Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Python программалау тілінің негіздері

Автор:   •  Октябрь 18, 2018  •  Реферат  •  8,592 Слов (35 Страниц)  •  13,651 Просмотры

Страница 1 из 35

Информатика     кафедрасы

«Python  программалау  тілінің   негіздері» пәнінен  практикалық  және  зертханалықжұмыстарды  орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар


Алғы сөз

Курс мақсаты -   Python тілінде   қосымшалар құрудың әдістерін және    программалау әдістерін меңгеру, құрылымы мен моделдерін оқыту,   логикалық  ойларын дамыту. .

Пәнді оқыту міндеттері:

Python программалау тілінің құрылымымен таныстыру;

  • Python тілінде  программалау  түсініктерін қалыптастыру.
  • Кәсіптік  қызметінде  құрылымдық  және ОБП   программалаудың  принциптерін   қолдануды  меңгеру;
  • Python  тілінде  қосымшалар құру технологияларын  меңгерту.

Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент :

        Білу. Python  бағдарламалау тілінің алфавит, синтаксис және семантикасы;   Python бағдарламалау тілінің инструментальды құралдарымен жұмыс істеу; мәліметтер құрылымын берудің  негізгі принциптері мен әдістері; құрылымдық программалау тілі мен объекті бағдарланған программалау тілдерінің  негізгі ұғымдарын білу; алгоритмдеу тәсілдері және программаны компьютерде орындаудың негізгі  кезеңдері. .

Үйрену. Қойылған есеп мақсатын анықтау; программалау тілінде  бағдарламаны құру,  тестілеу  және интегралды ортада  өңдеу.

Меңгеру. Нақты есептерді практикада жүзеге асыру үшін бағдарламалық қосымшаларды құра білу дағдысы; құрылымдық программалау тілі мен объекті бағдарланған программалау әдістерін қолдану.

Негізгі әдебиеттер

1. Языки программирования [Электронный ресурс]– Москва: Интернет университет информационных технологий: Новый диск, 2006.

            2. Сузи Р. А. Язык программирования Python: учеб. Пособие/ Р. А. Сузи. – Москва: БИНОМ. Лаборатория знаний: Интернет-Университет Информационных Технологий, 2006. 326 с.

3.Прохоренок Н. А. Python 3 и PyQt. Разработка приложений  Спб: BHV, 2012 г. 704 стр.[pic 1]

Қосымша әдебиеттер

  1. Д.М.Бизли, Г. ванРоссум. Язык программирования Python.Справочник. (пер. с англ.) Киев: «ДиаСофт», 2000.
  2. . М.Лутц. Программирование на Python. (пер. с англ.) СПб.: «Символ- Плюс», 2002.
  3. М. Саммерфилд. Программирование на Python . Подробное руководствопер. с англ.) СПб.: «Символ-Плюс», 2009.

Зертханалық   жұмыс  №1

IDLE ортасы. Программа құрылымы және орындау

Мақсаты: IDLE  интегралды ортасы , негізгі  командалары,  программа    құрылымы  және   Math  класымен танысу .

Негізгі  ұғымдар.  IDLE  ортасы,  негізгі командалар,  жаңа программа құру, сақтау, орындау , программа құрылымы.

        Программаны  іске   қосу  үшін   \\Негізгі  меню\\Программалар \\Python 3.4\IDLE (Python GUI)  командаларын орындаймыз. IDLE  ортасының   интерфейсі 1 суретте көрсетілген.

[pic 2]

  1. сурет.  IDLE  ортасы

Жаңа  программа  құру  үшін  \File\New fileкомандаларын орындаймыз.  Программа мәтіні ашылған  терезеде  теріледі.  Программаны ашу үшін  \\File\\Open  командалары  орындалады.   Программаны сақтау үшін   \\File\\Save  командаларын  орындаймыз.  Қосымша орындалу үшін  \\Run\Run Module  командаларын  немесе  F5 клавишін  таңдаймыз

Бекіту  мысалы.  Үшбұрыштың  әр қабырғаларының  ұзындықтары берілген.Үшбұрыштың  периметрін және Герон формуласы бойынша ауданын есептеңіз.

Бер.: a,b,c:N;

Табу керек:     P- ?  S-?

Программа коды:

# -*- coding: utf-8 -*-

import math

# Їшбўрыш ќабырєаларын  енгізіѕіз--

a=int(input( ))

b=int(input( ))

c=int(input( ))

p=int(a+b+c)

pr=float((a+b+c)/2)

print('Їшбўрыш периметрі p=',p)

s=math.sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c))

print('Їшбўрыш ауданы  s=',s)

Программаның  орындалу   интерфейсі 2 суретте көрсетілген.

[pic 3]

                             2  сурет.  Есептеу нәтижесі

Бақылау сұрақтары

  1. IDLE  интегралды ортасының  негізгі  командаларын  атаңыз.
  2. Math  класында анықталатын негізгі математикалық функциялардың  жазылу ережесі қандай?
  3. Мәліметтерді енгізуге және шығаруға қандай  операторлар  қолданылады?

Өзіндік   жұмыс тапсырмалары  

  1.    Нақты  x,yсандары   берілген.Функцияның  мәнін есептейтін программа құр, мұндағы   fn=x2   +|x+y|;
  2. Зат салмағы  граммен берілген.  Салмақты тоннамен, килограммен анықтаңыз.
  3. Информация  көлемі байтпен берілген. Өлшемді килобайтқа, мегабайтқа  аударыңыз.
  4. Нақты  x,yсандары   берілген.Функцияның  мәнін есептейтін программа құр, мұндағы   Z=1/(XY) ,   X және Y 0-ге тең емес.
  5. x және y айнымалыларының  кез келген мәндері үшін келесі функцияның мәнін есептеу программасын құрыңыз: z=x3-2,5xy+1,78x2-2,5y+1.
  6. ax+b=0 (a[pic 4]0) сызықтық теңдеуінің шешу программасын құрыңыз.
  7. Тік  бұрышты  үшбұрыштың катеттері берілген.Периметрін табыңыз.
  8. Екі бүтін сан берілген. Олардың арифметикалық ортасын табыңыз.
  9. Екі сан берілген. Олардың  модульдерінің  арифметикалық және геометриялық ортасын табыңыз.
  10. Төртбұрыштың  қабырғалары берілген. Оның периметрін және диагональ ұзындығын табыңыз.
  11. Жазықтықтағы екі нүктенің координаттары белгілі. Олардың ара қашықтығын табу программасын құрыңыз.
  12. Үшбұрыштың төбелерінің координаттары берілген. Үшбұрыштың периметрін және ауданың табыңыз.
  13.  а нақты саны берілген. Тек көбейту амалын қолданып  а6мәнін үш операцияда алу керек.
  14. а нақты саны берілген. Тек көбейту амалын қолданып а3 жәнеа10  мәндерін  төрт операцияда алу керек.
  15. Екі орынды сан берілген. Оның ондықтарының санын табыңыз.  

Зертханалық   жұмыс  №2

Мәліметтер типі. Айнымалылар. Бүтін, нақты сандар, жолдар

...

Скачать:   txt (79 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (878 Kb)  
Продолжить читать еще 34 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club