Иондаушы сәулелер көздері және сипаттамасы Адамдардың сәуле қабылдауының қазіргі денгейі
Автор: 77753716782 • Июль 9, 2023 • Реферат • 4,312 Слов (18 Страниц) • 178 Просмотры
Ф КГМУ 4/3-01/02
ИП №6 УМС при КазГМА
от 14 июня 2007 г.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Тағам гигиенасы, жалпы гигиена және экология кафедрасы (жалпы гигиена және экология)
Дәріс
Тақырып: «Иондаушы сәулелер көздері және сипаттамасы Адамдардың сәуле қабылдауының қазіргі денгейі»
Пән: «Радиациялық гигиена»
Мамандығы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау».
Курс 4
Уақыты (ұзақтығы): 1 сағат
Қарағанды 2012ж.
Жалпы гигиена, экология курсының
отырысында талқыланды және бекітілді
Хаттама № _____ от ____ __________ 2012ж.
Жалпы гигиена, экологияға жауапты _______ Калишев М.Г.
- Тақырып: Иондаушы сәулелер көздері және сипаттамасы Адамдардың сәуле қабылдауының қазіргі денгейі.
- Мақсаты: студенттерге ашық иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс жасау барысында қызметкерлерді радиациялық қорғау қағидалары және әдістері туралы мағлұмат беру.
- Дәріс жоспары:
1. Ашық иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс кезіндегі сәулелердің әсер ету ерекшеліктері
2. Ашық иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс кезіндегі қорғану қағидалары.
1. Ашық иондаушы сәулелер көздерімен жұмыс кезіндегі сәулелердің әсер ету ерекшеліктері
Ашық көздермен жұмыс кезінде сыртқы сәулелену ғана емес, сонымен қатар ішкі сәулеленуде мүмкін. Ішкі сәулелену дегеніміз – сәулелену көзі ағза ішіне (дем алғанда, жұтқанда, жарақаттанған тері қабаты арқылы) түскенде болатын сәулелену.
Радионуклидтердің бірдей мөлшері болса да сыртқы сәулеленуге қарағанда ішкі сәулеленудің қауіпті екендігін көрсететін бірқатар ерекшеліктер болады:
- Біріншіден, ағза тіндерінің сәулелену уақыты қатты жоғарылайды. Дозасы радиациялық әсер ету аймағында болу уақытымен анықталатын сыртқы сәулеленумен салыстырғанда, ішкі сәулелену кезінде сәуле қабылдау уақыты радиобелсенді заттың ағзада болу уақытымен сәйкес келеді. Стронций-90, радий-226 және плутоний-239 сияқты қауіпті ұзақ мерзім «өмір сүретін» РН ағзадан шығару мүмкін емес, сондықтан сәулелену өмір бойы жүреді.
- Екіншіден, сәулеленетін тінге дейінгі қашықтықтың аздығынан ішкі сәулелену дозасы жоғарылайды (жанасу сәулеленуі деп аталады) және максимумын құрайды.
- Үшіншіден, организмге РЗ енгізу терінің мүйізді қабатымен альфа-бөлшектердің сіңірілуінің болдырмауы альфа-белсенді заттарды неғұрлым қауіптілер қатарына ауыстырады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген аса қауіпті ұзақ өмір сүретін 3 РН-тің екеуі альфа-сәулелендіргіш болып табылады. Яғни, ішкі сәулеленуде жоғары өтімді РЗ-ға қарағанда, аз өтімді ИСК биологиялық қауіптілігі жоғары, өйткені олар тығыз сәулеленуші болып табылады.
- Төртіншіден, РЗ-ң (кейбір жағдайларды ескермегенде) ағза тіндерінде біркелкі таралмайды, жекелеген мүшелерге таңдап жинақталады, сөйтіп, олардың сәулеленуін одан сайын арттырады. Сәулеленудің үлкен дозаларының патологиялық әсері көп жағдайда РН орналасу орнына байланысты болып келеді. Мысалы, радийдің басты қауіптілігі оның сүйектерде жиналуында және альфа-бөлшектерді сәулелендіруінде, күшті иондауды туындатып сүйек тіндерін зақымдайды және сүйек кемігінің қан жасау клеткаларын зақымдайды. Сондықтан, қан аурулары және қатерлі ісіктердің туындауына себеп болады.
- Бесіншіден, ішкі сәулелену жағдайында сыртқы сәулеленуде қолданылатын қорғаныс тәсілдерін пайдалану мүмкіншіліктерінен айырыламыз (экрандау және сәулелену алаңында болу уақытын қысқарту). Инкорпорацияланған РБЗ болған ішкі асқын сәулеленуден жалғыз және тиімділігі төмен қорғаныс құралы – организмдегі зат алмасу процестерінің биохимиялық ынталандырушысы (стимуляторы) немесе комплекс түзушылер. Олар бұл РБЗ организмнен шығу жылдамдығы жоғары формаға байланыстырады.
Сыртқы сәулелену сияқты ішкі сәулелену үшін де шектеліп рұқсат етілген дозаның сандық мәні ауқымды эксперименттік мәліметтер мен адамдардың радиациялық зақымдануларын талдау негізінде белгінеді..
РН радиотоксиндігі және радиациялық қауіптілігі дәрежесін бірқатар параметрлер анықтайды:
1. радиобелсенді түрлену түрі, сәулелену түрі;
2. радиобелсенді ыдырау схемасы;
...