Трикотаж бұйымның өлшемін алу және типтік лекалолардың құрылуы
Автор: aisulu2001m • Октябрь 4, 2022 • Контрольная работа • 3,230 Слов (13 Страниц) • 199 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Текстиль өндірісінің технологиясы» кафедрасы
TK TBKKMN 4308 - «Трикотаж бұйымдарын құрастыру және көркемдік модельдеу негіздері»
пәні бойынша
5В073300–Текстиль материалдарының технологиясы және жобалануы
мамандығы үшін
ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАР
№1,2 Тәжірибелік жұмыс
Трикотаж бұйымның өлшемін алу және типтік лекалолардың құрылуы
Жұмыстың мақсаты
Трикотаж бұйымның өлшемін алу және типтік лекалолардың негізгі схемасын тұрғызудағы тәжірибесін қалыптастыру
Қысқаша мәлімет
Жалпы киімдерді жобалағанда адам фигурасы - бұл нөлдік нүкте болып саналады. Сонымен қатар жобалаушы адам фигурасы мен бұйым арасындағы байланыст және объект ретінде қарастыру қажет. Дененің анатомиялық және пластикалық ерекшелігі бұйымның пластикалық және құрастырушылық формасын симметриялық, вертикальды және горизонтальды, пропорция және т.б. ерекшеліктерін қарастырады.
Адам фигурасының ең басты ерекшелігі ретінде бойы, өлшемі, денеқұрылысы және пропорциясы болып табылады.
Өлшем белгілері және мағынасы.
Кесте 1
Өлшем белгілер, белгіленуі | Өлшем белгінің аталуы |
Т1 | Бой ұзындығы |
Т4 | Мойынның 7-ші нүктесінің биіктігі |
Т7 | Бел сызығының биіктігі |
Т8 | Жанбас сүйек нүктесінің биіктігі |
Т9 | Тізе нүктесінің биіктігі |
Т12 | Құйрық асты биіктігі |
Т13 | Мойын айналымы |
Т14 | Бірінші кеуде айналымы |
Т15 | Екінші кеуде айналымы |
Т16 | Үшінші кеуде айналымы |
Т18 | Бел айналымы |
Т19 | Іштің қатысуымен бөксе айналымы |
Т21 | Сан айналымы |
Т22 | Тізе айналымы |
Т25 | Белден жан сызығының еденге дейінгі ұзындығы |
Т26 | Белден алдыңғы сызығынан еденге дейінгі ұзындығы |
Т27 | Аяқтың ішкі ұзындығы |
Т29 | Білезік айналамы |
Т32 | Мойын негіз нүктесінен шынтақ нүктеге дейін ұзындығы |
Т33 | Мойын негіз нүктесінен білезік айналым сызығына дейінгі ұзындығы |
Т34 | Мойын 7-ші нүктесінен алдыңғы бірінші кеуде айналым сызығына дейінгі ұзындығы |
Т35 | Кеуде ұзындығы |
Т36 | бел ұзындығы алдынан |
Т38 | Иық сүйегінің жоғарғы нүктесінен доға |
Т39 | Мойын 7-ші нүктесінің жаурын қатысуымен есептегенде 1-ші кеуде айналым сызығына дейінгі ұзындығы |
Т40 | Арқадан белге дейінгі жаурын есептегендегі ұзындық |
Т44 | Мойын негізі нүктесінен дененің жөғарғы бөлігінің доғасы |
Т45 | Кеуде ені |
Т46 | Көкірек нүктесінің арақашықтығы |
Т47 | Арқа ені |
Т48 | Бас айналымы |
Т51 | өкше айналымы |
Т57 | Қолдың алдыңғы артқы ара қашықтығы |
[pic 1]
[pic 2]
[pic 3]
[pic 4]
[pic 5]
Жұмысты орындаудың әдістемесі
Трикотаж бұйымының өлшемін алу үшін мынадай құрал-жабдықтар аспаптар қажет: 1) ине; 2) бөлімдері бар сызғыш; З) қайшылар; 4) сызба құралдары; 5) сызба қағазы; 6) өлшегіш лента; 7) бұрышты өлеу үшін транспортир.
- Кестеге сәйкес қажетті фигураның өлшемдерін түсіріп алу қажет.
Ескерту: өлшегенде, фигураны жасанды өзгертпеу (мысалы, ішті тарту ждәне т.б.) қажет. Жартылай дайын бұйымды өлшеу кезінде өзгеруі мүмкін.
Негізгі ереже: көйлек, жейде, жәкет, пальто үшін - кеуде айналымының көрсеткішін, ал белдемше мен шалбар үшін - бөксе айналымын көрсеткішін алады.
...