Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әуе байланыс желісі туралы жалпы мәлімет

Автор:   •  Ноябрь 12, 2023  •  Реферат  •  1,235 Слов (5 Страниц)  •  181 Просмотры

Страница 1 из 5

Әуе байланыс желісі туралы жалпы мәлімет

Әуе линиялары тағайындалуы бойынша былай бөлінеді: қалааралық телефон байланысы / ҚТБ –МТС /, селолық байланысы / СТБ – СТС/ қалалық телефон байланысы / ҚТБ – ГТС/ және радиотаратқыш жүйе / РЖ- РС/

[pic 1]

1- сурет ӘБЖ нің бөлінуі

Ауданның ауа – райы жағдайларына байланысты / сымдардағы мұздың қалыңдығына байланысты/ әуе линиялары келесі типтерге бөлінеді: жеңілдетілген /о- облегченный/- мұздың орташа қалыңдығы  5мм –ден аспайтын аудандарда; әдеттегі /н- нормальный/ - мұздың қабыршығының қалыңдығы 10мм – ден аспайтын аудандарда; күшейтілген / у- усиленные/ - мұз қабыршығынң қалыңдығы 15мм – ден аспайтын аудандарда. Сымдардың орташа аралықтарының ұзындығы 40-50м болады.

Бағаналық тіректердің құрылыстары. Бағаналы тіректер аралық бұрыштық,  соңғы және кабель тірегіне бөлінеді.  

 

соңғы                                  аралық                                 бұрыштық

[pic 2][pic 3][pic 4]

2-сурет

Олар ағаш немесе темірбетон болулары мүмкін. Ағаш бағаналарды және олардың тіреулерін сағыз қарағайдан /лиственница/ бөренелерінен, қарағайдан, бал қарағайдан /кедр/ және шыршадан ұзындықтары 6,5; 7,5; 8,5; 8,9; ІІ және 13м дайындалады.

[pic 5]

3- сурет.  Бағаналарды бекіту және ұзарту түрлері:

а) темірбетонды  және    б) ағаш тіреулер

Оларды орнатудың алдында ағашты шіруден қорғау үшін химиялық затпен антисептикалық ылғалдандырады /пропитывает/ Ең оңай және кең таралған тәсілдердің бірі – бағаналарды және тіреулердің бандаж тәсілімен ылғалдау. Бағананың жуан / төменгі/ жағын ылғаландырады, оған антисептикалық паста жағып, одан соң қалпақты толь шегелерімен бекітеді. Бандаж жердің бетінен 10см жоғары шығып тұруы қажет. Бағананы шіруден сақтау үшін, оны темірбетон тіреулеріне орнатуға болады, ол бағананың қызмет мерзімін екі есе көбейтеді.

Соңғы жылдары әуе линияларының құрылысына темірбетон тіректерін және тіреулерін жиі қолданады.  Қалалық телефон желісінде темірбетон тіректерінің екі типтерін пайдаланады: тікбұрышты жеңілденген қатаймаған арматураларды /ПО – прямоугольн. Облегченные с ненапряженной арматурой/ және ұзындығы 6,5; 7,5 және 8,5м алдын – ала қатайтқан стерженьді арматурасы бар /ПОН/. Темірбетон тіреулерін ұзындығы 2,8 – ден 3,5м дейін шығарылады.

[pic 6]

4-сурет. Кабельдік бағана

[pic 7]

П – тұлғалы және жарты анкерлі бағана

Әуе байланыс линияларындағы тіректер жай және күрделі болулары мүмкін. Жайларына жататындары; аралық, линияның түзу учаскесінде қондырылатындар. күрделілерге  - бұрыштық, линиялардың бағыттары өзгеретін соңғы линияның басында немесе соңында тұрғызатындар, олар үшін аралық тіректерді пайдаланатын тартумен /оттяжка/  бекітілетін және кабель тіректері әуе линиясы кабель линиясына ауысатын жерлерде орналасатын және керісінше.

Сымдар. Әуе байланыс линияларында қос металлды және болат сымдар қолданады. Тағайындалуы бойынша линиялық және байлайтын сымдарға бөлінеді.

Қосметалды /биметал/ сымның болат өзегінен және мыс немесе албминий дей атайды және де кейінгісі қалалық телефон желісінде кең таралмайды. Болат өзек механикалық төзімділік жасайды, ал қабаты мыстан немесе алюминийден жасалған қабат жеткілікті өткізгіштік жасайды.  Сол сияқты линияға мүжілмес үшін цинкпен қаптаған болат сымды қолданады. Линиялық сымдардың  диаметрлері 27 таблицада келтірілген.

Линиялық сымдарды изоляторға бекіту үшін диаметрі 1, 2,; 1,5 және 2мм байлайтын сымдар жатады. Бұл сым линиялыққа диаметрімен  және материалмен сәйкес болуы қажет. Болат цинкпен қапталған сымды бекітуге болат сымды, ал қос металлды бекітуге – мыс сымды пайдаланады.

...

Скачать:   txt (16.4 Kb)   pdf (805.6 Kb)   docx (672.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club