Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Java программалау тілі негіздері

Автор:   •  Апрель 8, 2021  •  Курсовая работа  •  5,606 Слов (23 Страниц)  •  759 Просмотры

Страница 1 из 23

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ақпараттық технологиялар факультеті

Есептеу техникасы кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән атауы: Объектіге-бағытталған программалау

Мамандығы: 5В070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»

Тақырыбы: «Транспорт»

Қабылдаған:

Орындаған:

Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл

Мазмұны:

Кіріспе

Java программалау тілі негіздері.

Деректер типтері, айнымалылар, операторлар.

Java тілінің басқару операциялары.

Объектіге-бағытталған программалау

Объектіге бағытталған программалау.

Массивтер. Саналмалы типтер.

Блоктар жəне ішкі кластар.

Мұрагерлік.

Параметрленген класстар.

Кодты құжаттау.

Интерфейстер.

Жолдар.

Ерекше жағдайлар.

Коллекциялар.

Кіріс-шығыс ағындары.

Сериялизациялау.

Логтау Log4j.

Қосымшаны тестілеу JUnit құралы.

Қосымша туралы.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер мен сілтемелер.

Кіріспе

Объектіге-бағытталған программалау–процедуралық программалау идеологиясының дамуы нәтижесінде пайда болды. Қазіргі объектіге -бағытталған программалауда – оқиға (оқиғалы бағытталған программалау деп те атайды) және компонент (компоненттік программа) түсінігі көптеген мағына береді. Бұл программалаудың алғашқы тілі – Симула. Дәл осы тіл ең алғашқы ұзақ таратылған объектіге бағытталған программалау тілі болып табылады.

Объектіге-бағытталған программалаудың негізгі артықшылығы модульдік программалаумен салыстырғанда модульдер арасында жіберілген ақпарат көлемінің азаюы және модуларалық байланыстар санының қысқаруы. Объектіге- бағытталған программалаудың негізгі кемшілігі программалық жүйе құрастырылуының күрделілігі есебінен жылдамдықтың азаюы. Обьектілі-бағытталған программалау көптеген есептерді моделдеуде сапалы мүмкіндіктерге ие. ОБП-ның негізгі идеясы – ол берілгендермен осы берілгендерге қолданылатын іс-әрекеттердің объект деп аталатын бір бүтінге бірігуі.Объектіге-бағытталған бағдарламалау –объектілердің көмегімен бағдарламаларды жобалау,жазу.

Соңғы кездері өзінің көптеген артықшылықтарының арқасында кең таралып келе жатқан обьектіге -бағытталған программалау тілдерінің бірі — Java программалау тілі. Java тіліндегі обьектіге – бағытталған программалау — программаны әрқайсысы нақты кластың данасы болып табылатын обьекттердің жиынтығы түрінде бейнелеуге негізделген әдіснама. Java технологиясымен құрылған қосымшаны машиналардың кез келген түрінде, дербес компьютерде, желілік компьютерлерде, тіпті телефонда да қолдануға болады. Java тілінде программалау үшін төмендегідей инструменталдық құралдардың бірін қолдануға болады: — JDK (Sun Microsystems) — NetBeans (Sun Microsystems) —Java Studio Creator (Sun Microsystems) — Eclipse— IntelliJ IDEA — IBM WebSphere — J#.NET (Microsoft) Java тілінде жазылған программа кластар жиынтығы болып табылады және текстік файлдарда .java кеңеймесімен сақталады. Қысқаша айтқанда, Java – жаңа ғасырдың программалау технологиясы.

...

Скачать:   txt (84.7 Kb)   pdf (158.1 Kb)   docx (44.7 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club