Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жылумен қамту

Автор:   •  Декабрь 21, 2022  •  Реферат  •  18,303 Слов (74 Страниц)  •  196 Просмотры

Страница 1 из 74

Жылуөткізгіштің тік учаскесінде өсьтік компенсаторлар  қолданылады, бұларда компенсация күші осьтік ұзарумен болады. Радиалдық компенсаторлар əр түрлі конфигурациасы болуы мүмкін жəне олар осьтік пен радиалдық күштерді компенсациялады.

Сальникті компенсаторды таңдау жəне өзіндік компенсациялау Δl көрсеткішімен өткізіледі. Жылуөткізгіштің толық жылу ұзаруы анықталады

                            Δl= α·L(τ- tм), мм                          (8.1)

мұнда L - жылуөткізгіштің жылжымайтын тіреулер арақашықтығы, м;

τ – жылутасымалдағыштың жұмыстық температурасы, °С; tм - монтаждау кезіндегі сыртқы ауаның температурасы, °С; α – болатты τ температурысына дейін жылытқандағы сызықтық кеңейту коэффициенті: егер τ =75°С, α = 0,012 мм/(м°С); егер τ =150°С, α = 0,0125 мм/(м°С); егер τ = 225°С, α = 0,013 мм/(м°С).

Сальникті компенсаторлар біржақты (8.3а сурет) немесе екіжақты (8.3б сурет) болады. Екі жақты компенсатор қолданғанда камералар саны азайады.

Сальникті компенсатор есебінде температуралық ұзарудағы пайда болатын күш анықталады. Нақты есепті компенсациалау мүмкіндігі қабылданады

lp= lк- z, м        (8.2)

мұнда z - компенсациалау мүмкіндігі азайтатын көрсеткіш, қабылданады 0,05м; lк - есепті компенсациалау мүмкіндігі, қабылданады кестеден компенсатор сипаттамасына байланысты, м. Компенсатордың орнатылу ұзындығы

Lуст=А - z·( lк- Δl), м        (8.3)

мұнда А – компенсатор ұзындығы, қабылданады кестеден компенсатор

сипаттамасына байланысты, м.

Компенсатордың монтаждық ұзындығы

            Lм= Lуст- α·( tокр-tо! ), м        (8.4)

мұнда  tокр- қоршаған ортаның температурасы, °С; tо'- жылыту жүйесін

жобалаудағы сыртқы ауаның есепті температурасы, °С.

Сальникті компенсатордағы үйкелістегі күш анықталады

- сальникті толтырғышта

Nfc=4000·n·μ·π·lс dн / Ас, н

- құбырөткізгіште жұмыстық қысымда

 (8.5)

Nfc=2·μ·π·lс ·Pр dн, н

 (8.6)

мұнда  Pр- - жылутасымалдағыштың жұмыстық, Па, бірақ  0,5 106 Па төмен емес; dн – компенсатор  стаканының сыртқы диаметрі, қабылданады құбырөткізгіштің сыртқы диаметріне тең, м; lс – компенсатордың сальникті толтырғышының ұзындығы, м; n·- болттар саны; μ-  металға толтырғыштың үйкелестік коэффициенті, қабылданады 0,15; Ас - компенсатордың сальникті толтырғышының көлденең қимасының ауданы, м2 , анықталады

                           Ас=0,785·(dвн2-dн2), м2                  (8.7)

мұнда dвн – сальникті компенсатордың корпусының ішкі диаметрі, м.

Сальникті компенсаторлар жылу тасымалдағыштың  параметрі Ру ≤ 25 кгс/см2 ж ə н е  τ ≤ 300°С болғанда жіберіледі Dy ≥100 мм құбырлары үшін жер асты төсеммен жəне Dy≥300 мм — аласа тіреулерге жер үсті төсемімен. Əдетте сальникті компенсаторлар құбырдың үлкен диаметрлерінде қолданылады (Dy > 200 мм), онда П-тəрізді компенсаторлар өте үлкен болып кетеді жəне каналдар қабырғасынан асып, оларды далада орналастыру да қиындыққа соғады.

Жылу желілерінде осьтік сильфонды компенсаторларда қолданылады. Сальникті жəне сильфонды компенсаторлар коллекторлар мен өтпелі тоннельдерде қолданылады, өйткені камераларды орналастыруда олардың құрылыс конструкуциялары жеңілдетіледі. Биік коллоналарда жəне эстакадаларда сальникті компенсаторларды қолдану қарастырылмайды, өйткені пойдалану уақытынды ішкі қысыммен жылжымайтын тіреулерге берілетін қысым əсерінен үлкен күштер түседі.

Г-тəрізді компенсаторлар құбыр бойында майысып Г əріпке ұқсастанып келеді, бұрышы 120° аспауы керек. Г-тəрізді компенсатоларды қатты майысқан тармағы бар майысу радиусы бір диаметрден кіші немесе қалыпты майысу тармағымен  құбырлар дайындайтын құбырлардан жасалынады R ^ 3,5DH, ал Рраб < 22 кгс/см2 жəне т^350°С болғанда дəнекерленген тармақтарда да қолдануға болады.

...

Скачать:   txt (206.5 Kb)   pdf (2.9 Mb)   docx (3.1 Mb)  
Продолжить читать еще 73 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club