Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гравиметриялық талдау әдісі

Автор:   •  Февраль 4, 2021  •  Лекция  •  390 Слов (2 Страниц)  •  1,240 Просмотры

Страница 1 из 2

САНДЫҚ ТАЛДАУ

Гравиметриялық талдау әдісі

Әдістің мәні

Гравиметриялық анализ заттарды таза күйінде бөліп, бөлінген заттардың массасын аналитикалық таразыда 0,0001 - 0,0002г (1- 2·10-4г) дәлдікпен дәл өлшеуге негізделген сандық анализ.

Гравиметриялық әдісте аналитикалық таразы қолданылатындықтан жасалған анықтамалардың дәлділігі жоғары болады. Әдетте жіберілетін қателік 0,005 - 0,1% аралығында болады. Гравиметриялық әдістер заттар массасының сақталу заңына (1748ж. М.В.Ломоносов), құрам тұрақтылық заңына (1808ж. Ж.Пруст) және эквивалент (1803ж. Д.Дальтон) заңдарына негізделген. Көбіне заттарды бөлу жұмыстарын тұндыру әдісі арқылы жүргізеді. Гравиметриялық анализде анықталатын компонентті үлгіден ұшқыш қосылыстар түрінде (айдау немесе ұшыру әдісі) бөлу арқылы анықтауға болады.

Гравиметриялық анықтау әдістері

Гравиметриялық анықтау әдістері 3 топқа бөлінеді:

Бөлу әдісі – анықталынатын құрам бөлікті бос күйінде бөліп алып, өлшейді немесе қалдықты өлшейді. Мысалы, қатты отын күлінің массалық үлесін табу үшін, тигельдегі отын өлшендісін тұрақты массаға дейін өртеп, қатты қыздырады, қалған қалдықты өлшейді. Күлдің және өлшендінің массасын біле отырып, күлдің массалық үлесін есептейді:

W%(күл)= m(күл)m(өлш)100%.

Ұшыру (Айдау) әдісі – aнықталатын құрам бөлікті қыздыру арқылы өлшендіден ұшырады, қалдықты өлшейді. Ұшыру әдісі бірнеше модификацияда қолданылады, тура ұшыру және жанама ұшыру:

Анықталынатын құрам бөлікті қоспадан ұшырып, түзілген затты өлшейді: анықталынатын құрам бөлікті анлизге алынған зат құрамынан ұшырып, сіңіргішке сіңіреді, сіңіргішті өлшейді, массаның қосылуы бойынша ұшырылған зат мөлшерін анықтайды;

Анықталынатын құрам бөлікті өлшенді құрамынан ұшырып, қалдықты өлшеп, массалардың айырмасы бойынша ұшырылған зат мөлшерін анықтайды.

Ұшыру

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (39.2 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club