Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Информатика пәнін ағылшын тілінде кіріктіре оқытудың маңызы

Автор:   •  Март 9, 2022  •  Доклад  •  835 Слов (4 Страниц)  •  336 Просмотры

Страница 1 из 4

         Жамбыл ауданы

Қарғалы №4 орта  мектебінің

                    информатика пәнінің мұғалімі

Ыгылманова Кулаш Абилашовна

Информатика пәнін ағылшын тілінде кіріктіре оқытудың маңызы

       «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп атап өткен Елбасы Н.Ә. Назарбаев.

       Көптілде оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі таңда ең басты қажеттілік болып табылады.

      Қазіргі таңда білім беру үдерісі ең алдымен жеке тұлғаға бағытталып, тіл үйренушінің іскерлігін, коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, тілдің білім мазмұнын құрудың әдіс тәсілдерін дұрыс таңдап алу қажеттілігі туындайды. Ол үшін қазіргі заман талабына сай тілдерді меңгертуде озық технологияларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді пайдалану, білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару - еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды мәселелердің бірі болып отыр.

     Үш тілде білім берудің ерекшелігі - ағылшын тілін оқып үйреніп қана қоймай, сонымен бірге осы тілде жаратылыстану-математикалық бағытындағы  пәндерін  оқытуға маңыз беріледі. Үш тілді оқытуды қолдана отырып белгілі тапсырмаларды бір тілде оқып, екінші тілде орындап, бейнежазбаны көріп, үшінші тілге аудару арқылы талқылау жүргізіліп отырады. Оқушыларды ағылшын тілінде және ана тілінде оқытудың арасында ерекшелік ескеріледі. Оқушыларға ағылшын тілін үйрету сабағынан бөлек, пәнге қатысты өзінің танымын дамытуы үшін оқытушылардың CLIL әдісін қолдана білуі өте тиімді.

     СLIL әдісі қазіргі уақытта көптілділікті қалыптастыру мен оны іске асырудың негізгі құралы болып табылады.  Бұл екі жақты мақсатты көздейді: біріншісі – оқу пәнін меңгеру; екіншісі – шетел тілін (екінші тіл ретінде) меңгеру.

Ең алдымен, бұл әдіс оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып, өз мәдениетін бағалап, басқа мәдениеттерді құрметтеуге үйретеді. Оқушылардан бірден екінші тілде сөйлеп кетеді дегенді күтпеу керек. Уақыт өте келе, тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай бағыттауды қолдану қажет. Оқушылар «мен бұл тілді меңгере алмаймын» деген ойда болмау керек. Скаффолдинг тапсырмалары арқасында оқушылар тілді базалық қарым-қатынас дағдысынан (BICS) академиялық тіл білу дағдысына (CALP) біртіндеп көшеді. Бастапқы кезде оқушылар ауызекі сөйлеу тілінде грамматикалық қателер жіберуі мүмкін, алайда бұл қателердің барлығын түзетіп, оқушылардың ойын бөлмеу керек. Олар сұрақты бірінші тілде қойса, біз, ұстаздар, екінші тілде жауап беруге тырысуымыз керек. Ең басты қағидат - оқушылардың меңгерген дағдысын өмірде қолдана білуі.        

Осы бағыт тұрғысынан өз тәжірибеме тоқталар болсам, сабақтың жоспарын құрған кезде, оқушыларға қоршаған ортада болып жатқан жағдаяттарды ұсынып, оларды топта, жұпта жұмыс жасауға дағдыландырамын, себебі топқа жұмылған балалар бір-бірін үйрету, жетелеу арқылы тілді тез меңгере алады. Оқушылар көбінесе екінші тілде жауап беруге қиналған кезде, сөздердің аудармасын өздерінің айтуына бағыт-бағдар беріп отырамын. Оқушылар берілген сөзді білмей жатса, оған сыныптастарының көмектесуіне жағдай туғызамын. Өйткені оқушылар әр сөзді ой елегінен өткізген жағдайда ғана есте сақтап, көкейге тоқитыны анық. Екінші тілде күнделікті қарым-қатынас үлкен жетістік әкеледі. Сабақ барысында оқушылармен қарапайым тілде сөйлесіп, ойлануға көп уақыт беруге тырысудың маңызы зор. Аудармасын бірден айта салмай, оны ым-ишара түрінде немесе суретін көрсету арқылы оқушылардың есте сақтауына мүмкіндік беремін. Оқушыларға ой еркіндігін беріп, көбірек сөйлетуге зер саламын.  

...

Скачать:   txt (11.1 Kb)   pdf (75.5 Kb)   docx (10.7 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club