Геодезия туралы жалпы мәлімет
Автор: gulnurseitkazina • Февраль 1, 2023 • Реферат • 2,014 Слов (9 Страниц) • 332 Просмотры
1 Дәріс. Геодезия туралы жалпы мәлімет. Халық шаруашылығын дамытудағы геодезияның алатын орны. Жердің пішіні мен көлемі. Жазықтықтағы жер бетінің бейнесі (план, карта, профиль). Карталар мен пландардың номенклатурасы
Қазіргі кезде құрылыс өндірісінде индустрациялау жоғарғы деңгейге жеткен. Индустрациялау әдісімен салынатын құрылыс-монтаждау көлемі өсіп, даму үстінде. Көбінесе ғимараттар мен құрылыстарды құрама, құрама темір- бетонды конструкциялардан салу; құрылыс машиналары және монтаждау жабдықтарының жаңа, тиімді, өндірімді түрлері іске қосылуда.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын құрылыс өндірі-сінде тиімді іске асыру үшін, уақтылы ең аз шығынмен жаңа қуат көздерін, тұрғын үйлерді, заводтар мен фабрикаларды және әр түрлі инженерлік құры-лыстарды (гидроқұрылыстар, темір, тас жоладр, т.т.), сонымен бірге жобалық және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын арттыру керек.
Сонда, құрылыс-монтаждау өндірісінде қолданбалы геодезияның маңыз-дылығы өсе түседі де, ондағы істелетін жұмыстарға қойылатын геодезиялық өлшем дәлдіктерінің талаптары артады. Мұндағы ерекше орын алатын геоде-зиялық жұмыстар-құрылыс құрамаларын жобалық жағдайға дұрыс келтіріп орнату, яғни геодезиялық әдістермен құрамаларды жасау және монтаждау кез-дерінде жіберілген дәлсіздіктер уақтылы анықталып, түзетіп отыру. Құрылыс-тағы геодезиялық жұмыстарды дұрыс бағаламау, анықталған қателіктерді дер кезінде жойып, орынына келтірмеу құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапа-сын төмендетіп, немесе үлкен шығынға әкеп соғады (құрылысты қайта салу, жобалық жағдайға келгенше түзету, адам өміріне туатын өндірістік қауіп т.т.).
Конструкциялардың пландағы орынын, биіктік шамаларын бақылау және оларды тігінен орнату қолданбалы геодезияда өте дәл жұмыстар түріне жатады. Әр түрлі конструкциялардың бір-бірінен салыстыра қарағандағы орна-ласу алшақтықтары 2 мм аспауы керек. Ақпалы конвейрлер желісі, завод-тардағы құйма желілері (прокатные станы), ядролық физика нысандарын монтаждауда алшақтық 1 мм аспайды.
Осы маңызды жұмыстарды атқару үшін кеійінгі жылдары геодезиялық жұмыстарды автоматтандыру, электрондық және лазерлік техникаларды қолдану аясы жетілдіруде.
Біздің елімізде кешенді құрылыс салу-ол халық шаруашылығының өте күрделі салаларының бірі бола тұра, конститутция бойынша республика халқын сапалы және әріленген тұрғын үй, өндіріс орындарымен, инженерлік құрылыс-тармен қамтамасыз етуге бағытталған. Президенттің республика жұртшылы-ғына бағыттаған арнауындағы бағдарламаға сай қазіргі таңда әлеуметтік, бағасы арзан құрылыстар салу кездерінде құрылыс мамандарының білімді жаңа заманғы құрал-аспаптарымен, ең озық техника жетістіктерімен қарулануы Жоғарғы оқу орындарындағы алған теориялық білімдерімен, машықтану істерімен тікелей байланысты.
Құрылыс сапасын арттыруда онда істелетін технологиялық жұмыстардың әдістері мен амалдары геодезиямен тығыз байланысты. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының элементтерін жобаға сай дұрыс орнатуда, бақылап отыруда атқарылатын күнделікті, үздіксіз істелетін геодезиялық жұмыстардың әдістері де жетіле түсуді қажет етеді.
Пәнді игеру студенттердің өз беттерімен құрылыс алаңдарында геодезиялық жұмыстарды орындауға, қадалап дамытуға мүмкіндік береді.
Геодезия-жер бетінде өлшеу әдістері туралы ғылым. Бұл әдістер инже-нерлік құрылыстар мен ғимараттарды жобалауда, салуда, осы жұмыстардың картасын, планын және қималарын (профиль) салу үшін, Жердің пішінін, өлшемдерін анықтауда қолданылады. Әр түрлі ғылыми және қолданбалы салаларына байланысты геодезия төмендегідей бірнеше ғылыми салаларға бөлінеді: геодезия немесе топография, жоғарғы геодезия, аэрофототопография, космостық геодезия, қолданбалы (инженерлік) геодезия .
...