Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақпараттық қауіпсіздік

Автор:   •  Сентябрь 7, 2021  •  Реферат  •  21,378 Слов (86 Страниц)  •  454 Просмотры

Страница 1 из 86

Ақпараттық қауіпсіздік

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мында өту: шарлау, іздеу 

Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.

Мазмұны

  • 1 Ақпаратты қорғау 
  • 1.1 Қол жетерлік (оңтайлық)
  • 1.2 Тұтастық
  • 1.3 Жасырындылық
  • 2 Қауіпсіз жүйе
  • 3 Сенімді жүйе
  • 4 Ақпараттық қауіпсіздік саясаты 
  • 4.1 Қауіпсіздік саясаты
  • 4.2 Кепілдік 
  • 4.2.1 Кепілдік түрлері
  • 4.3 Есепберушілік
  • 4.4 Сенімді есептеу базасы
  • 4.5 Қатынасым мониторы 
  • 4.5.1 Оңашаландық
  • 4.5.2 Толықтық
  • 4.5.3 Иландырылатындық
  • 4.6 Қауіпсіздік өзегі
  • 4.7 Қауіпсіздік периметрі 
  • 4.7.1 Даярлық кезең
  • 4.7.2 Ақпараттық қорларды түгендеу
  • 4.7.3 Қатерді талдау
  • 4.7.4 Қорғаныш жоспарын құрастыру
  • 4.7.5 Қорғаныш жоспарын жүзеге асыру
  • 5 Қауіпсіздік саясаты 
  • 5.1 Ұйымдастыру мәселелерін шешу
  • 5.2 Қатерге талдау жасау
  • 5.3 Жеңілдіктерді анықтау
  • 5.4 Қауіпсіздік саясатының бұзылуына жауап қайтару шараларын анықтау
  • 5.5 Ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттарды дайындау
  • 6 Қауіпсіздік саясатының негізгі элементтері 
  • 6.1 Қатынас құрудың ерікті басқару
  • 6.2 Объектілерді қайтадан пайдаланудың қауіпсіздігі
  • 6.3 Қауіпсіздік тамғасы
  • 6.4 Қатынас құрудың мәжбүрлі басқару

Ақпаратты қорғау

Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.

Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.

Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады:

  • қол жеткізерлік (оңтайлық),
  • тұтастық,
  • жасырындылық.

Қол жетерлік (оңтайлық)

Қол жетерлік (оңтайлық) - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.

Тұтастық

Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.

Жасырындылық

Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.

1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар «Сенімді компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері» деп аталатын кітап шығарды.

Қауіпсіз жүйе

...

Скачать:   txt (311.7 Kb)   pdf (881.1 Kb)   docx (1.8 Mb)  
Продолжить читать еще 85 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club