Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушылapдың білім алғандығының дәлелдемелері (оқушы жұмыстарының фото суреттері, оқушы жұмыстарының үлгілері және оларды бағалау жөнінде

Автор:   •  Март 29, 2018  •  Творческая работа  •  2,356 Слов (10 Страниц)  •  1,473 Просмотры

Страница 1 из 10

Оқушылapдың білім алғандығының дәлелдемелері (оқушы жұмыстарының фото суреттері, оқушы жұмыстарының үлгілері және оларды бағалау жөніндегі жазбалар) қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір

рефлексивтік есеп

Мұғалімнің жазбалары

Тренердің түсіндірмелері

        Алғашқы бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімді іс-тәжірибе жүзінде қолдану мақсатында мектептегі тәжірибе кезеңінде 10 сыныпты бақылауға алдым. Сабақтар өткізуде алдыма қойған мақсатым - Қазақстан тарихы  сабағында  жеті модульді ықпалдастыра отырып, оқушылардың өз елінің тарихын оқып білу арқылы. Ұлттық қолөнер,  салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, дiни, наным-сенiмдерді, Ұлы Жібек жолының мәдениет дамуындағы алатын орнын таныта отырып, сын тұрғысынан ойлай алатын тұлға қалыптастыру және бағдарламаның жеті модулінің идеяларын өз тәжірибемде қолдану болды. Осы бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің көмегінсіз оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін  жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» (Shulman,2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады.  Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байланыста болады. Сапалы оқыту - мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.

     Мен тізбектелген сабақтар топтамамда табысты оқытуға қол жеткізу үшін Бағдарламаның жеті модулін сабағымның өн бойында қолдандым деп ойлаймын. Себебі, бағдарламаның әр модулі бір-бірімен ұштасып жататыны ақиқат.  

         Aтaп айтқанда, «Көшпелілер мәдениеті» бөліміндегі «Қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігі мен қолөнері» тақырыбын өткен бірінші  сабағымда біз топпен талқылау барысында топ ұстанымдарын бекітіп алдық. Өйткені сыныпта 11 оқушы болсада, соншалықты пікір, көзқарас болатыны белгілі. Бір-бірімен келіспей әркім өз ұстанымын жақтайтын кедергілер болды.  Міне, сондықтан да топ ішінде өзара алауыздық болмас үшін топ ережесін бекітіп алдық. Алдымен ынтымақтастық атмосферасын орнатып, оқушылармен амандасып, шаттық шеңберге тұрғызып, ыстық алақан стратегиясын қолдандым.  Яғни, ынтымақтастық оқыту барысында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге, өз пікірлерін айтуға және оны қоғауға мүмкіндік алады.    «Миға шабуыл стратегиясы» бойынша  3- топқа да үй тапсырмасын пысықтау барысында  оқушылар ХІХ ғ мен ХХ ғ өмір сүрген әншілер мен композитрлерді тотастырып, салыстырып кластерге түсіріп қорғады. Тақырыптың идеясын ашу үшін, сұрақтар қойдым. Миға шабуыл жасап тақырыпқа толығымен талдау жасалды. [pic 1]

1.Суреттеңіз. ХІХ ғ мен ХХ ғ өмір сүрген әншілер мен композитрлерді 2.Қолданыңыз. Тақырыпты әңгімелеп айтып беру

2.Саралаңыз. Әншілер мен композитрлерден қандай қызметті байқауға болады?  

3.Ойыңызбен байланыстырыңыз. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы әншілер мен композиторлар ата[pic 2]

5.Салыстырыңыз.   ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы әншілер мен композиторларда  қандай айырмашылықтары бар?

6.Талқыласыңыз немесе қарсыласыңыз. Ары қарай не болады деп ойлайсың олардың әйгілі шығармаларын ата?

Іс-тәжірибедегі бірінші күндегі сабағымда сұрақтарға толық жауап беруі мені сабаққа белсене қатысуымен қуантты

Келесі негізгі бөлімде оқушыларды түстер арқылы топқа бөлдім. Қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігі мен қолөнер мазмұнымен танысып, меңгерту үшін негізгі бөлімде «Визуалды айғақтар»  әдісін қолдандым.

Тапсырма Қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігі ертеден қазірге дейін суреттер арқылы орналастырып, оны дәлелдеп, талдау. Сары түс тобынан  Н деген оқушым,  жасыл түс  тобынан М деген оқушым, Қызыл түс тобынан А деген оқушым  шығып топпен жасаған жұмыстарын қорғады.  Оқушыларға әр түрлі сұрақтар қойылды.  Қашан? Неліктен? Деген сұрақтарға да  өте жақсы жауап берді.[pic 3]

мысылы үй жасайтын адамдарды не деп атайды? Н деген оқушым үй жасайтын адамды үйші деп атайды көбінесе үйшілер ертеде киіз үй жасаумен көп айналысқан ондай үйшілер біздің ауылда да болған.

-Алғашқы қауымдық құрлыстың үйлері неліктен осылай болған? М деген оқушым өйткені ол кезде адамның санасы да өмірде бұндай дамымаған.  

-Олар үйді жасауда нені пайдаланды? Ә деген оқушым олар үйді жасауда ағаш талдардан жасап оның үстін аң терісімен шөппен жапқан.

-Қазіргі заманғы үйлер қандай неліктен? Н деген оқушым қазіргі заман үйлері көп бөлмелі және көп қабаттыда болады. Қазір заман дамыған ауылдың да үйлерін еуропалық үлгіде де салуға болады.

-Киіз үй қашан пайда болған?  А деген оқушым киіз үй темір дәуірінен бастап пайда болған мысалы темір дәуірінде өмір сүрген. Мысалы темір дәуірінде өмір сүрген Сақ тайпаларында арба үстінде  тігілген киіз үйлері болған.

-Киіз үйдің құрлыстарын білесіңбе? деген сұраққа Д деген оқушым киіз үйдің бөліктері екіге бөлінеді бірінші ағаш бөліктері екінші киіз жабындысы тағы басқа сұрақтар арқылы Визуалды айғақтарды сөйлетуді  тапсырдым.   Сонымен қатар, «ДЖИКСО-1»  әдісі« топпен жұмыс.  Сандар арқылы  топқа бөлдім. 1,2,3.[pic 4]

1 -Жүннің түрлері, құрамы, жасалатын бұйымдар.

2 топ-Теріден жасалатын бұйымдар және оны  өңдеу. 3топ-Темір мен ағаш ұсталарының кәсіптері мен бұйымдары.  Әр топты бір жанұя деп қарадым. Бұл әдісті  оқушыларға бір рет түсіндіріп едім оқушылар қызыға тапсырманы орындап, көрші топтарға қонаққа барып, түсіндіріп, ол жақтан керекті мағлұматтар жинап өз жанұяларына келіп отырды. Оқушыларға әр түрлі сыни тұрғыдан ойланатын сұрақтар қойылды. Сұрақ жауаптары мәнді болды. Оқушылардың белсенділігін көріп өзім де еркін, көңілді болдым. Сабақтың тақырыбы жеңіл және оңай сияқты, бірақ қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігі мен қолөнер туралы оның ішінде кигіз үйдің құрлысын білмейтін оқушылар да болды. Бұл әдісті жаңа тақырыпты меңгертуде уақытты үнемдеп, оқушыларды сөйлету үшін қолдандым. Бұл тапсырмада оқушылар тіпті жан - жақты тақырыпты ашу арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Сабақта қолданылған осы әдістер оқушылардың танымдық дамуы мен жас ерекшеліктеріне сай құрылды. Сабақта қойылған сұрақтардың өзі де оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқушыларды логикалық ойлауға итермелейтіндей етіп құрылды. Танымдық даму - баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті. Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. Оқушылар берілген сұрақтарға нақты-әрі жүйелі жауаптар  айтылды. Менің бұл сабағымда оқушылардың сын тұрғысынан ойлануы өз даму деңгейіне байланысты ойы шыңдалып, кез келген мәселеге сын көзбен қарай алатынына көзім жетті. қарсы тұрған топтың тарапынан қойылған және мұғалімнің қойған сұрақтарына  толықтай жауап беру үшін оқыған мәліметті көз алдынан бір өткізіп, есіне түсіріп, жүйелі жауап беруге тырысты. Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек болады және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынына көз жеткіздім (Wolf and Alexander, 2008). Сол себепті жаңа материалды меңгерудің мақсаты мен міндеттерін айқындап алу мақсатында    бірнеше түрткі, бағыттау сұрақтарын қойдым.   [pic 5]

Осы сабақтар барысында мен үш оқушыны бақылауға алдым. Олар әртүрлі деңгейдегі оқушылар. Белсенділігі, оқу үлгерімі  жоғары А оқушым , оқу үлгерімі жақсы, белсенділіктері орташа В оқушым,   белсенділігі төмен С деңгейлі  деген оқушыларды бақылау барысында, олар жайында көптеген мағлұматтар ала алдым. Осы оқушылардың тізбектелген сабақтар топтамасында өздерін қаншалықты белсенділік танытқандарын, жайлы сезінгендіктерін анықтау мен үшін қызық болды. С оқушым осы сабақта топ басшысы қылып сайладым. Оның топ басшысы болғанда, сабаққа қызығушылық таныта бастағанын байқадым. Қол көтеріп, сұрақтарға жауап бере бастады. Топ мүшелерімен қарым-қатынасқа түсіп, оларға қарсы пікір айта бастады. С оқушым сабаққа деген қызығушылығы топ басшысы болғаннан кейін ояна бастағанын түсіндім. Ал, А оқушым  болса, әдеттегідей сабаққа белсенді қатысып отырды. Тағы бір байқағаным – А оқушым  сабақта алғырлылық танытқанымен, кей кездері жұмыс барысын зейін қойып тыңдамай, қайталап сұрайды. Ал С оқушым болса салмақты, әрбір ісін асықпай орындайды. Сөйлегенде де ойын асықпай жеткізеді. Басқалардан ерекшеленгісі келетінін де байқадым. Ал В оқушы сабақ барысында тобына көмектесіп, белсенділік танытты. Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізуі үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе. Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Оқушылар бір салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін (Нұсқаулық 72-бет). Сондықтан да мен бақылауға алған оқушыларымның дарындылық қырларын танығым келді. В оқушы барлық пәндерден үлгерімі  жақсы. Алғыр, ұтымды жауаптар айтады. Ал С оқушы – жаратылыстану – математика бағытындағы пәндерден жақсы жетістіктерге жетіп жүрген оқушы. Жалпы дарындылықты бірнеше жолмен анықтауға болады. Фриман(1998) ең үздік оқушыларды анықтаудың сенімді өлшемдерін атап көрсеткен. Олар: есте сақтау және білім, өз білімін жетілдіру, ойлау қабілетінің жылдамдығы, мәселені шешу,  икемділік, күрделілікке деген сүйіспеншілік, шоғырлану, ерте символдық белсенділік. Осы белгілерді анықтау оқу үдерісінің барысында оқушыларды мұқият бақылауға алуды талап етеді (Нұсқаулық 74-бет). Сабақ соңында рефлекция «қосу, алу, қызықты» стикер арқылы оқушылар рефлексия жасады. Оқушыларға сабақ қатты ұнады. Сабақта мен оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау арқылы тарих сабағында қызығушылықтарын арттыруға тырыстым. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Өйткені оқушылар тақырыпты  жеке, топпен талқылап пікір айтып, өз ойларын еркін жеткізе білді.

    Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданған сабақтардың нәтижесі бойынша білім сапасы да ілгерілеп, оқушының жаңа білімді қабылдауына біршама оң әсерін тигізетіні даусыз. Кез-келген топтық талқылау нәтижелері жай ғана сөзбен берілмей тұсаукесерлер (Power Point) арқылы, бейнелер мен кестелер, сызбалар қолдану арқылы берілсе сабақ анағұрлым тиімді өтіп, оқушының ойлауы мен талдауының айқын жүйесін әзірлеуге көмектеседі. Мұғалім үшінде, оқушы үшін де ақпарат пен білімге қолжетімділікте, шығармашылық пен идеялар алмасуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі ерекше. [pic 6]

 Сын тұрғысынан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға бағытталған пәндік шешім. Оқушылар жұмыс атқара отырып, талдауға, қорытындылауға, бағалауға үйренді. Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен талдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Содықтан әр сабағымды теориялық алған білімді талқылаумен бағалауға бағыттаймын. Сабақта сыни тұрғыдан ойлануды дамытуға арналған стратегиялар балаларымның өздерінің пікірлерін жеткізуге, не ойлайтындарын түсінуге көмектесті. Осы сабаққа байланысты әр түрлі пікірледі өзі қорғауға талпынып отырды.

Сабақ талдау барысында төмендегідей мәселелерді әрқашан есте сақтау керектігін байқадым.

-        Оқушының қашанда жеке тұлға екеніндігін еске сақтау;

-        Оқушыларға ойланып –толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

-        әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдап, үйрену барысында белсенді іс-әрекетін қолдау;

-        кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынның дәлелді, болуын талап ету;

-        сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал, оқушыларға байланысты

-        сенімділікпен жұмыс жасау, бар ынтасымен оқуға берілу, пікірлерді тыңдау, құрметтеу, өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет, тек сонда ғана олар:

-        мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

-        осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?

-        маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті деген сауалдар төңірегінде ойлануға үйренеді.

Аталмыш бағдарламаның құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен тәрбиелеудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Соңынан түйгенім, осындай сұрақтарды енгізген сабақ жоспарым мақсатына жетті. Алдағы жұмыс барысында балаға сұрақ қоя отырып, жауабын қалай және неліктен деген талдау жасай отырып бағалауды кеңінен қолданамын.  Бұл тәсіл оқушылардың өздері берген жауапарының дұрыс қатесін аңғаруларына мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушы өз жұмысын қалай бағаланатынын ашық түрде түсініп әрі бақылай алады. Демек, оқушылар өз жауаптарын нақтылауды, сол жауап арқылы бір-бірін бағалауды үйренді. Алдағы уақытта әр сабақ жоспарымның әр кезеңіне  әр түрлі сұрақ түрлерін енгізуді жоспарлауды мақсат етемін.

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Оқушыларды бағалау кезінде ауызша бағалау, топты бағалау парақшасы, өзін –өзі бағалаулар болды. Алғашқы сабағым болғандықтан бағалауда кедергілер болды. Мысалы топты және өзін-өзі бағалау шынай емес жоғары бағалаулар болды. [pic 7]

Ғылыми зерттеу нәтижелері дәлелдегендей, сабақта 7 модульді қолданып оқытудың маңызы зор болды. Қандай технология бойынша істесем де міндетті түрде диалогтік жұмыстарды кірістіріп отырдым. Жұптық жұмыстарда да топтық жұмыстарда да осы әдісті үнемі жүзеге асырдым. Әсіресе пікір-талас ұйымдастыруда, бетпе-бет, жылдам ақпарат алмасуда білім алу тиімді іске асып жатты. Жетекші сұрақтар арқылы оқушылар жауаптарын түзетіп отырды. Қорытынды кезінде оқушылардан толық түсінікті, жүйелі жауап беруді талап еттім.

Еңбек етіп жүрген кез келген адам еңбегінің жемісін көргісі келеді. Ал ұстаз еңбегінің адал жемісі-білімде де тәрбиелі шәкірті. «Ұстаздан шәкірт озсын» демекші, бойында барын мұғалім білім алушыға сарқа құюға тырысады. Себебі, мұғалім бағасы алдындағы шәкіртімен берілмек. Оқытылып жатқан Бағдарлама бойынша мұғалімнің алдына оқушының жан-дүниесін жақсы түсіне білу міндеттемесі қойылған. Оған бала, білім алушы деп қана қарамай, білім үрдісінің бір бөлігі ретінде назар салу қажет.

Соңынан түйгенім, әр түрлі жұмыстарды енгізген сабақ жоспарым мақсатына жетті. Алдағы жұмыс барысында балаға сұрақ қоя отырып, жауабын қалай және неліктен деген талдау жасай отырып бағалауды кеңінен қолданамын.  Бұл тәсіл оқушылардың өздері берген жауапарының дұрыс қатесін аңғаруларына мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқушы өз жұмысын қалай бағаланатынын ашық түрде түсініп әрі бақылай алады. Демек, оқушылар өз жауаптарын нақтылауды, сол жауап арқылы бір-бірін бағалауды үйренді. Алдағы уақытта әр сабақ жоспарымның әр кезеңіне  әр түрлі сұрақ түрлерін енгізуді жоспарлауды мақсат етемін.

Әр оқушыны шыныдан көргендей барлық жан-дүниесімен мұғалім көре алуы басты дүние. Білім беру барысында оқушының өзіне де жауапкершілік жүктелуі табысқа әкеледі. Сыныпта жүргізілген кез келген сабақ түрлерінде оқушы бөлседі рөл атқарады. Балалар сабаққа барынша қатысып, өздерінің болжамдары мен сұрақтарын қарастырады, ойын жеткізеді, мақсат қояды, өзін-өзі қадағалайды. Осылайша білім беру үрдісінің белді мүшесіне айналып шыға келеді.

        Пайдаланған әдебиеттер:

...

Скачать:   txt (28.9 Kb)   pdf (769.9 Kb)   docx (882.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club