Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құрылымдық сұлбалардың түрленуі мен қосылуын зерттеу

Автор:   •  Июнь 29, 2024  •  Контрольная работа  •  1,123 Слов (5 Страниц)  •  87 Просмотры

Страница 1 из 5

КОММЕРЦИЯЛЫЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЖАСЫЛ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ИНСТИТУТЫ

ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЖӘНЕ БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ КАФЕДРАСЫ

[pic 1]

Зертханалық жұмыс №3

Пәні бойынша: «Автоматты басқару теориясы»

Тақырып: «Құрылымдық сұлбалардың түрленуі мен қосылуын зерттеу»

Мамандық: 6B07109 Аспап жасау

Нұсқа: 2

Тобы: ПСк-21-1

Орындаған: Алдаберген Салназар

Қабылдаған: Даримбаева Н.

____________ «___» ____2023жыл

Алматы, 2023

Жұмыстың мақсаты: әр түрлі режімдерде автоматты реттеу жүйелерінің дәлдігін зерттеу.

Автоматты басқару жүйелерінің негізгі талаптардың бірі басқарудың (y(t)) орнықты процесінің түрімен анықталатын беруші әсерді іске қосу болып табылады. Жүйенің орнықтыланған қателігі:

ε (t ) = y(t)− g(t).

(3.1)

Автоматты басқару жүйесі қателіктің орнықтыланған мәнін операциялық есептеулермен шектік мәні туралы теореманы қолданып анықтауға болады.

Егер ε(t) және έ(t) функциялар түп нұсқасы, ал Е(Р) – ε(t) функцияның бейнесі болса, онда:

[pic 2]

(3.2)

Автоматты басқару жүйесінің дәлдігін жұмыстың типтік режимдері үшін анықтайды. Олардың ішіндегі қарапайым режимдері:

  • сыртқы әсердің тұрақты шамалары;
  • тұрақты жылдамдықпен сыртқы әсерді өзгерту;
  • сыртқы әсердің дәрежелі өсу кезіндегі өзгерісі;
  • гармоникалық әсер.

Тұйықталған автоматты басқару жүйесінде сыртқы беруші әсердің тұрақты шамасы кезінде g(t) = const = g0 орнықты қателіктің мәнін табамыз.

Тұйықталған жүйенің қателік үшін беріліс функциясы:

 [pic 3]

(3.3)

(3.2) теңдеу бойынша шектік мән туралы теоремаға сәйкес орнықты қателік:

[pic 4]

(3.4)

[pic 5] және [pic 6] болғанда, мұндағы М(Р) және Q(P) Р

көбейткіш болмайды, 3.2 теңдеуін ескерсек:

[pic 7]

(3.5)

Бұл қателіктің мәні статикалық қателік деп аталады.

Беруші әсер тұрақты жылдамдықпен өзгерсе:

[pic 8]

(3.6)

(3.2) және (3.3) теңдеулерді ескерсек, онда [pic 9] болғанда:

[pic 10]

(3.7)

Бұл жағдайда қателіктің өсуі тоқтату үшін АБЖ-ң тұйықталмаған тізбегінің беріліс функциясы W(p) нөлдік полюске ие болуы қажет. Онда 3.7 теңдеу бойынша εҚАЛ = V/K тең. Бұл мән жылдамдық қателігі деп аталады.

Мысалы: Жүйенің беріліс функциясы [pic 11].

Онда (3.7) теңдеуден төмендегі теңдікті аламыз:

[pic 12]

Егер осы мысалда беруші әсер тұрақты болса, онда автоматты басқару жүйесіндегі орнықты қателік нөлге тең болады:

[pic 13]

Сонымен тұйықталмаған тізбектің W(p) беріліс функциясы нөлдік полюске ие болса, жүйеде статикалық қателік бола алмайды және жылдамдық қателігі тұрақты мәнде болады.

Мұндай жүйелер астатикалық жүйелер деп аталады. Тұйықталмаған тізбектің W(p) беріліс функциясында интегралдаушы буынның болуы қажет.

Тізбектей жалғанған жүйелер және бағдарламалық басқару жүйелері астатикалы тәрізді жобалануы керек. Реттелетін шаманың тұрақты мәнін бір қалыпта ұстап тұруға келтірілетін жүйелер статикалық қателікке ие болуы мүмкін.

Тізбекті жүйелерде интегралдаушы буын ретінде астатизмді құратын қозғалтқыш болып табылады.

Біліктің бұрылу бұрышы басқарушы сингалдың (кернеу) кірісінің интегралына пропорционалды болады.

...

Скачать:   txt (15.3 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (1.5 Mb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club