Жоғарытемпературалы процестер мен қондырғылар
Автор: yeraly09 • Сентябрь 12, 2021 • Реферат • 431 Слов (2 Страниц) • 354 Просмотры
Жоғарытемпературалы процестер мен қондырғылар
«Жоғарытемпературалы процестер мен қондырғылар» пәнінің оқу бағдарламасына сәйкес типтік есеп көлеміне кіреді: оттытехникалық процесс өнімдерінің меншікті шығу есебі мен олардың құрамы, жылу камерасындағы жылуалмасу есебі, бастапқы материалдардың жылулық өңделуінің ұзақтығын анықтау, жұмыс камерасының құрылымдық өлшемі немесе жұмыс камерасының өлшемдері анық болған сәтте пеш өнімділігін анықтау, жылулық баланс есебі.
Жалпы теория шегінде негізгі технологиялық процестердің жеке ерекшеліктері мен аппараттық ресімделуі жасырынбаған, сондықтан әдістемелік нұсқаулықта әкті күйдіру технологиясы, типтік есептің тақырыбы болып табылатын жылулық есеп, шахталы пештің құрылымдық сүлбесі туралы қысқаша мәліметтер берілген.
Күйдіру қондырғылары реактордың құрылымы мен сипаттамалары бойынша бес типке бөлінген:
1) камералы;
2) сақиналы;
3) конвейерлі;
4) шахталы;
5) құбыршалы (айналмалы).
Әкті күйдіруге арналған шахталы пештің биіктігі 8-10 м болатын цилиндр тәріздес шахтасы бар. Шахтаның төменгі бөлігі вертикаль осін айнала аяқталатын ұнтақтау-жүктеу торы немесе конусты ұнтақтағыш, немесе көпдестелеуіш ұнтақтағыш аппараттан тұрады.
Шахтаның орташа бөлігі магнезитті немесе жоғарықышты кірпіш, төменгісі – отқатөзімді бетоннан жасалған сегментті плиталар немесе отқатөзімді шойыннан құйылған плиталармен футерленеді.
Отынның жануына қажетті бастапқы ауа пешке астынан, ұнтақтағыш-жүктеу қондырғысының торы немесе фурма арқылы енгізіледі. Қатты отынды жағу кезінде ауа қосымша үстіңгі жағынан, шахтаның конусты және цилиндрлік бөлігінің бойында орналасқан төрт-сегіз фурмадан беріледі.
Шахталы әктік-күйдіру пешінің жылулық есебі.
1.1 Әкті күйдірудің оттытехникалық процесі туралы қысқаша мәліметтер.
Қарастырылатын оттытехникалық процестің технологиялық өнімі күйдірілген әк, өндірістің көптеген салаларында қолдануына сәйкес түрлі талаптар қойылады. Мысалы, сода өндірісінде, мартен өндірісінде және өзге де өндірісте азкүйдірілген әк пайдаланылады. Өзге тұтынушылар үшін (отқа төзімді өндіріс, кальций гипохлораты өндірісі және т.б.) бастапқы карбонат және гидроқышқыл жоқ әк қажет.
...