Articulate Storyline – электрондық оқылық негізі
Автор: Zhadyra1213 • Май 27, 2019 • Доклад • 520 Слов (3 Страниц) • 941 Просмотры
Articulate Storyline – электрондық оқылық негізі
Бүгінгі таңда білім беру жүйесі заман талабына сай жаңа оқыту технологияларын талап етеді. Сондықтан да білім саласы қазір «кредиттік түрде білім беру», «электрондық кітапхана», «электрондық оқулық» ұғымдары көптеп кездеседі. Соның ішінде, «электрондық оқулықты» білім саласында қарқынды дамыту көзделіп отыр. Себебі, білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықты» пайдалану оқушылардың сабаққа белсенділігін, ізденісін арттырады. Сонымен қатар, ойлау жүйесін қалыптастыруға және шығармашылық қабілеттіліктерін дамытады. Ал мұндай оқулықтар көптеген арнайы программалар арқылы жасалады. Солардың бірі – Articulate Storyline.
Articulate Storyline – электронды курстар немесе оқулықтар құрастыруға арналған, қазіргі таңда танымал программа. Ол оқыту курстарын, презентация, тесттер және Flash, HTML5 форматында басқа да контенттер құрастырады. Бұл программа өзінің қарапайымдылығымен, сондай- ақ, көрнекі жобалар құруымен ерекшеленеді.
[pic 1]
Сурет 1. Бастапқы меню
Программа интерфейсі
Articulate Storyline бағдарламасы бүтіндей бір редактордың рөлін атқарады. Айтып өткендей мұнда жұмыс істеу тез әрі оңай. Жаңа проект бастау кезінде слайд түрін немесе параметрлерін көрсетудің қажеті жоқ. Сонымен қатар жұмыс барысында мына әрекеттерді істеуге болады: экран түсірілімі, Quizmaker программасындағы тесттер немесе PowerPoint проектілерін импорттау, дайын шаблондарды ашу.
[pic 2]
Сурет1. Бастапқы меню
Жалпы программа интерфейсі Microsoft Office 2007 стиліне ұқсас. Құрастырушылар сырт бейнесін барынша PowerPoint бағдарламасына ұқсас жасауға тырысқан.
Программаның үстіңгі жағында Home, Insert, Design, Animations, View, Help сияқты командалар панелі бар. Ал астында уақыт шкаласы және тағы екі қосалқы панель: триггерлер мен слайд қабаттары бар. Негізгі аймақта басты бет орналасады.
[pic 3]
Сурет 2. Басты терезе
Articulate Storyline роликтері слайдтарда дайындалады. Жалпы программа басқа e-learning-редакторларынан айырмашылығы аса қатты жоқ. Мұнда да жұмыс принципі сондай: керек слайд құрылымын дайындау, кейін объектілерді қойып программалау және бір-бірімен қатынас орнату. Алайда ұйымдастырылуында кей ерекшеліктері бар. Мұнда «сахна» деген ұғым бар. Әр сахна бірнеше слайдтардан тұрады. Бір сахнамен немесе мән-мағынасына бөләп бірнеше сахнамен проект құруға болады. Story View қосымшасы проект сызбасын көрсетеді, осыдан қалаған сахнаны ашып, жұмыс істеуге болады.
...