Отчет по практике «Сүтті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік»
Автор: aruzhan_rzabek • Февраль 13, 2023 • Отчет по практике • 5,073 Слов (21 Страниц) • 236 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 3 | |
1 | «Сүтті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік цехының» сипаттамасы | 4 |
2 | Жеке тақырып. Балмұздақ өндіру технологиясы | 6 |
3 | «Етті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік цехының» сипаттамасы | 14 |
4 | Жеке тақырып. Ет және ет өнімдерін тоңазытып өңдеу және сақтау | 16 |
5 | Еңбекті қорғау және санитарлық нормалар | 21 |
Қорытынды | 23 | |
Пайдаланылған әдебиеттер | 24 |
Кіріспе
Сүт және ет өнімдерінің азық-түлік саласында алатын орны ерекше екенін ескере отырып, 4-ші өндірістік технологиялық тәжірибеден С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық униерситетінде оқыту, тәжірибе және ғылыми-зерттеу бағыттарына арналған «Сүтті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік»цехы мен «Етті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік» цехынан өттім.
Өндірістік практикадан өту өзектілігі жұмыс процесінің барлық қағидаларымен танысу болып табылады. Практикада жұмыс процесінің түрлерін зерттедік, атап айтқанда шикізат қабылдап алу мен дайын өнім шыққанға дейінгі барлық кезеңдерді өз көзіммен көріп бақыладым.
2015 жылдың мамыр айында ҚР 2015-2019 жж. индустриалдыинновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасының «Тамақ өнімдерінің өндірісі» приоритеттік секторы аясында «Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» атауымен жаңа кафедра құрылған болатын.
Кафедраның жаңа құрылған күннен бастап, қазіргі таңға дейін кафедра меңгерушісі лауазымын доцент М.М. Какимов атқарады. Кафедрада 4 тәжірибелік-өндірістік цехтар құрылды:
2016 ж.ашылған - Сүтті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік цехы;
2016 ж. ашылған - Етті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік цехы;
4-ші өндірістік-технологиялық (диплом алдындағы) тәжірибенің мақсаты дипломдық жұмыс орындауға материалдар жинақтау, яғни негізгі сүт және ет өнімдерін өндіру технологияларының процестерімен танысу,
кәсіпорындағы санитарлық-гигиеналық нормаларды меңгеру.
Тәжірибе барысында келесі міндеттер жүктелді:
- Сүтті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік цехы және Етті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік цехының жоспарын меңгеру;
- Цехтардағы бөлімшерді, негізгі және қосымша шикізаттарды сақтау
ережелерімен танысу;
- Негізгі және қосымша технологиялық жабдықтардың жұмыс істеу
принцптерімен танысу;
- Цехтағы негізгі ассортименттермен танысу;
- Балмұздақ өндіру технологиясын меңгеру;
- Ет және ет өнімдерін тоңазытып өңдеу және сақтау процесін меңгеру
- Негізгі цехқа қойылатын талаптар мен санитарлық нормалармен танысу.
- «Сүтті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік цехының» сипаттамасы
Сүтті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік цехы 26.12.2016ж ашылған. Цех ауданы 90кв2. Бұл цех университетіміздің техникалық факультет аумағында жеке ғимаратт орналасқан, жартылай автоматтандырылған. Аусымда 250-500л көлемінде сүт өндіре алады. Цехта сондай-ақ, сүзбе, ірімшік, құрт, балмұздақ т.б сүт өнімдері өндіріледі.
Сүт өнімдерін жасамастан бұрын шикізатты қабылдап анализ жасалады. Арнайы қондырғыда сүттің органолептикалық көрсеткіштері тексеріледі. Сонымен қатар, COMО мөлшері есептелінеді.
Цех 40-қа жуық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ сары май жасау үшін - май араластырғыш, салқындатылған ірімшік жасау үшін – чан, көлемі әртүрлі резервуарлар бар. 1-ші суретте цехтың жоспары көрсетілген.
[pic 1]
1-сурет. «Сүтті қайта өңдеу эксперименттік-өндірістік цeхының» жоспары
Мұндағы: 1-флягті сорғы; 2-ауыстырмалы картридждер жиынтығы бар, сүтті толық тазалау сүзгісі; 3- ТМУ-250, ұзақ пастерлеуге арналған ванна, суытуға/қыздыруға арналған қарама-қарсы ағынды, «шахматты» жейделі, 250 л; 4-сүт сорғысы, 1500 л/ч; 5-сепаратор 500 л/ч, екі деңгейлі алаңда; 6-ТМУ-50, ұзақ пастерлеуге арналған ванна, суытуға арналған қарама-қарсы ағынды, «шахматты» жейделі, 50 л, қаймақ пен кілегейге арналған; 7-бұрандалы сорғы; 8-пресс-арба, 100 л; 9-ірімшік сөресі; 10-ТМУ ванналарды қыздыру бойлер жүйесі (үш ваннаға); 11-ТМУ ванналарын басқаруға арналған, 6 өнімге дейін технологиялық үрдістерге бағдарламалық жасақталған, қолмен басқаруға ауысуға мүмкіндік беретін, басқару шкафы; 12-жартылай автоматтандырылған Пюр-Пак буып түю жабдығы 350 мөлшер/сағ.; 13-вакуумды қаптағыш; 14-ашыту жабдығы 3*10 л; 15-мұздатылған су генераторы ГЛВ-3000 далада пайдалануға арналған; 16-компрессор; 17-тоңазыту агрегаты; 18-стол 1200х600х800; 19-қызметкерлер қолын жууға арналған раковина; 20-Үш ұялы жуу жабдығы; 21-су ысытқыш; 22-душ кабинасы; 23-киімге арналған шкаф, 2 есікті; 24-кондициялау сплит-жүйесі; 25-май шайқау жабдығы, 80л; 26-диспергатор; 27-фризер 60 л/сағ-қа дейін; 28-Ірімшік балқыту жабдығы; 29-Ірімшікке арналған пресс; 30-тұздау бассейні, 100 л; 31-Ірімшікті жетілдіруге арналған камера, 1120 л; 32-6 кг-ға дейінгі таразысы бар стол 1500х600х800; 33-зертханалық жинақ (сүт сапасының анализаторы, рН-метр, электронды термометр және т.б.); 34-шынықтыру камерасы (шокты); 35-мұздату камерасы; 36-Ірімшік кептіруге арналған сөре; 37-ашытқыларға арналған тоңазытқыш; 38-зертханалық жабдықтары бар стол 900х600х800; 39-бір секциялы жуу бөлімі; 40-термостатты камера.
...