:
CH3COOH = CH3COO- + H+
Kсн3соон = [CH3COO-]∙ [H+] / [ CH3COOH]
Сутек иондары концентрациясын х деп белгiлесек, диссоциацияланбаған молекулалар концентрациясы 0,2-х. СН3СОО--иондары концентрациясы екi шамадан құралады: бiрi сiрке қышқылының диссоциациялану нәтижесiнде түзiлген ацетат-иондары - х, екiншiсi қосылған тұздың диссоциациялануы әсерiнен пайда болған ацетат-иондар. Соңғысы 0,1М ерiтiндiдегi диссоциациялану дәрежесiн пайдалана отырып, есептеледі:
α = 0,1·0,80 = 0,08 моль/л
Сонымен, ацетат- иондарының тепе-теңдiк концентрациясы 0,08+х , ендеше
= 1,74·10-5 ; 0,2-х≈0,2 және 0,08+х≈0,08[pic 4]
= 1,74·10-5; х = = 4,35·10-5 моль/л[pic 5][pic 6]
Екi шаманы салыстыра отырып, тұзды қосқан кезде сутек иондары концентрациясы 43 есе азаятынын көремiз: = 43[pic 7]
2-мысал. 1л ерiтiндiде 0,1моль құмырсқа қышқылы мен 0,01моль хлорсутек қышқылы бар. Соңғысының диссоциациялануы толық деп алып, формиат иондарының концентрациясын есептеп табыңдар.
...