Алгоритмге ғалымдардың қосқан үлесі
Автор: инжу Белескызы • Март 19, 2018 • Практическая работа • 8,226 Слов (33 Страниц) • 831 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..........................................................................................................................3
І. Негізгі бөлім.
Алгоритмдердің теориясын зерттеу мәселелері.......................................................5 1.1.Алгоритмдерді талдау............................................................................................6
1.2. Черч тезисі.............................................................................................................8
1.3. Массив теориясының түсінігі............................................................................15
ІІ. Алгоритмге ғалымдардың қосқан үлесі.........................................................16
2.1. Колмогоров Ярославльдің өмірбаяны..............................................................16
2.2. Колмогоровтың ашқан жаңалықтары...............................................................23
ІІІ. Практикалық бөлім..........................................................................................27
3.1. Берілген есептің қойылымымен танысу...........................................................27
3.2. Есептің толық алгоритмі....................................................................................30
3.3. Есептің нәтижесін алу........................................................................................33
Қорытынды..............................................................................................................34
Пайдаланған әдебиеттер...........................................................................................35
Кіріспе.
Қазіргі кездегі программалау тілдерінің арасындағы қуаттысы әрі кең қолданылатын түрі С++ тілінде программалау болып табылады. Бұл тілдің көмегімен обьектіге бағытталған программалауда мүмкіндіктерді толық көлемде пайдалануға болады және тек қана ағымдағы қосымшалардан тыс қолданыла алатын жаңа обьектілерді құруға арналған программалау тілі.
Қарастырылып отырған курстық жұмыс С++ тілінде программалау тілінде «Бірөлшемді массивтер және оларды сұрыптау» тақырыбын зерттейді. Курстық жұмыста С++ программалау тілінің көптеген мүмкіншіліктері қарастырылып, соңғы бөлімде бірөлшемді массивтерді сұрыптауға арналған есептерге сипаттама беріліп, программалардың орындалу нәтижелері шығарылды.
Курстық жұмыстың мақсаты – С++ программалау ортасында бірөлшемді массивтерді сұрыптау программасын құру болып табылады. Курстық жұмысты жаза отырып, мақсаттарға сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
С++ программалау тіліндегі массивтер түсінігін, соның ішінде бірөлшемді массивтерді зерттеу;
Бірөлшемді массивтерді сұрыптау тәсілдерін зерттеу;
Бірөлшемді массивтерді сұрыптау кезінде қолданылатын қосымша операторлардың мүмкіндіктерін зерттеу;
С++ программалау тіліндегі бірөлшемді массивтерді сұрыптау программасын құру.
Қарапайым элементтерді пайдаланған кезде мәліметтерді сақтауға арналған әрбір жады аймағына өзіндік жеке атау беріледі. Егер бір типтегі шамалар жиынымен бірдей әрекеттер орындау керек болса, оларға бір ғана атау беріледі де, олар бір-бірінен реттік нөмірлері бойынша ажыратылады. Осылайша көптеген операцияларды циклдер көмегімен жинақты түрде жазуға мүмкіндік туады. Бір типтегі шамалардың ат беріліп, шектелген тізбегі массив деп аталады.
Массив элементтері нөлден бастап нөмірленеді. Массивті сипаттау кезінде қарапайым айнымалыларды сипаттауда жазылатын модификатор (жады класы, const және инициализатор) қолданылады. Массивтерді инициалдайтын мәндер жүйелі жақшалардың ішіне жазылады.
...