«Көптілділікке білім берудің жаңа курсы» диалогтық алаңы атты қалалық семинары
Автор: kgk_1969 • Февраль 1, 2019 • Лекция • 326 Слов (2 Страниц) • 728 Просмотры
Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-де «Көптілділікке білім берудің жаңа курсы» диалогтық алаңы атты қалалық семинары 30 қаңтар 2019 жылы өткізілді
Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Н.Т.Капчикова және қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Бағдарламаға сәйкес ұйымдастыру бөлімі, практикалық бөлім және қорытынды бөлімдері кезегімен жүргізілді. Ұйымдастыру кезеңінде мектеп директоры Ж.А.Шаянбаева алғы сөз сөйледі және мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Калимолдина «Үш тілде білім берудің маңыздылығы" атты баяндама оқыды
Одан кейін келген қонақтар ашық сабақтарға қатысып тәжірибе алмасты. Семинар барысында 9-сынып Информатика пәнінен «For loop» атты тақырыпта жоғарғы санатты информатика пәні мұғалімі Абсеитова Г.Ж., 7-сынып Физика пәнінен «Гидравликалық машиналар, практикалық жұмыс сапалық және сандық есептер шығару» атты тақырыпта педагог –модератор Иляшова Н.Т., 8-сынып Информатика пәнінен «Шартты оператор» атты тақырыпта бірінші санатты информатика пәні мұғалімі Нашинова Ж.К. сабақтар жүргізді.
«Көптілділік-жаңа заманда білім берудің басым бағытының бірі» атты коучингті екінші санатты информатика пәні мұғалімі Бажыкова А.М. жүргізді.
Семинар соңында қонақтар жүргізілген жұмыстарға кері байланыстар берді. Өткізілген жұмыстардың тиімді, шынайы болғандығын, алдағы уақытта өз жұмыстарынан көрініс табатындарын айтып, бір-біріне келешек жұмыстарына шығармашылық табыс тілеп, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.
[pic 1] [pic 2]
[pic 3] [pic 4]
[pic 5] [pic 6]
[pic 7] [pic 8] [pic 9] [pic 10]
[pic 11] [pic 12] [pic 13] [pic 14] [pic 15]
...