Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Технология производства спирта

Автор:   •  Апрель 15, 2019  •  Реферат  •  4,764 Слов (20 Страниц)  •  923 Просмотры

Страница 1 из 20

Жоспар

  1. Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
  • Этил спирті өндірісі;
  • Аралық өнімдер өндірісі;
  • Негізгі өндіріс;
  • Қосымша өндіріс;
  1. Спирт технологиясы ;
  • Технохимиялық бақылау;
  1. Экономикалық бөлім;
  2.  Қауіпсіздік және санитарлық ережелері;
  3. Қоршаған ортаны қорғау;
  4. Цехтар мен тораптарға арналған негізгі технологиялық жабдықтардың тізімі;
  5. Өндірістін технохимиялық бақылауы;
  6. Негізгі шикізат пен қосалқы материалдардың нормативтік және нақты тұтынуы туралы ақпарат;
  7. Қорытынды;
  8.  Қолданылған әдебиет тізімі.

1.Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы

1886 жылы София кентінде саудагер Пугасов алғашқы спирт зауытын салды, онда қарашадан бастап көктемге дейін 15-21 адам жұмыс істеді. 1918 жылы спирт зауыт ұлттандырылды, сол кезде ол 40 000 декалитр спирт өндірді және онда 70 адамға дейін жұмыс істеді.

1936 жылы зауыт жаңартылып, қуаттылығын 4 есеге арттырды, ал қызметкерлердің саны 240 адамға дейін өсті. Соғыс жылдарында зауыт өнімдері майданның мұқтаждықтарына жіберілді, сол себепті жұмыскерлерге Мемлекеттік қорғаныс комитетінің Туымен марапатталды.

1954 жылы спирт зауытының түбегейлі қалпына келтіруі жүргізілді, нәтижесінде жылына 400 мың декалитр шығарылды. 1968 жылы зауытта көміртегі диоксиді мен құрғақ мұзды өндіруді игерді.

Қазіргі уақытта Талғар спирт зауыты қаланың гүлденген және толық қуатында жұмыс істейтін кәсіпорындарының бірі болып табылады. Зауыт қоспалардың аздығымен қамтамасыз етіп, жоғары сапалы спиртті өндіреді. Кеңестік дәуірде өнімдердің көпшілігі дәріханалар мен медициналық мекемелерге барды. Талғар спиртінің негізіндегі Алма-Ата зауыты арақ сорттарының элиталық түрлерін жасады. Қазіргі уақытта өнімнің көп бөлігі жергілікті шарап зауыттарына жеткізіледі.

Талғар спирт зауыты Талғар қаласының аумағындағы Бесағаш өзенінде орналасқан. 128 жыл бойы зауыт дәнді дақылдардағы крахмалды шикізатты гидролиздеу арқылы этил спиртін алудың классикалық технологиясы бойынша жұмыс жасайды. Спирт өнімі үшін ең құнды дақылдар - қара бидай, бидай, жүгері. Бұл технологиядан алынған спирт таза өнім болып табылады, ал крахмалды гидролиздеу үшін, тары мен арпа уытынан алынған ферменттер қолданылады.

Зауыттың тәуліктік қуаты - 2 678 дал. Спиртке қосымша аралық өнімдер: эфир-альдегид фракциясы және сивуш майы, сондай-ақ бард және көміртегі диоксиді алынады.

ЭТИЛ СПИРТІ ӨНДІРІСІ

Этил спирті – өзіне тән иісі бар, гипертоксинді (өсімді к және жануарлар тіндері ауасынан ауаны қарқынды сіңіреді) өткір дәмді түссіз жанғыш сұйықтық болып табылады. Спирт кез келген үлесте сумен,ғ эфирмен, глицеринмен, жанармаймен және басқа органикалық еріткіштермен араласады. Этил спирті мен оның концентратталған ерітінділері жақсы тұтанады және ысталмай ашық көгілдір түсті алау шығарып жанады.

«Талғар спирт» ЖШС спирт өндірісіне табиғи шикізат – астық дақылдарын (бидай, қарабидай, жүгері) және уыт (арпа және тары) пайдаланады. Олардың көмегімен ректификацияланған тағамдық этил спиртінің «Жоғары тазаланған», «Экстра», «Люкс» түрлері алынады. Дәм сапасы бойынша біздің спирт Қазақстандағы да, шетелдегі де баламаларынан да басым. Бұл үшін ол Санкт-Петербургте, Мәскеу, Сочи, Астана қалаларында өткен Халықаралық көрмелерде бірнеше мәрте алтын медальдермен марапатталған. Бүгінгі күні біздің спирттің негізгі тұтынушылары – элитті арақтар мен күшті алкогольдік сусындар шығаратын медициналық және фармацевттік мекемелер, ликер-арақ зауыттары.

АРАЛЫҚ ӨНІМДЕР ӨНДІРІСІ

Эфирлер (эфироальдегидті фракция ) – басты қоспалардың спирттік ерітіндісі болып табылады. Бұл күштілігі кемінде 92% көл. түссіз, мөлдір немесе сарғыш (жасыл) реңді сұйықтық негізінен этил спиртінен (35% артық) тұрады. Құрамында сондай-ақ эфирлер, метил спирті және аз мөлшерде органикалық қышқылдар бар. Эфиральдегидті фракция техникалық спирттің алынуымен айдалып, кейіннен химия өнеркәсібінде пайдаланылады. Мұнымен қоса, эфирлер лак-бояу өндірісі мен фармакологияда пайдаланылады.

Сивуш майы – этил спиртінің жоғары спирттері мен судан тұратын спирт ашығанда түзілетін жанама өнім. Сивуш майының құрамына көп атымды спирттер ең алдымен, амил, изоамил , бутил, пропил,изопропил спирттері, сонымен қатар күрделі эфирлер кіреді. Сивуш майы шикізат-спирттен бірнеше мәрте айдау-ректификациялау жолымен бөлініп алынады. Сивуш майы бірқатар өнеркәсіп саласы үшін құнды шикізат болып табылады. Ол парфюмерияжа және былғары өндірісінде пайдаланылады.

...

Скачать:   txt (72.6 Kb)   pdf (265.6 Kb)   docx (59 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club