Өндірістік оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру
Автор: shamygulova.b • Март 9, 2019 • Реферат • 844 Слов (4 Страниц) • 925 Просмотры
Өндірістік оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндет – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, және оны кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау» деп көрсетілген. Олай болса, жалпы білім берумен қатар, кәсіптік білім беру саласының алдында тұрған міндеттердің де аса ауқымды, сан-салалы, өте маңызды екені баршамызға мәлім.
Осы бағытта техникалық және кәсіптік колледждерде кәсіптік білім берудің сапасын арттыруда өндірістік оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру. Өндірістік негізгі қозғаушы күші болып табылатын жоғарғы білікті кәсіби мамандар даярлау мәселесі күннен – күнге алдыңғы қатардан орын алуда.
Колледжімізде оқу-өндірістік сабақтары кестеге сай арнайы пән кабинеттері мен зертханаларда жүргізіледі. Оқу-өндірстік және материалдық базасы көп жылдан жасақталып оқу жүйесінің бірқалыпты жұмыс жасауна өз септігін тигізіп келеді.Колледждерде жүргізілетін өндірістік оқыту үдерісі теориялық және өндірістік оқытудан тұрады.
Теориялық оқыту - мектептен алған білімдерін арықарай жалғастырып сонымен қатар өз таңдаған мамандықты тұрақты игеруге керекті білім жүйесінің қажетінше қалыптастыру.
Өндірістік оқыту - студенттердің меңгерген теориялық білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге үйрету, кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында оқыта отырып белгілі бір мамандық бойынша болашақ кәсіби маман – жұмысшыны даярлау. Өндірістік оқыту үрдісі негізгі үш кезеңнен тұрады.
оқу шеберханасында
өндіріс жағдайында (кәсіпорында, мекемеде)
өндірістік машықтануда
Өндірістік оқыту сабақтары кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады.
Өндірістік оқыту сабағында мен осы әдістерді қолданудың мына жолдарын ұсынамын.
1.Сабақтың тақырыбына қарай мақсатын ашу жақтарын қарастыра отырып, әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі мен студенттерді даяр нарседен де білмегенін үйрету жақтарына көңіл бөлу.
2. Тәрбиелік мақсаты бойынша студенттерді әлеуметтік өмірге еркін араласа алатындай, еңбекке бейім, ұқыпты, үнемшіл болу тұстарын қарастыру.
...