Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Арнайы графиктік эффектілер: интерактивтік ағын, интерактивтік жиек, интерактивті бұзу

Автор:   •  Февраль 7, 2019  •  Лекция  •  988 Слов (4 Страниц)  •  1,034 Просмотры

Страница 1 из 4

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА №1

Күні:  

Пәні:  Компьютерлік графика

Тобы: 402

Мамандығы:  0111000  «Негізгі орта білім» 

Сабақтың тақырыбы: Арнайы графиктік эффектілер: интерактивтік ағын,  интерактивтік жиек,  интерактивті бұзу

Сабақтың мақсаты: Студенттерді Corel Draw – та интерактивті құралдармен жұмыс істеуді үйрету. интерактивті құралдарды қолдана білу, эффектілерге әртүрлі жарықтандыру орната алуға үйрету жұмыстарын ұйымдастыру

Міндеті:

Білімділік: Corel Draw  бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту және практика жүзінде қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың  логикалық ойлау қабілетін дамыту;                

Тәрбиелік: оқушыларды ақпараттық технология саласындағы мамандыққа қарай  бейімдеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту

Сабақтың түрі: аралас

Оқыту технологиялары: АКТ

Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, көрнекілік, практикалық жұмыс, демонстрация, жеке жұмыс, интербелсенді (электрондық оқулықпен жұмыс)

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, орыс тілі, ағылшын.

Техникалық құралдар: электрондық оқулық «Компьютерлік графика», CorelDraw бағдарламасы, интербелсенді тақта, компьютер.

Ресурстар: «Растрлық және векторлық редактор» презентациясы, үлестірмелі материалдар.

Ақпараттық қор:

Негізгі әдебиеттер:

1. Н.Т.Ермеков «Компьютерлік графика»

2. Ю.А.Лобзин, В.Г.Рожавский «Графический дизайн»

Қосымша әдебиет:

  1. Байшоланова Қ.С. Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы, 2002
  2. Ермеков Н. Т.  Ақпараттық технологиялар, Астана 2007  
  3. Ермеков Н Т.  Есептеуіш техника негіздері, 2007

Негізгі терминдер мен ұғымдар: Графика, формат, растрлық, векторлық, деталь, пиксель, фон, модель, контур, эффект, фильтр, маска.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  3. Практикалық жұмыс.
  4. Жаңа тақырыпты бекіту
  5. Қорытындылау.
  6. Үйге тапсырма беру
  7. Бағалау

                               

Сабақтың өткізілу барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

А) білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру

Б) дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару

3. Жаңа сабақ түсіндіру.

Жоспар:

  1. Интерактивтік ағын;
  2. Интерактивтік жиек;  
  3. Интерактивті бұзу;
  4. Клондар;
  5. Стандартты фрагменттер

Арнайы графиктік эффектілер

CorelDraw  программасында көптеген нысанға эффектілер  орнату мүмкіндігі бар. Ол үшін арнайы қызметші нысан – модификаторлар қолданылады.Біріншісі – бейнелеу тәсілдерін өзгерту – айналып өткіштер, деформациялар, линза, мөлдірлік, фигуралық кесу, ал екіншісі оның базасында құрама нысан жасақтау – қадамдап ауысу, көлеңке, экструзия.

Клондар  және эффектілерді клондау

Бүгінгі сабақта CorelDRAW –да құрама объектілермен танысамыз. Құрама объектілерде бағынышты объектілерді пайдаланушы өзі реттей алады, әрбір объект жеке роль атқаруы мүмкін. Олардың негізгі қызметі –бірдей немесе заңды түрде формасын ауыстырып отыратын, содан кейін әрқайсысымен жеке – жеке жұмыс жасамай – ақ  жылдам өзгеретін көптеген объектілерді жылдам құру.

Клондар бір жағынан жеке қарастыруға, бір жағынан бір мезгілде формаларын  және атрибуттарын өзгертуге болатын объектілердің көшірмесін біріктірудің ерекше нұсқасы. CorelDRAW – да клондардан басқа ерекше эффектілер клоны қарастырылған – мысалы, экскурзия көлеңкесі және денесі.

Фрагменттер ретінде фрагменттер кітапханасына енгізілген векторлық графиканың кез – келген объектісі қарастырылады.

Ореолдар бір басқарушы объектімен адымдық ауысулар нұсқасын береді.  Ореолдың бағынышты объектілер жанұясы басқарушы объектіге жақын тізбектелген фигуралар түрінде құрылады.

...

Скачать:   txt (13.5 Kb)   pdf (275.5 Kb)   docx (74.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club