Бейматалар. Трикотаж жаймалары. Жылулық материалдар. Астар мен қатырма материалдары
Автор: dalimaranm1 • Март 18, 2022 • Реферат • 3,069 Слов (13 Страниц) • 613 Просмотры
«АКАДЕМИК С.А.ДЖИЕНКУЛОВ АТЫНДАҒЫ БАЙҚОҢЫР КОЛЛЕДЖІ»
БІЛІМ МЕКЕМЕСІ
«Бейматалар. Трикотаж жаймалары. Жылулық материалдар. Астар мен қатырма материалдары»
(АШЫҚ САБАҚ)
[pic 1][pic 2][pic 3]
[pic 4][pic 5][pic 6]
Сабақтың тақырыбы: «Бейматалар. Трикотаж жаймалары. Жылулық материалдар. Астар мен қатырма материалдары»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Бейматалар өндірісінің дамуы, олардың пайдалануы, қасиеттері мен өңделу тәртіптері; Мақта, ватин, синтепон, көлемді жылытатын жаймалар,қасиеті мен қолданылуы; Трикотаж түрлері және ілмектің құрылысы; Астар маталарға қойылатын талаптар; Қатырма маталар мен материалдардың қасиеттері және оларды өңдеу ережелері;
2. Дамытушылық: Білімгерлердің ой - өрісін кеңейту, білімін практикада ұштай білу, дағдысын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Білімгерлердің өз бетімен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, болашақта білікті, саналы маман иесі болуға, ұқыптылыққа, өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдісі: Модульдік оқыту әдісі, сұрақ-жауап, кері байланыс, топтық сайыс.
Сабақтың типі: Білім мен дағдыны есте сақтау
Сабақтың көрнекілігі:
Слайд, тірек конспект, беймата маталары, синтепон, трикотаж жаймасы, астар және дублерин ; интерактивті тақта;
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Топтың, тақтаның әзірлігін қадағалау, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
2. Білімгерлердің зейінін сабаққа аудару
3. Сабақтың мақсатын айту
ІІ - өткен сабақты қайталау
III-Бөлім Маталардың құрамы, құрылысы және қасиеті
Матаның қасиеті
- Маталардың механикалық қасиеті
- Физикалық қасиеті
- Оптикалық қасиеті
- Қыртыстану
- Суға төзімдік, су сіңіргіштік
- Электрлену
- Қатқылдық
ІІІ. Жаңа сабақ
Білімгерлерге Трикотаж түрлері және ілмектің құрылысы; бейматалар өндірісінің дамуы, олардың пайдалануы, қасиеттері мен өңделу тәртіптері; Мақта, ватин, синтепон, көлемді жылытатын жаймалар,қасиеті мен қолданылуы; Астар маталарға қойылатын талаптар; Қатырма маталар мен материалдардың қасиеттері және оларды өңдеу ережелері;жаңа сабақты қысқаша түсіндіремін. Әрі қарай модульдік технология бойынша білімгерлер өздері қорғайды.
Сабақ жоспары
Трикотаж дегеніміз не?
Трикотаж өримдері неше өрімдерге бөлінеді?
Негізгі трикотаждық өрімдерге қандай өрімдер жатады?
Суретті өрімдер класының ерекшеліктері қандай? Суретті аралас өрімдері атаңдар?
Бейматалар олардың пайдалануы?
Жылулық материалар?
Қатырма маталар?
Астар мата және қойылатын талаптар?
- Трикотаж жаймалары
«Трикотаж» деп ілмектерден тұратын, бір немесе бірнеше жіптерден өзара
бойлай және көлденең бағытта іліп тоқылған тоқыма бұйымды немесе жайманы атайды.
Трикотаждың негізгі элементі ілмек- қисық сызық, оның ұзындығы мен формасы трикотаждағы бір қатар маңызды қасиеттерді белгілейді.
Ілмек (6.1 сур.) екі шектес ілмектердің негізін біріктіретін қаңкадан (2-3-4жоғарғы доға жэне 1-2 мен 4-5 таяқшалардан) жэне созылмалардан (0-1 мен5-6) тұрады. 2-3-4 жоғарғы доғаны инелі, ал 5-6-7 созылманы платиналыдоға деп атайды.
Трикотажда тігінен бір-біріне тізілген ілмектерді ілмекті бағанша, алгоризонталь бойынша бір қатардағы ілмектерді - ілмекті қатарлар депатайды.
Екі шектес ілмекті бағаншалар орталықтарының аралығыщ ілмекті қадам
деп атайды және А әрпімен белгілейді, ал екі ілмекті қатарларорталықтарының аралығын ілмекті қатар биіктігі деп атап, В әрпімен
...