Аристотельдің формальді логика заңдылықтары
Автор: sagladinova_ • Октябрь 12, 2021 • Эссе • 675 Слов (3 Страниц) • 788 Просмотры
Сағладинова А.Қ
АТИ-101_СӨЖ №2
nyrgalievaakjibek@gmail.com
Аристотельдің формальді логика заңдылықтары.
“Формальды логика” туралы айтпас бұрын, “логика” не екенін біліп алған жөн. Яғни логика дегеніміз не?! Аристотельдің логикаға қандай қатысы бар?! Осы сұрақтарға жауап бере отыра, басты тақырыпты ашуға болады деген ойдамын.
Логика- дегеніміз бұл жәй сөзбен айтқанда “ойлау” туралы ғылым. Ойлаудың формалары мен заңдылықтары туралы түсінік. Ойлау-дүниені тану мен игеру, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау өз функцияларын орындау кезінде нақты бір заңдылыққа бағынады. Яғни кез-келген шыңдық аумағында өзіндік заңдар болады, сол сияқты логикада да формальді логика, тепе-теңдік, қайшылық емес және үшіншісі жоқ деген заңдары бар. Бұлардың бастапқы үшеуі Аристотель мен Платонға тиесілі. Осылардың ішінде бізге керегі “ формальды логика”.
Формальды логика ойдың нақты мазмұнына мән бермей тек мазмұн бөліктерінің байланысының жалпы мәселесін жіктеу. Қысқаша айтқанда формальды логика ойдың нысандарын зерттеу яғни тұжырымдау, пайымдау, қорытындылау, дәлелдеуді. Аристотельдің формальды логикаға қосқан үлесі зор. Тіпті бұл ғылым осы Аристотельдің еңбектерінде бастау алған десек те болады.
Аристотель ежелгі грек философы, Платонның шәкірті , “адамзаттың бірінші ұстазы” деген атағы бар ұлы ғұлама. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның арқасында XIX ғасырда формальды логика ғылымы қалыптасты. Бұл құр мақтау емес. Джон Локк өзінің бір сөзінде “ Құдай адамдарды екі аяқты болу үшін жаратқан жоқ, оларды зерек ете түсуді де Аристотельге тапсырған жоқ” деген. Алайда осы Аристотельдің арқасында біз қазіргі таңда ойымызды жеткізудің алғашқы шартты білімін игердік. Аристотельдің негізгі логикасы мына заңдылықтарға негізделеді:
...