Web-парақша құруға арналған зертханалық жұмыс
Автор: Meruyert Oraz • Февраль 6, 2022 • Лабораторная работа • 1,037 Слов (5 Страниц) • 562 Просмотры
Web-парақша құруға арналған зертханалық жұмыс
1 тапсырма. Қарапайым HTML файлын жасау
1. Өз жұмыс бумаларыңыздың ішінен жаңадан жасалған Web-құжаттарды сақтайтын STUDENT бумасын ашыңыздар.
2. Блокнот редакторы терезесінде төменде көрсетілген қарапайым HTML файлының мәтінін теру керек:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Алғашқы HTML файлы </TITLE>
</HEAD>
<BODY> Сәрсенбі күнгі сабақ кестесі </BODY>
</HTML>
3. Файлды ZHUMYS.HTM немесе ZHUMYS.HTML атымен STUDENT бумасында сақтап қойыңыздар да, Блокнот терезесін жауып тастаңыздар.
4. Жасалған Web-құжатты көру үшін сол ZHUMYS.HTM файлы белгішесін екі рет шертіңіздер, сонда (Microsoft Internet Explorer, Opera, Mozilla firefox, Google chrome және т.б.) броузері жазылған мәліметті 1 суреттегідей түрде көрсетіп тұрады.
[pic 1]
Сурет 1
5. Енді тінтуірдің оң дақ батырмасын басып «посмотреть код» командасы орындау арқылы құжаттың алғашқы терілген HTML файлы мәтінін Блокнот терезесінде көруге болады.
Енді жазылған Блокнот терезесіндегі жаттығулымыға қарамен белгіленген қосымша мәтінді енгізіңіздер:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Алғашқы HTML файлы </TITLE>
</HEAD>
<BODY> Сәрсенбі күнгі сабақ кестесі </BODY>
<H2> Менің алғашқы парағым </H2>
</HTML>
.
6. Осылай түзетілген мәтінді Файл – Сохранить командасы арқылы қайта дискіге жазып қояйық та, Блокнот терезесін төменге жасырып, қайтадан Тапсырмалар тақтасында белгішесі көрініп тұрған Алғашқы HTML файлы атын шертіп, жұмыс сақталған броузері терезесін ашайық.
7. Броузердің [pic 2] батырмасын шертіп терезедегі мәліметтің өзгергеніне көз жеткізіңіздер 2-суреттегідей. Алғашқы HTML файлы және ZHUMYS.HTM файлдарын жабыңыздар.
[pic 3]
Сурет 2
2 тапсырма. Экрандағы мәтін орналасу түрін өзгерту. Келесі жолға көшу ісін атқаратын <BR>тәгін қолданайық.
1. Енді HTML файлы мәтінінің негізгі бөлімінің керекті орындарына төмендегідей түрде <BR> тәгін енгізу керек:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Алғашқы HTML файлы </TITLE>
</HEAD>
<H2> Менің алғашқы парағым </H2>
<BODY> Сәрсенбі күнгі <BR> сабақ <BR> кестесі </BODY>
</HTML>
2. Мәтінді дискіде қайта сақтап, web-құжатты жаңартыңыздар, терезедегі мәлімет орналасуы 3 суреттегідей болып өзгереді. Енді HTML құжаты мен ZHUMYS.HTM файлын жауып тастаңыздар.
[pic 4]
Сурет 3
3 тапсырма. Форматтаудың арнайы командалары
Жаңа абзац ашатын арнайы <Р> тәгі бос жол енгізіп, жаңа абзацты алдыңғы мәтін жолдарынан бөліп тұрады.
1. HTML файлы мәтінінің <BODY> ... </BODY> тәгтері ортасына төмендегідей өзгерістер енгізіңіздер:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Алғашқы HTML файлы </TITLE>
</HEAD>
<H2> Менің алғашқы парағым </H2>
<BODY>
<P> Сәрсенбі күнгі </P>
<BR> сабақ <BR> кестесі
</BODY>
</HTML>
2. Өзгертулерді ZHUMYS.HTMфайлында қайта сақтап, Microsoft Internet Explorer броузері арқылы осы өзгертілген Web-құжатты қарап шығыңыздар. Экрандағы мәтін қандай өзгерістерге ұшырады? Жаңа құжат 4 суреттегідей болып бейнеленуі тиіс.
[pic 5]
Сурет 4
4 тапсырма. Мәтін фрагменттерін ерекшелеу.
1. ZHUMYS.HTM файлы мәтінінің <BODY> ... </BODY> тәгтері ортасына төмендегідей өзгерістер енгізіңіздер:
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> Алғашқы HTML файлы </TITLE>
</HEAD>
<H2> Менің алғашқы парағым </H2>
<BODY>
<B> Сәрсенбі күнгі </B>
...