Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алдыңғы басқарылатын белдік

Автор:   •  Февраль 14, 2024  •  Реферат  •  534 Слов (3 Страниц)  •  117 Просмотры

Страница 1 из 3

Алдыңғы басқарылатын белдік

        Белдіктер басқарылатын, жетекші, құрамдастырылған, ұстап тұрушы болып келеді.  Жетекші белдікке бұраушы момент беріледі.

 Алдыңғы басқарылатын белдік жетектегі басқарылатын доңғалақтары бар көлденең арқалықтан тұрады, доңғалақтарға бұраушы момент берілмейді. Бұл белдік автокөліктің көтеріп жүру жүйесін ұстап тұру және оның бұрылуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Жетекші және сонымен бірге басқарылатын белдік құрамдастырылған деп аталады.

Ұстап тұрушы белдік түзу арқалық түрінде болады, оның екі жақ шетіне ұстап тұрушы доңғалақтар орнатылған. Басқарылатын доңғалақтар асқышының түріне байланысты автокөліктердің алдыңғы белдіктері кесілмеген (басқарылатын доңғалақтар белдік арқалығымен тікелей байланысты) және кесілген (басқарылатын доңғалақтар белдік арқалығымен асқыш арқылы жалғасқан) болып келеді.

[pic 1]

226 сурет

Алдыңғы басқарылатын белдіктер: а-кесілмеген; б-кесілген; 1-доңғалақ;

2-шет мойын; 3- кіндік темір; 4-арқалық; 5-рессора; 6-тіреу; 7-асқыш;

        Алдыңғы кесілмеген белдік (а) қимасы қоставр, соғылған болат арқалықтан (4) жасалады.

       Арқалықтың екі шетіндегі  құймаларға кіндік темірлер (3) бекітілген, ал олардың сыртқы шеттеріне бұрылатын шет  мойындар (2) топсалы бекітілген. Шет мойындар өзінің кіндік темірлерінде айналып тұра алады. Шет мойындарға мойынтіректермен бірге доңғалақтар (1) орнатылады, яғни доңғалақтар шет мойындарымен бірге кіндік темірде айналып тұрады да,  автокөліктің бұрылуын қамтамасыз етеді. Белдік арқалығының қаңқа түреуімен байланысын рессора қамтамасыз  (5) етеді.  

        Алдыңғы кесілген белдіктің (б) кесілмеген (а) белдіктен ерекшелігі белдіктің көлденең арқалығы (4) басқарылатын доңғалақтармен тәуелсіз асқыш арқылы (7) байланысқан.  Белдік арқалығы автокөліктің қозғалтқыш арқалығына бекітіледі.

 Басқарылатын доңғалақтар бұрылатын шет мойындарда мойынтіректерімен орнатылған күпшектермен тіреуге (6) бекітілген кіндік темірде айналып тұрады немесе тіреулермен бірге (кіндік темірсіз асқыш) айналып тұрады.

[pic 2]

227 сурет

Жүк автокөлігінің алдыңғы белдігі: 1- доңғалақ;  2- тежеу атанағы; 3- күпшек;

...

Скачать:   txt (7 Kb)   pdf (737 Kb)   docx (745.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club