Сары май өнімі туралы жалпы мәлімет
Автор: danagul_m99 • Сентябрь 13, 2021 • Реферат • 3,898 Слов (16 Страниц) • 687 Просмотры
Мазмұны
- Кіріспе.................................................................................................................3
2. Негізгі бөлім........................................................................................................4
2.1.Сары май өнімі туралы жалпы мәлімет. 2.2. Сары май өндірудің жалпы технологиясы. 2.3. Сүт пен кілегейдің сапасына қойылатын талаптар. 2.4. Майды тұздау 2.5. Сары майды өндіру технологиясында қолданылатын құрылғылар
3. Қорытынды......................................................................................................
4.Пайдаланылған ақпарат көздері............................................................
Кіріспе
Сары май - қой, ешкі, сиыр сүтінен алынған,қаймақты күбіде пісу арқылы алынатын тағам. Майдан басқа сары майдың құрамына сүттің барлық құрамдық заттары- фосфатидтер,ақуыздар,сүт қанты,дәрумендер мен су кіреді. Сары майдың басты қасиеті –оның консистенциясы. Сары майдың консистенциясы деп өнімнің түзілуіне тәуелді оның компоненттерінің өзара байланысын, олардың физикалық және агрегаттық жағдайының, құрылымды-механикалық қасиеттерінің жиынтығын айтады.
Сары майдың түсі сары әрі сүт тағамдарының ішіндегі ең майлылығы мол, құнарлысы. Сары майды қазіргі уақытта сүтті қаймағынан айыру арқылы алады, оған сарымай алатын сеператор машинасы қолданылады. Дәстүрлі қазақ асханасында дайындалатын сары майдың осы айтылған түрінен басқа өндірістік жолмен алынған басқа да түрлері болады.
Сары майдың негізгі түрлерінің құрамында 81,5 – 82,5 % cүт майы және 16% -дан аспайтын су болады. Сары майдың дәмділік сапасы мен құрылымы жоғары болғандықтан ол жақсы сіңеді (98,5 % - ке дейін). Оның калориялылығы жоғары (1 кг-да 6,6—7,5 ккал) және құрамында А, Д дәрумендері бар, сол себепті сары майдың тағам ретіндегі бағалылығы да арта түседі.
Сары майдың ассортименті майдың сан түрлерін өндіруге бағытталған:
- диетталық пен балалар тағамы үшін,
- профилактикалық және емдік мақсат үшін,
- қуыруға арналған,
- кондитер өнеркәсібінде қолдану үшін,
- ұзақ сақтау үшін.
Сары майдың бірнеше түрі шығарылады. Тұщы сары майды пастерленген, ашымаған кілегейлер, ал қышқыл дәмді сары майды қышқыл сүт бактериясын ашытықан, пастерленген кілегейден әзірлейді. Тұщы және қышқыл дәмді сары майды тұздан да , тұзсызда дайындайды. Сары май тез бұзылатын азық. Сондықтан оны қараңғы жерде 10-12˚С температурада сақтаған жөн. Ал майды үй жағдайында тоңазытқышта сақтау керек. Кәдімгі майға қарағанда сары майдың сату мерзімі біршама қысқа, ол сақтау жағдайына қарай 10-20 күннен 90 күнге дейін өзгеріп отырады. Қолайсыз жағдайда сақталған май бұзылады — дәмі иістенеді, түсі өзгереді.
Негізгі бөлім
2.1. Сары май өнімі туралы жалпы мәлімет
Сары май-жоғары сіңімді және жақсы дәмді концентрленген майлы сүт өнімі. Сары май құрамына сүт майы, су, аз мөлшерде белокты және минералды заттар, сүт қанты, А, D, Е, К, В тобы витаминдері бар.
Сары майда 60-98% май бар. Оның сіңімділігі 95-98%, балқу температурасы-28-350С. 100г майдың калориялығы 780 ккал. Сары майда 16-35% ылғалдылық және 1-13% құрғақ майсызданған сүт қалдығы бар. Сүт майы құрамындағы төмен молекулалы май қышқылдары (май, капрон, каприл қышқылдары және т.б.) 8-13% құрайды.
...