Джакомо Пуччинидің опера өнеріне қосқан үлесі. Опера Мадам Баттерфляй
Автор: kuaka090677 • Июнь 4, 2019 • Курсовая работа • 3,769 Слов (16 Страниц) • 584 Просмотры
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Джакомо Пуччини қызықты да тыңғылықты, әртүрлі оқиғалар өмір жолында кездесіп, махаббат, қайғы- қасірет,өлім аузында болу және қуанышқа толы сәттерде оның өмірін толықтырып тұрды. Оның музыкалық шығармашылығы қоғамда болып жатырған, көп айтылмайтын нәрселерді, дәлірек айтқанда өзіне қол жұмсау, өмірмен қоштасу, жеңіл жүрісті қыздар, зұлымдық, алаяқтық сияқтыларды бейнеледі. Пуччини қоғамдағы осындай мәселереді жақсы білген. Себебі осындай оқиғалармен көп кезіккен. Пуччинидің өзі қыздарға көп ғашық болып, жеңіл жүрген. Сол кездегі ескі нақылдарда: «Не туралы жақсы білесің, соны жаз» деген сөздер болған. Яғни Үлы композитор көптеген шығармалапрын өзіне таныс, өзі жақсы білетін қоғамдағы мәселелерді ноты арқауына әдемі етіп түсіре білген. Пуччиниді өз заманында «Жаман жігіт» деген атауда берген екен. Лукка қаласында оның отбасын музыкалық династия ретінде жақсы білген. Отбасында дүниеге келген үлкен ұл, әкесі өлгеннен соң отбасының басы болуға асықпады. Барлық отбасы мүшелері Джакомоға сенген болатын. Музыка мектебінде дәріс алып жүргенде сабаққа немқұрайлы қарап, жалқаулық танытып, ұстаздар анасына ескерту жасап отырған деседі. Тентектігі соншалық шіркеуден органның трубаларын ұрлап, сатып тапқан ақшаға шылым мен ішімдік алған екен. Бірақ Пиза қаласына барып, Дж. Вердидің «Айда» операсын тамашалаған. «Осындай құнды дүниелерді қарау, мені музыка әлеміне әкелді»,- деп бір жазбаларды ойын қалдырған. Қаншалықты тентек болса да отбасының музыкалық құндылығын Милан Консерваториясында білім алып жүрген кездерінде, оның ерекше талант иесі болғанын ескеріп, кейбір қателіктері кешіріліп емтиханға жіберіліп отырған. Міне, өз заманының ерекше дарыны болған Дж. Пуччинидің өмірі мен шығармашылығы мені қызықтырып, зерттеу тақырыбымды «Джакомо Пуччинидің опера өнеріне қосқан үлесі. Опера Мадам Баттерфляй»,- деп таңдауыма негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Композитор Дж. Пуччинидің шығармашылығын терең зерттеп, оның опера өнеріне қосқан үлесін талдау.
Зерттеу міндеттері:
- Дж. Пуччинидің музыкалық шығармашылығын зерттеу;
- Дж. Пуччинидің шығармашылық өнерін сараптау барысында ғылыми зерттемелерді талдау;
- жаңа деректер табу.
Зерттеу көздері: өнертанушылардың ғылыми еңбектері, музыка тарихы, шығармашылық журналдар.
Зерттеу әдістері: тарихи деректерді сараптау, интернет желісіндеге мәліметтерді саралап, талдау және салыстыру .
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, тақырыптардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Тарау. Дж. Пуччинидің өмірі мен шығармашылығы
1.1. Өмір тарихы
Джакомо Пуччини 1858 дылдың 22 желтоқсанында Италияның солтүстігінде орналасқан, Тоскане провинциясының Лукка қалалсында дүниеге келді.
Пуччини - зиялы қауым, музыканттар отбасының ұлы және немересі. Лукка қаласында тұрған атасы Джакомо XVIII ғасырдың ортасында, шіркеу композиторы және кафедралық хор дирижеры болған.
«Лукка елінің музыкант» атағын ұлы неміс композиторы сияқты ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келген. Әкесі Микеле Пуччини Лукка қалалсында музыка мектебінің негізін салушы және бірнеше операның авторы ретінде танымалдыққа ие болған. Микели Пуччини 33 жасында қайтыс болып оның зайыбы Альбина 6 баламен кедейшіліктің азабын тартады. Бірақ Альбина Пуччини- Маджи күйеуі Микели Пучинидің соңғы өтінішін өмір тартысына қарамастан толығымен орындайды. Балаласының бойындағы дарындығын сол кездегі Лукка қаласынан музыкалық білім алудың қиын екенін түсінседе оқытады.
...