Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алхимия. Алхимиктер, олардың еңбектері

Автор:   •  Октябрь 2, 2022  •  Реферат  •  1,290 Слов (6 Страниц)  •  358 Просмотры

Страница 1 из 6

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ)

         РЕФЕРАТ

   

Тақырыбы:  Алхимия. Алхимиктер, олардың еңбектері   

                                                                     Орындаған: Максат Е.А.

                                                     Тексерген:Жолжабекова А.Н.

                                                                                                                                       

           

                                                Алматы 2021                              

Химия өте ертеде пайда болған ғылым. Химия туралы жалпы түсініктер өте ерте замандардан бастау алады. Сонау мәдениеті өрлеген Месопатамия, Қытай, Грек кейінірек шыңдалып үлкен жетістікке жеткен кезең саналатын Араб халифатының тұсында ерекше өнер ретінде жоғары бағаланды. 

Біздің эрамызға дейінгі 3—4 мың жыл бұрын да химиялық өндіріс болған. Ертедегі Египетте түрлі кендерден таза металдар (темір, қорғасын, мыс, калайы) алуды білген, алтын, күміс қүймалар, шыны ыдыс-аяқ, түрлі бояулар, иіс су өндіре алған. Сондай-ақ, химиялық өндіріс ертедегі Месопотамия, Индия жөнс Қытайда дамыған. Химия Егапет пен гректерден VII ғасырдың ортасында арабгарға тарады. Олар химияға “ал” деген жалғау жалғап “алхимия” деп атады. Алхимия Испания арқылы Европаға таралды. Химияның осы кездегі дамуын “алхимиялық кезең” деп атайды. Бүл кезеңнің химия ғалымы үшін орасан зор пайдасы болды. Алхимияның мақсаты — кез келген затты аса бағалы затқа — алтын мен күміске—“философиялық тас” деп аталатын затты қосу арқылы айналдыру еді. Көптеген ғалымдар, сондықтан, “философиялық тасты” іздеумен шүғылдаңцы. Әркім өзінің істерін қүпияда ұстады. Олардың ойынша “философиялык тас” адам өмірін үзартуға мүмкіндік береді деп сенді. Осы кезде алхимия үш түрлі бағытта дамыды:

1) араб алхимиясы (Гебер, төжік ғалымы Авиценна — Әбу Насыр ибн Сина); 2) діни бағыт;

3) алхимияны іс жүзінде пайдалану бағыты (Парацелье, Агрикола) — дәрі-дәрмек, тауісі, металлургия үшін пайдалану.

Алхимия мен айналысатын адамдарды алхимиктер деп атайды. Алхимиктер – қолына түскеннің бәрін: топырақты, ұнтақталған кенді, жануарлардың кептірілген ішек-қарнын, қиын, ағаштардың қабығын өздерінің шыны сауыттары (колба) мен реторларына салып ұзақ араластырған. Соның бәріне әр түрлі сұйықтықтарды құйып қайнатқан. Алхимиктер белгілі бір материалдарды тазартуға, жетілдіруге және жетілдіруге тырысты. Алхимиктердің жүмысы нөтижесінде заттар алудың, тазартудың жаңа әдістері табылды, көптеген химиялық жабдықтар жасальшды. Дегенмен көптеген алхимикгер өз істерін кұпияда ұстағаңдықтан, олардың тапқан жаңалықтарын ешкім пайдалана алмады, ал кейбірі өтірік, алдау-арбау, діни уағыздармен айналысып кетті.

Адамның сынапты, темір немесе мысты күміс пен алтынға айналдыруға болады деп сенген кездері болды. Ол үшін металды ерекше зат – "қызыл арыстанмен" қосып балқытса болғаны, ол алтынға айналады деп білді. Егер басқа бір затпен, яғни "ақ арыстанмен" қосып балқытса, онда күміс шығады-мыс. "Қызыл арыстан" философия тасы деп те аталды. Ол барлық сырқатқа шипа, кәріні жасартып, тіпті адамды мәңгі жасайтын етеді деп уағыздалған.

Көптеген адамдардың, солардың ішінде ертедегі әйгілі ғалымдардың да "философия тасын" іздегеніне таңғалуға болмайды. Олар өздерін алхимиктер деп атаған. Алхимия жер бетіндегі және ғарыштағы үдерістерді, жанды және жансыз табиғатты, табиғат пен қоғамды, адам әрекеттері мен зат әрекеттерін тұтас алып қарауды білдіреді. Осылай істеумен бірге олар түрліше дуалаулар жасаған және бұл дуалаулары қисынсыз қоспаларын құпия "философия тасына" айналдырады деп сенген. Бірақ осы құдіретті тастың қандай екенін ешкім білмеген. Патшалар мен сұлтандар алхимиктер табатын байлық туралы естіген соң оларды сарайларына шақырған, қорғандары мен сарайларында оларға арнайы зертхана салдырған. Сонда олар тек қана алтын, көп алтын алып беруді талап еткен.

...

Скачать:   txt (14 Kb)   pdf (80.4 Kb)   docx (12.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club