Жылу энергетикалық жүйелері мен қондырғылары
Автор: diass1 • Март 2, 2023 • Контрольная работа • 2,726 Слов (11 Страниц) • 229 Просмотры
Қaзaқcтaн Рecпубликacы бiлiм жәнe ғылым миниcтрлiгi
«Ғұмaрбeк Дәукeeв aтындaғы Aлмaты энeргeтикa жәнe бaйлaныc
унивeрcитeтi» кoммeрциялық eмec AҚ
«Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасы
[pic 1]
№1 ЕСЕПТІК ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
«Жылу энергетикалық жүйелері мен қондырғылары» пәні бойынша
Мамандығы: Электр энергия жүйесі.
Орындаған: Қайырғали Диас.
Тобы: ЭЭСк 21-2
Нұсқа: 16 – нұсқа.
Тексерген: аға оқытушы Әкімбек Г.Ә
Алматы, 2022
1 – тапсырма.
Қарағанды көмірінің жанатын құрамын анықтау керек, егер жұмыстық маңыздың түзгілік құрамы белгілі болса: : Wж=10.0, AЖ=38.7, SЖ=0.8, CЖ=41.8, HЖ=2.7, NЖ=0.6, OЖ=5.4.
Шешуі: [pic 2]= 100-10-38,7/100=0,513
Cжан=Сж/К=41,8/0,513=81,48%
Sжан=Sж/К=0,8/0,513=1,55%
Hжан=Нж/К=2,7/0,513=5,26%
Nжан=Nж/К=0,6/0,513=1,16%
Ожан=Ож/К=5,4/0,513=10,52%
Жауабы: Cжан=81,48%
Sжан=1,55%
Hжан=5,26%
Nжан=1,16%
Ожан=10,52%
2 – тапсырма.
Конвейер, транспортер – үздіксіз жұмыс істейтін көліктік қондырғы немесе машина. Сусымалы, кесек немесе дара жүктерді тасымалдауға арналған. Конвейер (ағылшынша сonveyer; convey – тасымалдау дегенді білдіреді) ертеректе Үндістан мен Қытайда үздіксіз су көтеретін шынжырлы сорғылар, ал Месопотамия мен Мысырда көп шөмішті және винтті су көтергіштер түрінде пайдаланылған. 16-ғасырдан бастап сусымалы (мысалы, ұн өндірісінде) және дара заттарды жақын араға жеткізетін конвейерлер қолданылатын болды. Техниканың дамуына байланысты 19-ғасырдан бастап әр түрлі конвейерлер шығарыла бастады және бұларды жасау үшін машина жасаудың бөлек бір саласы пайда болды. Қозғау және жүк тасымалдау тетіктері бойынша конвейерлер бірнеше түрге топтастырылады. Қозғау тетігі бойынша конвейер таспалы, шынжырлы, канатты (арқанды) болып бөлінеді. Қозғау тетігі жоқ конвейерге гравитациялық конвейер, инерциялық конвейер, винттік конвейер жатады. Қозғау тетігі бар конвейер жүк тасымалдау тәсіліне сәйкес таспалы, пластинкалы, күреуішті, шөмішті, т.б. болып ажыратылады. Жұмыс ерекшелігіне орай конвейер төсемелі және аспалы болып ажыратылады. Төсемелі конвейер орнықты, жылжымалы (өздігінен орын ауыстыратын және сүйретілмелі) болуы мүмкін. Конвейер тасымалданатын жүк түріне (сусымалы не кесек) сәйкес те ажыратылады. Элеватор, аспалы шөмішті, бесікті, қорапты, эскалатор, адымдағыш конвейер, т.б., сондай-ақ біріктірілген (мысалы, роликті – таспалы конвейер) конвейерлер өз алдына ерекше топ құрайды. Таспалы конвейер сусымалы, кесек және дара жүктерді тасымалдауға арналған (қ. сурет). Бұл конвейердің жұмыс өнімділігі бірнеше тонна/сағаттан мыңдаған тонна/сағатқа дейін жетеді. Таспаның ені 300 – 2000 мм, қозғалу жылдамдығы 1,5 – 4,0 м/с болады. Пластинкалы конвейермен горизонталь не көлбеу (35°-қа дейін) жазықтықта ауыр (500 кг және одан да ауыр) дара, ірі кесек жүктер, сондай-ақ қыздырылған заттар тасымалданады. Қозғалу жылдамдығы 0,3 – 10 м/с, жұмыс өнімділігі 2000 тонна/сағатқа дейін жетеді. Күрекшелі конвейер науадағы немесе құбырдағы жүктерді қалақшалармен жылжытады. Қалақшалар мен науаның немесе құбырдың көлденең қималарының пішіндері ұқсас болады. Бұл конвейер түрінің құрылысы қарапайым және оның науасының кез келген тұсынан жүкті түсіре беруге мүмкіндік бар. Күрекшелі конвейердің науасы үйкелістен тез тозады, сондықтан бұл конвейер абразивті және ұнтақталған материалдарды тасымалдауға пайдаланылмайды. Мұның жұмыстық бөлігінің жылдамдығы 0,16 – 1,0 м/с, жұмыс өнімділігі 50 – 350 тонна/сағат. Бұл конвейермен жүкті 100 м-ге дейінгі қашықтықта тасуға болады. Еңбек өнімділігінің жоғарылығы, құрылысының қарапайымдылығы, жұмыс қауіпсіздігі, т.б. сипаттамаларының тиімді болуына байланысты конвейерлер экономиканың барлық салаларында қолданыс тапты.
...