Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

М. Әуезов атындағы ОҚУ оқу жүйесінің құрылымы сипаттау

Автор:   •  Июнь 21, 2022  •  Реферат  •  3,814 Слов (16 Страниц)  •  280 Просмотры

Страница 1 из 16

[pic 1]

[pic 2]


                                                 КІРІСПЕ

             М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (бұдан әрі-ОҚУ)- Қазақстан Республикасының ірі көпсалалы университеті, өңірдің ғылыми-білім беру, зияткерлік, мәдени орталығы. Университетте аймақ, республика және әлемдік кеңістік экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің барлық секторлары үшін мамандар даярланады. AuezovUniversity республиканың жоғары білім беру саласындағы ең жарқын брендтерінің бірі болып табылады және өз қызметін ғылым мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясат, инновациялық және жастар саясаты қағидаттарына сәйкес, жоғары білім беруді дамытудың екпінді өзгеріп отыратын жаһандық трендтерін ескере отырып жүзеге асырады

            Бұл modusoperandi мен ОҚУ(AuezovUniversity) тағы бір ғылыми-зерттеу және кәсіпкерлік типтегі жоғары оқу орнына ауысуға түбегейлі басқа талаптар қояды. Университеттің үшінші миссиясының пайда болуы – аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында белсенді ойыншы болу бизнес-ғылым-инновацияның үш спираль моделін енгізуді талқылауға мүмкіндік береді. Сондықтан ОҚУ (AuezovUniversity) өзін Түркістан облысының инновациялық дамуында негізгі рөл атқаратын және әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары дәрежесімен өзінің Кәсіпкерлік қызметін іске асыратын университет ретінде көрсетеді.

           ОҚУ (AuezovUniversity) терең логикалық ойлау қабілеті бар, прогрессивті идеяларды шығаруға, жаңа буынның техникасы мен технологиясын ойлап табуға, жаһандану жағдайында әлемдік нарықтың өзгеріп жатқан жағдайларына бейімделуге қабілетті кәсіби кадрларды даярлау бойынша еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады.  

             Жоғары оқу орындарын дамытудың шетелдік тәжірибесі "Университет 4.0" жолындағы мынадай түйінді міндеттерді шешу қажеттігін куәландырады:

 -Университетті білім экономикасының үрдістерін есепке алу бағытында трансформациялау: қоғам мен технологиялардың даму үрдістерін түсіну; қоғамның сұраныстарын ескере отырып, білім беру бағдарламаларын өзектендіру (бизнес — қоғамдастықпен, индустриялық көшбасшылармен-қазақстандық және жаһандық); басқарудың ашықтығы.

 -Университет пен бизнес-қоғамдастықтың өзара іс-қимылын барынша тиімді іске асыру: бизнес-қоғамдастық пен университеттің бір-бірінің өміріндегі жаңа рөлдерді қабылдауы; бірлескен жобалар /бағдарламалар/ институционалдық бастамалар.

 - Университетті таланттарды дамыту процесіне, оның ішінде қазіргі заманғы экономикалық және қоғамдық шындықтағы жұмысқа дайындықты оқыту процесіне ендіру жолымен трансформациялау.

 - Университетті өңірлік және салалық экожүйелер орталығына айналдыру, оларға кластерлік және салалық даму құралдары мен ресурстарын шоғырландыру.

                ОҚУ (AuezovUniversity) зерттеу және кәсіпкерлік ЖОО-ға трансформациялау бойынша тәжірибесін, инновациялық қызметтегі жетістіктерін және ҒЗЖ нәтижелерін коммерцияландыруды ескере отырып, университет зияткерлік меншікпен жұмыс саясатын қалыптастыруға, университеттің инновациялық экожүйесін дамытуға, университетті интернационалдандыруға және ЖОО-ның Академиялық кәсіпкерлігі мен қаржылық тұрақтылығын ынталандыратын орта құруға күш-жігерін шоғырландырады.

             ОҚУ (AuezovUniversity) "университеттер 4.0" моделі бағытында дамыту 4 технологиялық революцияға көшу жағдайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жоғары оқу орындарының алдына қойған міндеттеріне қол жеткізуді және қоғамдық процестерді цифрландырудағы және Қазақстан Республикасының ғылымды қажетсінетін экономикасын дамытудағы өзінің жасампаздық рөлін түсінетін қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу арқылы қоғамдық сананы жаңғырту қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

  1. М. Әуезов атындағы ОҚУ оқу жүйесінің құрылымы сипаттау.

Білім  бағдарламасын іске асыру үшін кафедра заңдық күші бар санитарлық нормалар мен  ережелерге сай келетін  арнайы аудиториялар, кабинеттер, зертханалармен жабдықталған.

11  арнайы оқу зертханалары мен кабинеттерінің жалпы ауданы 413 құрайды.

Кафедраның аудиториялық фонды: 501Г, 502Г, 503Г, 504Г, 505Г, 506Г, 507Г, 101Г, 119Гл, 123Гл, 106А бөлмелерінен  тұрады.  Кафедра штаты 506Г, 501Г, 507Г  кабинеттерінде орналасқан.

6В07150 - «Электрэнергетикасы» бойынша оқу процессін жүргізуге арналған оқу алаңы санитарлық және өртке қарсы  нормаларға,  норма көрсеткіштеріне толығымен сай келеді. Пайдалы оқу алаңы сабақтың екі ауысымдығын ескере отырып есептегенде, келтірілген контингенттің  бір білім алушысына шаққанда 9,6 кв.м. құрайды.

...

Скачать:   txt (47.9 Kb)   pdf (536.5 Kb)   docx (347 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club