Медициналық биофизиканың заманауи әдістемелері мен әдістері
Автор: shaida maksatova • Январь 28, 2020 • Эссе • 339 Слов (2 Страниц) • 1,132 Просмотры
Эссе
Медициналық биофизиканың заманауи әдістемелері мен әдістері
Бізді қоршаған орта бір-бірімен тығыз байланысты жүйені құрайды.Бұл жүйе тоқтаусыз айналымдағы,әрі қандай да бір қызмет атқаруға негізделген құрамбөліктерден тұрады.Атап өткен бөліктер табиғатта жалпы материя деген атауға ие,яғни біздің санамыз бен түсінігіміз арқылы ғана танылатын объективті шындық болып табылады.
Материялар арасындағы байланыс қозғалыс арқылы жүзеге асады.Себебі,қандай да бір іс-әрекет не нәтижелі жұмыс материяның өз қалпын өзгертуіне алып келеді.Осыған сәйкес, «қозғалыссыз өмір жоқ» деп айтуға болады.
Бізді қоршаған ортадағы жалпы қозғалыстар шартты түрде 4 түрге бөлінеді:физикалық ,химиялық ,биологиялық және әлеуметтік.Бұл бөлінулер әрбір бөлімге жеке тоқталуға,сол бөлімді толық зерттеп-тануға мүмкіндік береді .Себебі,олардың адам ағзасына алып келетін әсері әрқилы.
Аталған ғылымдардың бірі-биология,тіршілік туралы ғылым,соның ішінде медицина саласы адам организмін зерттеудегі басты сала.Соған сәйкес,адам ағзасындағы айналымдар медицинаның негізін құрайды.Ағзадағы әрбір әрекет (сөйлеу,шайнау,отыру,жүру,көру,т.б.) медицина ережелеріне бағынышты.Сондықтан, ауру адамға көмек көрсету және кейбір аурудың алдын алу үшін адам,ең алдымен,медицина бойынша білім алуы керек.Дегенмен,қазіргі заманауи емдеу тәсілдері тек емшөп не антибиотиктерді қолданып қана қоймай,физикалық жолмен де емді бастауға негізделген.
Физика-әлемдегі барлық физикалық қозғалыстарды зерттейтін ғылым.Оның биофизика бөлімі физиканың биология ғылымымен тығыз байланысқан жаңа бөлімі.Биофизика ,жалпы физикадағы тәрізді,дүниені ғылыми тұрғыдан тануға бағытталған бақылау,тұжырым,тәжірибелерден тұрады және физика заңдарына негізделеді.Айырмашылығы адам денесінің механикалық құбылыстарын және ішкі мүшелердегі ішкі құбылыстарды сипаттайтынында.
Адам ағзасын биофизикалық зерттеуден өткізу қазірде қарқынды даму үстінде. Оның басты бағыты - медициналық құралдар жасау арқылы жаңа диагностика түрлерін енгізу.Мысалы,қарапайым дене температурасын өлшеу құралы-термометр сынаптың жылудан ұлғаюына негізделген.Ол арқылы дене температурасы өлшенеді.Осыған ұқсас медицинаның басқа да бөлімдерінде биофизикалық құралдар арқылы жаңа диагностика әдістері пайда болуда.Мысалы,мидың патологиясының ультрадыбыстық диагностикасы – эхоэнцефалография,жүректің жұмысының диагностикасы-электрокардиография,медициналық микроскопия,сот медицинасы,гигиенада қолданылатын спектрлік сараптама әдісі және т.б. Тіпті физикадағы қарапайым ядро мен атом бөлшекерінің зерттеу жұмыстары «рентгенодиагностика» және «таңбаланған атомдар» деп аталатын жаңа диагностикалық әдістердің негізі болды.
...