ARDO FL 105 L және Samsung WF 8590 NFW машиналарын салыстыру
Автор: akbota.shokenbay • Декабрь 10, 2018 • Курсовая работа • 3,208 Слов (13 Страниц) • 612 Просмотры
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І. САПА ТУРАЛЫ БІЛІМ ЖҮЙЕСІ
1.1 Сапа туралы білім жүйесі
1.2 Өнімнің сапасын зерттеу әдістемесі
ІІ. КІР ЖУҒЫШ МАШИНАЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР
2.1 Кір жуғыш машиналардың даму тарихы
2.2 Кір жуғыш машиналардың классификациясы
2.3 Автоматты кір жуғыш машинаның жұмыс істеу принципі және құрылғысы
2.4 Қолданыстағы МЕМСТ-ке анализдік талдау
III. ӨНІМ САПАСЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
3.1 ARDO FL 105 L және Samsung WF 8590 NFW машиналарын салыстыру
КІРІСПЕ
Бүгінде әрбір пәтерде автоматты кір жуғыш машина бар. Әдетте, бұл белгілі еуропалық немесе азиялық өндірушіден сатып алынған технология. Бұрын, Кеңес заманында, біздің елімізде адамдар тек отандық кір жуғыш машиналарды пайдаланды. Оларды жақсы көрдік, жек көрдік, бірақ басқа балама түрлерін Үкімет ұсынбады. Мысалы айтқанда, "Чайка", "Оке", "Заре" немесе "Сибирь" сияқты біздің аналар мен әжелеріміздің киімдерінін талай кірлерін жуған болатын. Жуу процесі бірнеше сағатқа созылды. Әдетте отбасында демалыс күндерінің бірі бөлінетін тұғын. Дегенмен, 80-жылдардың соңында кейбір азаматтар кеңес техникасының кереметін - "Вятка"автоматты кір жуғыш машинасымен таң калдырды. Шын мәнінде," Вятки "итальяндық техниканың кереметі болды, себебі Кировтағы конвейер атақты" Мерлони Элетродоместичи "концернімен, "Ariston" кір жуғыш машиналарын өндірушімен ынтымақтастық жолымен қол қойылған. Қазір адамдар негізінен ARDO, BEKO, Samsung, Indesit, Ariston сияқты шетелдік өндірушіден немесе бізде шетелдік компаниялармен (Candy) өндірілген кір жуғыш машиналарды пайдаланады.
Мұндай таңдау өнімнің сапасына байланысты, өйткені тұтынушының бұйымдарды сатып алуының орындылығын анықтайтын негізгі фактор сапа болып табылады. Кір жуғыш машиналарды зерттеу және салыстыру, неғұрлым сапалы анықтау мақсатында қазіргі уақытта өзекті мәселе болып табылады, өйткені осы алмастырылмайтын жабдықты пайдаланушылардың пайызы жыл сайын өсіп келеді. Сапаны кәсіпорындарды механикаландыру, жаңа технологияларды қолдану, жабдықтарды тиімді пайдалану және тұрмыстық техника сервис кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандар даярлау арқылы арттыруға болады.
Ұзақ пайдалану кезінде тұрмыстық техниканың жекелеген тораптары мен бөлшектері тозады. Сондықтан өнімнің сапасын арттыру маңызды. Бұл жұмыстың мақсаты кір жуғыш машиналарды олардың ең сенімді және тиісінше неғұрлым сапаны анықтау мақсатында салыстырмалы талдау болып табылады.
Осы мақсатқа сүйене отырып, мынадай міндеттер шешілетін болады:
* зерттеу нысанын талдау;
* әр түрлі өндірушілердің кір жуғыш машиналарының сипаттамаларын салыстыру әдістемесін жасау;
* кір жуғыш машиналарға салыстырмалы талдау жүргізу;
Бұл жұмыстың зерттеу объектісі ретінде тұрмыстық автоматты кір жуғыш машиналар болады. Кір жуғыш машиналар-бірінші қажеттіліктегі тауар. Ресейде тұтыну деңгейі бойынша олар теледидарлар мен тоңазытқыштардан кейін жүреді. Зерттеу пәні кір жуғыш машиналар сапасының көрсеткіштерін талдау болып табылады. Жұмысты орындау кезінде келесі әдістер қолданылады: жіктеу, талдау және салыстыру.
І. САПА ТУРАЛЫ БІЛІМ ЖҮЙЕСІ
1.1 Сапа туралы білім жүйесі
Сапа – философиялық дәреже. Бұл алғаш рет б.э.д. ІІІ ғасырда Аристотелмен көрсетілген. Ал сапаның философиялық анықтамасы Гегельмен (ХІХ) берілді: «Сапа ең біріншіден болмыспен тепе-тең нақтылық, сондықтан бір нәрсе өзінің сапасын жоғалтқан кезде ол өз болмысын жоғалтады». Сондайақ сапаның заманауи анықтамасы да бар. Сапа дәрежесі объектінің объективті қызметінің маңызды жағы – нақтылығын көрсететінін айта кеткен жөн. Объектінің сапасы, әдетте оның жеке қасиеттеріне түйіспей, одан бөлінбейтін, оны толығымен қамтитын объектімен байланысты болады. Сондықтан сапа түсінігін заттың болмысымен байланыстырады.
...