Lab View-да модельдеудің негіздері
Автор: saparov2001 • Июль 13, 2021 • Лабораторная работа • 3,663 Слов (15 Страниц) • 388 Просмотры
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
ЭЛЕКТРОНИКА кафедрасы
Зертханалық жұмыстарға нұсқаулар
Lab View-да модельдеудің негіздері
5В071600 – «Приборлар жасау»
Алматы 2013
Әр түрлі пәндік облыста есептерді шешуде инженерлер кәсіби бағдарламашылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болады. Көз мөлшерімен (визуалды) бағдарламалаудың тілдері 90-шы жылдардың басында пайда болды және стандартты бағдарламалар мен кітапханаладың, сондай-ақ дайын визуалды құралдардың үлкен санынан тұрады. Олар,тек қана логиканы пайдалана отырып және қолданбалы дайын құраушылардан тұратын тапсырманың орнатылымын түсінетін,оны тек қана тышқан батырмасымен монитор экранына енгізетін және ақпарат ағынын көрсетуге арналған графикалық байланыс өткізіп отыратын,алгоритм тілдерінің бағдарламашысы болып табылмайтын мамандарға бірде бір код жолын жазбай-ақ эффектілі бағдарламаларды жасауға рұқсат береді. Осындай тілдердің бірі National Instruments фирмасының LabView болып табылады.
Әдістемелік нұсқау жеті зертханалық жұмыстан тұрады.Зертханалық жұмыстарға бірден кіріспес бұрын студенттер теориялық материалды меңгеруі керек, ол үшін бұл курста дәрістік сабақтар қарастырылған. Зертханалық жұмыстар LabView тілінде бағдарламалаудың негізгі сұрақтарын қамтиды: пайдалану интерфейсін құру,сызықтық және тармақталған алгоритмдер, циклдар, массивтер,ақпаратты енгізу/шығару, сипаттардың түйіндері, локальды және глобальды айнымалылар, графиктермен жұмыс.
Жұмыстың орындалуынан кейін студенттер жасалған жұмыс бойынша есеп беруді рәсімдейді.жұмысқа. Отчет мына пунктерден тұруы керек:
- жұмыстың мақсаты;
- орындалудың тәртібі (қысқаша сипаттама және негізгі экрандағы суреттер);
- жеке тапсырма;
- тұжырым.
Зертханалық жұмыстың нәтижелері бойынша қорғалу міндеттеледі.
Жұмысты қорғау келесі зертханалық жұмыстың есебі бойынша жүргізіледі.
Зертханалық жұмыс National Instruments - LabView 7 бағдарламасында жасалады .
№1 ЗЕТРХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС. LabVIEW ортасымен танысу
МАҚСАТЫ: LabVIEW құрылым ортасымен және виртуалды құрылғыларды жасаудың негізгі принциптерімен танысу.
ЖҰМЫСТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ: Температуралық мониторды модельдейтін виртуалды құрылғы жасау(ВҚ).
ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУ РЕТІ:
1. Цифрлық термометрдің субВҚ құру(1.1сурет)
a. Меңзерді ВҚ-ның алдыңғы панеліне орналастырып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіп және Controls мәзірі пайда болғанға дейін ұстап тұру.
b.ВҚ-ның алдыңғы бөлігіне термометр орналастыру(Controls – Numeric – Termometer).
c. Термометр бағанының өлшеу шектерін 70...90 аралығында өзгерту.
2. ВҚ блок-схемасына орналастыру(1.2 сурет): a. Кернеу көзін (Functions – Tutorial – Demo Voltage Read.vi.
b. Сандық тұрақтыны (Functions – Numeric – Numeric Constant).
c. Көбейту (Functions – Numeric – Multiply).
3. Блок-схеманың сандық тұрақтысына 100 мәнін беру.
4. Блок-схемада кернеу көзін көбейту объектісімен байланыстыру.
5. Блок-схемада сандық тұрақтыны көбейту объектісімен байланыстыру.
6. Блок-схемада көбейту объектісін термометрдің терминалымен байланыстыру.
7. ВҚ-ның алдыңғы бөлігінде, тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы пиктограмманың оң жақ жоғарғы бұрышындағы Show Connector бөлім мәзірін таңдау.
8. Тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы осы алаңда мәнмәтіндік мәзірді шақыру және Patterns бөлімін таңдау.
9. Пайда болған палитрада жалғыз параметрге сәйкес келетін үлгі таңдау.
10.Термометрдің алдыңғы панеліндегі объектіде «катушки» командасын меңзермен шерту арқылы,оның үлгінің секциясымен сәйкестігін орнату.
11. Пайда болған субВҚ-ны сақтау. (мәзір File – Save As…).
12. Температурлық монитордың жаңа ВҚ жасау.
13. ВҚ-ның алдыңғы бөлігіне орналастыру (1.3 сурет): a. Вертикалды ауытырып-қосқышты (Controls – Boolean – Vertical Toogle Switch).
b. Сигнал диаграммасын(Controls – Graph – Waveform Chart).
...