Гравиметриялық талдау
Автор: kqnqfinqmrzhqn • Сентябрь 16, 2020 • Контрольная работа • 809 Слов (4 Страниц) • 962 Просмотры
3-Дәріс Гравиметриялық талдау
Жоспар:
- Гравиметриялық талдау әдісінің негізі
- Тұндыру әдісі: орындау техникасы, тұнбаларға қойылатын талаптар
- Гравиметрия әдісінің қолданылуы.
Гравиметрия сандық анализдің химиялық әдістеріне жатады, қарапайым және дәл анализ әдісі болып табылады, бірақ анализді орындау ұзаққа созылады. Гравиметрияда мөлшері анықталатын компонентті таза күйінде немесе құрамы белгілі қосылыс түрінде бөліп алып массасын анықтайды. Гравиметриялық анализ әдістері екі түрге бөлінеді:
- Қосылыстардағы элементтерарасындағы сандық катынасты
- Ерітіндідегі еріген заттың мөлшерін
- Біртекті заттар қоспасындағы қандай да бір элементтің проценттік құрамын және т.б
Мысалы: азотты, калийлы, фосфорлы тыңайтқыштарда азоттың, Р2О5 , К2О проценттік құрамын анықтау.
Ауыл шаруашылығында сандық анализдың зерттейтін негізгі объектісі:
- Топырақ
- Өсімдік
- Тыңайтқыш
- Ауылшаруашылық улар
- Жем
Гравиметриялық әдіс 3 топқа бөлінеді: 1) Бөлу 2)Тұндыру 3) Айдау
Бөлу әдісінде – анықталатын компонентті бөліп алып массасын дәл өлшеуге негізделген. М-лы: қатты отындағы күлдің % құрамын анықтайды.
Айдау әдісінде анықталатын компонентті ұшқыш өнімдер түрінде буландырып, қалған қалдық бойынша массасын анықтайды. Мысалы: кальций карбонатындағы CO2 –ні анықтауда келесі сатылар орындалады:
CaCO3 + 2H+ → CO2↑ + Ca2+ + H2O
CO2 + 2NaOH → Na2CO3 + H2O
Тұндыру әдісінде – анықталатын затты ерітіндіге ауыстырады, сосын аз еритін қосылыс түрінде тұнбаға түсіреді. Тұнбаны сүзіп, мұқият жуып, кептіріп, өлшейді. Тұнбаның массасы және формуласы бойынша элементтің % құрамын анықтайды.
Осы 3 әдістің ішінде тұндыру әдісі жиі қолданылады.
ТҰНДЫРУ ӘДІСІ
Тұндыру әдісі анықталатын затты нашар еритін қосылыс түрінде тұндырып, тұнған тұнбаны сүзіп, шайып, кептіріп, оның массасын өлшеп анықтауға негізделген.
Талдауға түсетін заттың мөлшері өте көп болмауы керек, себебі тұнба мөлшері көп болады да, оны жөндеп жуу қиындап кетеді, ал егер талдауға түсетін зат аз алса, тұнба да өте аз болады, сондықтан өлшеген кезде қате кетсе, не тұнбаның аз мөлшерін жоғалтып алса, онда ақырғы нәтижеде өте көп қате болады. Сондықтан кристалды тұнба 0,5г, ал аморфты тұнба 0,1-0,3 г болатындай етіп анализге түсетін затты есептеп алу керек:
- кристалды тұнба алу үшін а = 0,5∙F;
- аморфты тұнба алу үшін a = 0,1∙F,
мұндағы а – құрғақ анықталатын заттың массасы, г; 0,5 – кристалдық тұнба, ал 0,1 – аморфты тұнба болған жағдайдағы коэффициенттер, г. F – аналитикалық (гравиметриялық) фактор.
Көптеген тұнбалар қыздыру кезінде өз құрамын өзгертетіндіктен, тұнбалардың тұндырылған және гравиметриялық (немесе өлшенетін) түрлері деп ажыратылады.
Тұнбаның тұндырылған түрі - анықталатын компонентпен тиісті реагенттің өзара әрекеттесуі кезінде тұнабаға түсетін формасын айтады.
Гравиметриялық (немесе өлшенетін) форма - талдаудың соңғы нәтижесінде өлшенетін қосылысты айтады.
...