Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Генетикалық ақпараттардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуі (репликация механизмі, репарация, транскрипция және трансляция) және осы процестер

Автор:   •  Октябрь 22, 2019  •  Реферат  •  3,333 Слов (14 Страниц)  •  1,311 Просмотры

Страница 1 из 14

«Астана Медициналық  Университетi» КеАҚ

«Эпидемиология» кафедрасы

        

           СӨЖ

Тақырыбы: Генетикалық ақпараттардың ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілуі (репликация механизмі, репарация, транскрипция және трансляция) және осы процестердің бұзылыстары

Орындаған: Айтуар А., Амангелді А.

                     Байсынқұл М., Байкатов М.

                     Дүйсенбай М., Жапан Н.

                     Зиятбек Ұ.

Факультет:  Жалпы медицина

Топ: 209

Қабылдаған: Нұрхан Б.К.

                                 Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы 2019ж.

ЖОСПАРЫ:

  1. Кіріспе

а)  Негізгі генетикалық материал ДНҚ туралы түсінік

  1. Негізгі бөлім

а)  ДНҚ репликациясы

б)  Ақуыз биосинтезі: транскрипция және трансляция

в)  ДНҚ механизмдерінің бұзылыстары жіне оның репарациялануы

       3. Қорытынды

       4. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) -тірі организмдердегі генетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау. ДНҚ-ның ерекшелігі. Бір организмнің барлық жасушарындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бірдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелді емес. ДНҚ молекуласының нуклеотидтік құрамы, құрылымы, тізбегіндегі нуклеотидтердің реттеліп орналасуы организмнің ерекше қасиетін анықтайды. ДНҚ молекуласының полинуклеотид тізбегіндегі нуклеотидтердің реті – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін генетикалық мәлімет. Полинуклеотид тізбегіндегі нуклеотидтердің реттеліп орналасуы ДНҚ молекуласының бірінші реттік құрылымы деп аталады. ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылымын 1953 ж. Уотсон мен Крик анықтады. ДНҚ құрылымының анықталуы ХХ ғасырдағы биологияның ең маңызды жаңалығы деп саналады. Уотсон мен Крик теориясы бойынша екі полинуклеотид тізбегінен құралған ДНҚ-ның молекуласы кеңістікте оң қос қабат спираль болып табылады. Қос қабат спиральдағы екі тізбектің жолдамасы – антипараллель, бір тізбектегі нуклеотидтер арасындағы байланыс 3'5'-бағыттағы қалдықтардан түзіледі, екінші тізбектегі нуклеотидтер арасындағы байланыс 5'3' бағыттағы қалдықтардан түзіледі. Екі полинуклеотидті тізбек өзара бұранда сияқты жалғасып, азоттық негіз арқылы байланысады. Гидрофобты азоттық негіздер спиральдің ішіне орналасқан, ал гидрофильді пентозды-фосфорлы қалдықтар ДНҚ молекуласының сыртқы жағына қарай бағытталған. Спиральдің бір айналымына азоттық негіздің 10 жұбы келеді. Спиральдің диаметрі 2 нм болады. Қос қабат спиральдегі азоттық негіздердің қабысуы өте ерекше. Бір тізбектегі аденинге – екінші тізбектегі тимин, ал гуанинге цитозин қарсы тұрады. Бұл – ДНҚ молекуласының құрылымының өте ерекше маңызды қасиеті. Спиральдағы азоттық негіздердің осылай орналасуы ДНҚ тізбегіндегі сәйкестік-үйлесімділік (комплементарлық) деп аталады. Қос қабат спиральді азоттық негіздердің арасындағы сутектік байланыс және гидрофобты әрекеттесулер біріктіріп ұстап тұрады. Мұнда аденин мен тиминнің арасында екі сутектік байланыс түзіледі, ал гуанин мен цитозиннің арасында үш сутектік байланыс түзіледі . Қосақтың әрқайсысында азоттық негіздердің пентозды-фосфорлы керегесімен қосатын гликозидтік байланыстарының арасындағы қашықтығы бірдей – 1,085 нм.

...

Скачать:   txt (46.7 Kb)   pdf (197.9 Kb)   docx (24.7 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club