Сыдыра жыртқыштар
Автор: Albina_61 • Март 21, 2019 • Реферат • 281 Слов (2 Страниц) • 1,998 Просмотры
Сыдыра жыртқыштар дискілі және түренді. Дискілі де, түренді де сыдыра жыртқыштар аспалы, жартылай аспалы және тіркемелі болуы мүмкін. Ең көп таралған сыдыра жыртқыштарға ЛДГ-5, ЛДГ-10 , ППЛ-10-25 жатады.
Сыдыра жыртқыштардың маркасы былай оқылады : Л- сыдыра жыртқыш, Д- дискілі , Н- аспалы, ПЛ- плуг- сыдыра жыртқыш .Дискілі сыдыра жыртқыштардағы цифрлар машинаның алым кеңдігін метрмен көрсетеді , ал түренді сыдыра жыртқышта бірінші цифр корпус санын, екіншісі әрбір корпустың см-мен есептелген алым енін көрсетеді.
Сыдыра жыртқыштар топырақта аздаған тереңдікте қопсытумен қатар өсіп шыққан арамшөптерді кесуге және қопсытылған топырақ қабатые аударуға арналған . Сыдыра жырту топырақтың жоғарғы беттік қабатын ұсақтау мен араластыруды іске асырады, соның салдарынан топырақты ылғалды буланудан сақтайды және төменгі горизонтқа жауын-шашын суының өтуіне жағдай жасайды. Арамшөптердің шашылып қалған тұқымдары ылғалды ұсақталған топыраққа түседі де тез өсіп шығады. Одан кейін сүдігер жырту кезінде арамшөптер топыраққа өте терең кеміледі де жойылады . Мұның үстіндесыдыра жырту тұқымы өсімдік сабақтарында қыстайтын зиянкестерді құртуға мүмкіндік жасайды.
Түренді сыдыра жыртқыштардың жұмыс органдары қызметін корпус атқарады және ол шағын етіп жасалған плугтың корпусы сияқты.
Топырақты сыдыра жырту ға қойылатын агротехникалық талаптар. Жерді сыдыра жырту мына төмендегі агротехникалық талаптарды қанағаттандыруы тиіс ; қопсыту тереңдігінің біркелкілігі ;белгіленген тереңдіктен ауытқуы 1см-ден аспауы; топырақтың жоғарғы бетінде мөлшері 50мм-ге дейінгі көп ұсақ түйіршіктер жасауы
...