Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жалпы білім беретін мектептердегі 5 сыныбына арналған Жаратылыстану оқулығына анализ

Автор:   •  Июнь 5, 2023  •  Лабораторная работа  •  1,123 Слов (5 Страниц)  •  194 Просмотры

Страница 1 из 5

№5  лабороториялық  сабақтың тақырыбы: 

Жалпы білім беретін мектептердегі 5 сыныбына арналған  Жаратылыстану оқулығына анализ

  1. Оқулықтың мазмұнына шолу

Есеп беру түрі: конспекті жазу, есеп беру

Әдістемелік нұсқаулық:  Лабороториялық сабақ барысында оқу  материалдарының  негізгі  мазмұнының  білімділігі  мен  ойы,  дағдылары  тиянақталады.  Студенттердің  білімі  ауызша  сұраулар, жеке  семестрлік  тапсырмаларды  орындап,  оларды  қорғау  арқылы  тексеріледі.Білімді бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы жүргізіледі

Әдебиет: 5 сынып Жаратылыстану оқулығы, Б.Ш Әбдіманапов, А.У Әбілғазиев «Атамұра» 2017 жыл

         Бастауыш мектепке «Жаратылыстану» пәнін енгізу жайдан жай жүзеге аса салған іс емес. Бастауыш сыныптағы «Жаратылыстану» пәнінің негізінде 5-6 сыныптарда жаратылыстану ғылымдары енгізілмек, бесінші сыныптағы «Жаратылыстану» мен 7-8 сыныптардағы «Физика», «Химия» пәндерінің арасындағы алшақтық жойылмақ. Нәтижесінде мектептегі жаратылыстану ғылымы бойынша білім беруді үздіксіз етуге мүмкіндік жасалуда. Жаратылыстану ғылымдары бойынша үздіксіз білім берудің маңызы айтпай-ақ түсінікті деп ойлаймын. Жаратылысқа көзқарас, оны танып-білуге деген ізденіс көне заманнан-ақ адамзатты қызықтырды, оны зерттеуге мәжбүрледі. Осылайша, табиғатты зерттеумен айналысатын ғылымдардың жиынтығы ретінде жаратылыстану ғылымдары пайда болды. Ол табиғат құбылыстарын, микродүниеден бастап  ғарыштық жүйеге дейін түрлі табиғат нысандарын, дүниенің жалпы қасиеті мен құрылымын, тірі табиғатты, біз тіршілік ететін – Жерді, сондай-ақ, біздің ғаламшарымыздан тыс нысандарды тануды көздейді. Ұлы ойшыл Әл-Фараби өзінің бір еңбегінде «философияны оқып үйренуден бұрын табиғат туралы ғылымды игеру керек, өйткені бұл ғылым адамға барынша жақын, мәндері анық және оған түсінікті ғылым саласы» деп жазады. Демек, табиғаттың бір бөлігі болып табылатын адамзат үшін өзіне қатысты білім берудің маңызы ерекше. Жаратылыс туралы білім беру, әсіресе, қыста да, жазда да, түнде де, күндіз де табиғат төсінде, табиғатпен етене өмір сүрген Ұлы даланы мекендеген халықтың ұрпағы ретінде біздерге ерекше жақын деп ойлаймын. Сонымен қатар, «Жаратылыстану» пәні арқылы, біріншіден, кіші мектеп жасындағы оқушылардың табиғи білімқұмарлығының дамуына ықпал етеміз. Екіншіден, әлем жайлы ой-өрісін кеңейтеміз. Үшіншіден, ғылымды түсінуін және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауын қалыптастырамыз. Төртіншіден, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерін дамытамыз. Қарап отырсақ, «Жаратылыстану» пәнінің бағдарламасына ғасырлар бойы адамзатты толғандырған тақырыптар енгізілді. Әл-Фараби атамыз айналадағы заттарды, денелерді кезінде алтыға бөлді: аспан денелері; есті жануарлар – адамдар; ессіз жануарлар; өсімдіктер; минералдар; төрт түпкі негіз – от, ауа, топырақ және су. Бағдарламаның мазмұнына осы тақырыптармен қатар табиғат физикасы бөліміне қарасты тақырыптар да кіріктірілген. Бастауыш сыныптардағы «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасы осы тақырыптар төңірегінде білім берумен қатар зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылардың негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Білім мен дағдыларды қатар дамыту үшін оқыту тәсілдеріне де өзгеріс енгізілді. Қытай философы Конфуций «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін» дегендей оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіреді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, іс-әрекетке белсенді қатысады. Осыған орай, оқулықтардағы тапсырмалар да түрлі айдарлар арқылы ұсынылған. Оқулықтағы «Зертте» айдарындағы тапсырмалар, сұрақтар, тәжірибелік жұмыс түрлерін орындау арқылы оқушылардың бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларын дамытуды көздейді. «Жаратылыстану» пәнін оқу барысында оқушылардың бойында мынадай зерттеу дағдылары дамиды:  бақылау әдісі; зерттеуді жоспарлау; деректерді алу және ұсыну; нәтижелерді түсіндіру. Оқыту үдерісі барысында тапсырмаларды оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағыттап жоспарлауымыз керек. Мысалы, 1-сыныпта «Магнит» тақырыбын өткенде магниттік қасиеттері бар денелерді анықтауға тапсырма беруге болады. Үстел үстіне металл, пластмасса, шыны, мата, ағаш заттарды қойып, магниттік қасиеттері бар денелерді анықтау тапсырылады. «Неліктен мына қасықтарды магнит тартпады?» деген сауал арқылы оқушылар әдетте «темір» деп үйреніп қалған (алюминий, никель және тағы да басқалар) металдардың магниттелмейтінін анықтайды.  Оқулықтағы «Ойлан» айдарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға бағытталған мәселелік сұрақтар беріледі. «Адамзаттың дамуы мен өсуі үшін не қажет?» деген ашық сұраққа жауап беру үшін оқушылар адамның тіршілігі үшін қажетті факторларды өздері анықтайды. Мысалы, тамақ, ұйқы, т.б. 2-сыныпта өсімдік бөліктері мен олардың қызметі туралы тақырыпты өткенде «Егер де өсімдіктің тамыры болмаса не болар еді?» немесе «Өсімдіктің сабағы болмаса не болар еді?» деген сұрақтар арқылы оқушыларды ойландыруға қол жеткізуге болады. Оқушылар дайын қалыптасқан стандартты жолмен жүрмей, мәселенің шешімін өзі іздеп табады, тиісті заңдылықтарды зерделейді, осылайша, белсенді оқу жүзеге асады. Мәселелерді шешуге арналған жаттығулар арқылы оқушыларды сын тұрғысынан ойландыруға болады. Жоғарыда айтылған «Магнит» тақырыбын өткенде мынадай мәселені шешуге арналған тапсырмалар беруге болады: жарманы шашпай, қолды салмай скрепканы жинап ал; стакандағы судан суды төкпей, қолды салмай скрепканы шығар; қолмен ұстамай скрепканы қағаз бетінде белгіленген 1, 2 мәреге жеткіз. Оқушыларға осындай мәселелерді ұсыну арқылы олардың уәжін арттыруға, жаңалық ашуға және өз тұжырымдарын жасауға ынталандыруға мүмкіндік туады. Оқушылардың өзіндік көзқарасы мен пайымдауы қалыптасып, дамиды. Олар тиісті нысандарды мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. Оқулықтағы «Сен білесің бе?» айдарында сабақ тақырыбына байланысты қызықты, танымдық ақпараттар берілсе, «Есте сақта!» айдарында тақырып бойынша негізгі қорытынды ой тұжырымдалады. бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары мазмұнындағы, интернет ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі ғылыми ақпараттармен жұмыс жасай отырып, іздеу әдістерін игереді, ақпараттың мағынасын ажыратады және растығын дәлелдейді. Жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің мәнін түсінетін және түсіндіре алатын болады.

...

Скачать:   txt (16.8 Kb)   pdf (144.8 Kb)   docx (200.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club