Термиялық өңдеу
Автор: 11091989 • Декабрь 14, 2018 • Реферат • 336 Слов (2 Страниц) • 1,302 Просмотры
Термиялық өңдеу деп металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды жылумен әсер ету арқылы олардың құрылымы мен қасиеттерін белгілі бағытта өзгерту мақсатындағы өңдеу процесін айтады. Бұл түрі өңдеудің, химиялық, деформациялық, магниттік және басқа да әсерлермен қоса жүргізіледі.
Термиялық өңдеу – қазіргі заман техникасында металдар мен қорытпалардың қасиеттерін өзгертуде ең көп тараған әдіс болып табылады. Металлургиялық және машина жасау зауыттарында термиялық өңдеу жартылай өнімдер мен машина бөлшектерін жасау технологиялық процесінің маңызды бір буыны болып есептелінеді. Термиялық өңдеу кей жағдайда технологиялық қасиеттерді жақсартатын арадағы операция немесе бұйымға қалыпты жұмыс істеуге керекті қасиеттерді беретін соңғы операция ретінде қолданылады. Болат маркасы: 20Х2Н4А.
Алмастырғыштары: 20ХГНР, 15ХН2ТА, 20ХГНТР.
Топтастыру: легірленген конструкционды болат.
Тағайындалуы: біліктердің, білік-қырықаяқтардың, тістерегіш және басқада цементтелетін беріктігі жоғары бөлшектер.
МЕСТ 4543 – 71бойынша 20Х2Н4А химиялық құрамы, %:
C | Si | Mn | Ni | S | P | Cr | Cu |
0.16- 0.22 | 0.17- 0.37 | 0.3 - 0.6 | 3.25- 3.65 | 0.025 дейін | 0.025 дейін | 1.25- 1.65 | 0.3 дейін |
Термиялық өңдеуі:
Термиялық өңдеу түрі | Қолданылуы |
Қалыптандыру | Арқалық-кран Q=1m, Ц-105А шахталық пеш, СШЦМ6. 16,5/И9; қыздыру температурасы 860-880 0С, қыздыру және ұстау уақыты 2-2,5 сағат. Суыту ауада |
Босату | Арқалық-кран Q=1m, Ц-105А шахталық пеш, СШЦМ6. 16,5/И9; қыздыру температурасы 640-660 0С, қыздыру және ұстау уақыты 2 сағат. Суыту ауада. |
Газдық цементация | Арқалық-кран Q=1m, Ц-105А шахталық пеш, СШЦМ6. 16,5/И9; Цементация температурасы 860-880 0С; қыздыру және ұстау уақыты 14 сағат. Ауада суыту. |
Қалыптандыру | Арқалық-кран Q=1m, Ц-105А шахталық пеш, СШЦМ6. 16,5/И9; қыздыру температурасы 860-880 0С, қыздыру және ұстау уақыты 2-2,5 сағат. Суыту ауада |
Шынықтыру | Арқалық-кран Q=1m, Ц-105А шахталық пеш, СШЦМ6. 16,5/И9; қыздыру температурасы 800 0С, қыздыру және ұстау уақыты 2-2,2 сағат. Майда суыту. |
Босату | Арқалық-кран Q=1m, Ц-105А шахталық пеш, СШЦМ6. 16,5/И9; қыздыру температурасы 180-200 0С, қыздыру және ұстау уақыты 4-4,5 сағат. Ауада суыту. Қаттылықты бақылау HRCэ 57.....63 |
ОТК бақылау | Арқалық-кран Q=1m; Қаттылықты бақылау HRCэ 57.....63 |
...