Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі» КММ-сі Қамқоршылар кеңесінің 2018 жылы атқарған жұмысының талдауы

Автор:   •  Январь 10, 2019  •  Доклад  •  309 Слов (2 Страниц)  •  771 Просмотры

Страница 1 из 2

Бородулиха аудандық

білім бөлімінің басшысы

Н.К.Кукшебаеваға

«Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі» КММ-сі  Қамқоршылар кеңесінің 2018 жылы атқарған жұмысының талдауы.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 27.07.2017 жылғы №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережелеріне сәйкес жұмыс жасады. Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Н.А.Асаубаев  есеп берді.  Қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылғандығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.

  Жалпы  жыл бойы 4 отырыс өткізіліп, 14-тармағына сәйкес төмендегідей жұмыстар жүргізілді. Онда қаралған мәселелер қамқоршылық кеңесінің нормативтік құжаттарымен таныстырды. Кеңес мүшелері қайта сайланды. Кеңес мүшелерінің міндеттері бөлініп берілді (төрағасы, орынбасар, жауапты хатшы).

Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары құрылып, бекітілді.Бюджеттен тыс шағын кәсіпкерлерді тартып, оларды пайдалану жолдары қарастырылды. Мектептің оқу-материалдық базасының сақталуы мен үнемі толтыруын қамтамасыз етуге жұмыстар жоспарланды.

Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның кабинеттерін көркейту мақсатында жұмыс жасап, ата-аналардың арасынан демеушілер тауып 3 оқу кабинетіне жалпы сомасы 144 000 теңгеге   терезе перделерін орнатып берді.

Білім беру үдерісі мен тәрбие үдерісін  іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсетті. Жеткіліксіз қамтамасыздандырылған оқушылардың құжаттарын қабылдап, тізімін жасау жұмысына қатысты. «Мектепке жол» акциясына бірнеше демеуші тауып, 1-сыныпқа баратын 10 оқушыға  жинақталған сумка, 3 оқушыға  қаржылай (5 мың теңгеден), 1 отбасының 3 оқушысына мектеп формасымен көмек көрсетілді. Бұл көмектер уақыт тығыздығына байланысты есепшотқа түсірілмей тікелей көмек алушыларға берілді.

...

Скачать:   txt (4.3 Kb)   pdf (69 Kb)   docx (11 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club