Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

С-35 типті майлы,бакты ажыратқыштар

Автор:   •  Март 28, 2020  •  Реферат  •  630 Слов (3 Страниц)  •  764 Просмотры

Страница 1 из 3

С-35 типті майлы,бакты ажыратқыштар

Майлы ажыратқыштарда ұзын доғаның пайда болуының алдын алу үшін және тізбектегі токты өшіруді жылдамдату үшін, түйіспе мұнай майы бар бакқа орналастырылған. Доғаны өшіру шартына байланысты майлы ажыратқыштар доғаны майда, қарапайым арақашықтықта өшіретіндер және доға өшіруші майлық немесе газдық үрлеу камералары бар ажыратқыштар болып бөлінеді.

[pic 1]

   Аппараттың басты бөліктері: (1) минералды май құйылған бак, (4) қозғалмалы төменгі түйіспе, (5)  бір-бірімен электрлік түрде байланыстырылған және бекітілген оқшаулағыш штанга, (3) қозғалмайтын жоғары түйіспе, (2) бекітілген оқшаулағыш өтпесі.Оқшауланған штанга серіппелі құрал (6) арқылы көтеріледі, ол сермер (маховик) немесе арнайы тартқыштармен жабдықталған ұзын білікпен қосылған. Қозғалмалы түйіспені көтеретін ажыратқыштың бөлігі өз ауырлық күшімен және серіппе арқылы төменге қарай сығылады. Қосылып тұраған жағдайда ол ажыратқыштың арнайы ілмектік механизмімен тежеліп тұрады. Ілмектік механизмді босатқан кезде қозғалмалы бөлік төменге қарай құлап, өшіріліп жатқан токтың тізбегінде екі жарық пайда болып (төрттік және алтылық жарылымдар жиі қолданылады), ажыраған түйіспелер арасынада электрлік доға пайда болады. Оның жоғарғы температурасы әсерінен қоршаған май қабаттары буланып, ыдырай бастайды, осылайша ажыраған газ түйіспелер арасында газ көпіршіктері пайда болады. Доғаның жануы газды ортада жоғары қысым жағдайында өтеді. Соңғы жағдай доғаның өшуіне жағымды жағдай жасайды, өйткені қысым көтерілген сайын газды тізбектегі  ток әр жарты сағат сайын нөлдік мәннен өтеді, бұл өз кезегінде доғаның өшуіне септіггін тигізеді.                            

    Маймен үрлеуде өшу үдерісі өшіріліп жатқан доғаға, доғаны өшіруші камерада қысымды қалыптастыратын доғадан келетін май ағысы арқылы жүзеге асырылады. Ажыратқыштың траверсалары төменге жылжыған сайын әрбір екі түйіспе доға – сөндірілуші және генерациялаушы қысым қалыптастырады. Генерациялық доға 4-6 МПа қысымды құрайды және сөндірілетін токтың арналары күйеді. Май ағыны жиналатын доғаның сөндірілуіне қарай бағытталады және оған номиналды токтың ажыратылуында 0,015-0,02 с аралығында күйіп-жануына жол бермейді(айнымалытоктың бір кезеңі).

[pic 2]

С-35-630-10 типті майлы, бакты ажыратқышы: 1-оқшаулағыш; 2-жетек(привод); 3-ажыратқыштың сырты(корпус)

С-35-630-10 ажыратқышы 35 кВ кернеуі бар, сыртқы қондырғыларға арналған. Ол үш түрде орындалады: климаты қоңыржай аудандарда, ауа температурасы 55 ° С-қа дейін  және тропикалық жерлерде және ауа температурасы -60 ° С. Ажыратқыштың әр полюсі бөлек қақпаққа жиналып, бөлек резервуарға(бакқа) орналастырылады. Барлық полюстер механикалық түрде бір-бірімен байланысқан, дәнекерленген жақтауға бекітілген және бір жетекпен басқарылады. Үш полюстің қақпақшалары бір-бірімен байланысқан, муфталармен бірге жиналған, доғаның ұзақ жануы кезінде резервуардағы(бактағы) қысымның көтерілунен қорғайтын қауіпсіздік клапандары орнатылған. Қақпақтағы полюстерге резервуарлар(бактар) ілініп, олардың ішкі қабырғалары жоғары берік электрлік картонмен қапталған. Резервуардың(бактың) астында майды қыздыру құрылғысы  ауа температурасы -15 ° C-тан төмен температурасында орнатылады.

...

Скачать:   txt (9.1 Kb)   pdf (199.6 Kb)   docx (898.2 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club