Контрольная работа по "Физике"
Автор: Malik Koney • Декабрь 4, 2022 • Контрольная работа • 21,611 Слов (87 Страниц) • 186 Просмотры
1. ШЕКТІ РҰҚСАТ НОРМАТИВТЕРІ
ШРК – адам ағзасында ұзақ уақыт аралығында адам денсаулығына күнделікті әсері кезінде ешқандай патологиялық өзгеріске әкелмейтін химиялық қосылыстар концентрациясының нормативі, сонымен бірге бұл адам үшін биологиялық оптимумды бұзбайды. Осылайша, зиянды деп ШРК деңгейінен асатын әсерді айтады, ал зиянды қалдық – ШРК деңгейінен асатын кез-келген заттың қалдығы.
ПДКРЗ – жұмыс зонасы ауасындағы зиянды заттардың шекті рұқсат концентрациясы, мг/м3.
ПДКМР – тұрғын орындардағы ауаның зиянды заттардың шекті рұқсат концентрациясы, мг/м3.
ПДКСС – орташа тәуліктік шекті рұқсат концентрация (яғни, күнделікті демалу кезінде адамға тікелей әсері жоқ ауаны ластаушы концентрация), мг/м3.
ПДКВ – судағы зиянды заттардың шекті рұқсат концентрациясы, мг/м3. Көптеген өазіргі заманғы электростанциялар басқа өндіріс орындары тудыратын фондық ластану шартында жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл кезде атмосфералық ауаны фондық ластау қарастырылатын кәсіпорынның қалдығын есепке алмайды. Сондықтан нақты қалдық көзін анықтау кезінде әр ингредиент бойынша фондық ластауды есепке алу керек.
2.
[pic 1][pic 2]
3. ҚАТТЫ ЗАТТАРДЫҢ АТМОСФЕРАҒА ТАРАЛУЫ
ЖЭС негізгі қатты шығарулары күйе, күл және қож болып табылады. Қоршаған ортаның басты ластаушысы болатын күлдің қалыптасу жағдайын қарастырайық.
Қатты отынды жағу процесіндегі микроэлементтердің жағдайы отынды жағу тәсіліне, осы процестің тұрақтылығына және процестің өту жағдайына байланысты. Себебі, микроэлементтер осы жағдайларға байланысты. Сол себепті ұсақ аэрозолды бөлшектердің атмосфераға шығарылуын азайту үшін, қайнату камерасындағы температура көлемін азайту керек.
Ұшатын күйелердің анализ нәтижесі, марганец, барий, ванадий, никель, мыс, мышьяк, күкірт үлкен көлемде, алюминий, магний, натрий, молибден, цезий айдалады.
Оттықта көмірді жағу кезінде, күлұстағыш қондырғы арқылы өтетін бөлшектерді айдау аэрозольды бөлшектердің улануына алып келеді. Хром, ванадий, мыс, бор и никель әрқашанда ұшпа күлдің жіңішке фракцияларында концентрацияланады.
Төмен температурада жану кезінде микроэлементтердің бір бөлігі қатты фазамен ұсталады.
Күл – температура 800 °С кезінде оттегінің қатысуымен отынның тұрақты массасына дейін тескен кезде пайда болатын қалдық.
Барлық күлдің бастапқы фазасы болып 60% және одан жоғары әйнек SiO2 болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты. Заңнамалық негізі
Экологиялық саясат – мемлекет пен қоғамның нақты экологиялық мақсаты мен міндеттерін орындауға бағытталған шаралардың анықталған құқықтық статусы бар ресми құжат түрінде ресімделген өзара байланысты жүйесі. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң 1991 жылы КазССР шықты. 1994 жылы – реформаларды тереңдету мен экономикалық дағдарыстан шығу бойынша үкімет әрекет ету бағдарламасы шықты.
1996 жылдың 30 сәуірінде ҚР қауіпсіздік кеңесі ҚР экологиялық қауіпсіздігі концепциясын қабылдады – ішкі және сыртқы экологиялық саясат, құқықтық және экологиялық механизмдер қалыптасатын, сонымен қатар жайлы орта мен тұрақты экономикалық даму қамтамасыз етілетін әрекеттердің басымдылық пен қағидалар жүйесі. Заңнамалық жағынан бұл «ҚР халықтық қауіпсіздігі» Заңымен бекітіледі 1998ж: 21 бап «экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету».
Мемлекеттік органдар, мекемелер, лауазымды тұлғалар мен қарапайым азаматтардың міндеттері:
қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау;
қазақстанға экологиялық қауіпті технологиялар, заттар мен материалдардың бақылаусыз енгізуді болдырмау;
ел территориясындағы радиоактив химиялық ластану, бактериологиялық ластануды болдырмау;
экологиялық қауіпті және жетілмеген технологияларды қолдану масштабтарын кеміту;
шаруашылық және өзге әрекеттің жағымсыз экологиялық зардаптарын жою.
2003 жылдың 3 желтоқсанында ҚР №1241 жарлығымен ҚР 2004-2015 жж. арналған экологиялық қауіпсіздік концепциясы бекітілді.
...