Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Best Western Plus Astana қонақ үй кешеніне жалпы сипаттама

Автор:   •  Сентябрь 21, 2021  •  Реферат  •  5,617 Слов (23 Страниц)  •  510 Просмотры

Страница 1 из 23

І. Best Western Plus Astana қонақ үй кешеніне жалпы сипаттама

1.1. Best Western Plus Astana қонақ үйіне сипаттама

      Best Western International-Best Western Hotels қонақ үйлер жүйесін басқаратын компания. Басқаруда шамамен 4000 қонақ үй бар.Компанияның негізі 1946 жылы қаланды. Қонақ үйдің генеральды директоры Дэвид Конг.

Штаб пәтері Финикс, Аризона, АҚШ. Қонақ үй 1946 жылы Аризонада алғаш рет мотель болып ашылды. Қонақжайлылық индустриясында 23 жыл жұмыс істеген, білікті мамандардың бірі Мерил Гертин негізін қалады. Мерил Гертин қонақ үй саласында жарнамаға көп көңіл бөлген, тіпті оның американдық журналдарда оның қонақ үйлері туралы мақалалар шықты. 1963 жылға дейін Best Western мотельдер жүйесі болды, бірақ 1974 жылдан отельдер жүйесі болып, тек қана Америкада емес сондай-ақ әлемнің барлық жерін қамтыды.  Қонақ үй саласында өз жүйесін жариялаған алғашқылардың бірі-Best Western жүйесі болды. Бұл 1995 жылы болды.

Отельдер саны:4000

Жылдық айналым: 6 миллиард доллар

Қазіргі иесі: Себастиан Базан

[pic 1]

  Best Western Plus Astana - бұл қазіргі заманға сай 4 жұлдызды қонақ үй. Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақ Орда» резиденциясынан және Нұрсұлтанның басты символы - «Бәйтерек» монументі мен Нұржол бульварынан, 5 минуттық жаяу жерде,«Мәңгілік ел» және «Достық» көшелерінің қиылысында, «Министрліктер үйіне» қарама-қарсы орналасқан. Best Western Plus AstanaHotel - бұл «Best Western Hotels and Resorts» жаһандық тізбегі лицензиясы негізінде жұмыс істейтін ерекше қонақ үй, оның ерекшелігі бизнесмендер мен туристердің қажеттіліктері үшін сай стильі. Best Western Plus Astana қонақ үйі Нұр-Сұлтан қаласында 2017 жылдан бастап жұмыс істей бастады.

     Астана халықаралық әуежайы қонақ үйден 14 км жерде ғана орналасқан. Best Western Plus Astana қонақ үйі Қазақстанның жас астанасының көрікті жерлерімен танысу және зерттеу үшін тамаша орналасқан. Best Western Plus Астана өзінің қонақтарына заманауи стильде 106 бөлме ұсынады, олардың 12 люкс санатының нөмірлер. Барлық бөлмелер эргономикалық жиһаз, кондиционер, кабельдік теледидар, мини-бар, сейф, шай жиынтығы, Wi-Fi және ванна құралдарымен жабдықталған. Best Western Plus Astana қонақ үйнің қабылдау қызметі тәулік бойы жұмыс істейді, ал мейірімді және көңілді қызметкерлер сіздің кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайын және барлық тілегіңізге мұқият болады.Сондай-ақ қонақ үй консьерж қызметін, факс және ксерокөшірме қызметін және багажды сақтау камерасын ұсынады.

Қонақ үйдің тұрғын бөлмелері:

Бөлме типі

S кв метр

Бағасы, USD

Бағасы, теңге

 Бір орындық номер Deluxe

27

430

65 500

Екі орындық номер Deluxe

27

475

72 255

Бірорындық номер Premium

29

430

65 460

Екі орындық номер Premium

29

475

72 160

Бір орындық және екі орындық номер Junior Suite

32

870

126 550

Бір орындық және екі орындық номер

32

960

144 430

         

1 кесте. Best Western Plus Astana қонақ үйі бөлме типтері

         [pic 2]

Қонақ үй жалпы 11 қабаттан тұрады.Best Western Plus Astana қонақ үйі 1-ші қабатта келген қонақтарды кең вестибюльімен қарсы алады.

 Қонақтардың жайлылығы мақсатында вестибюльде кең жайлы креслолар ,әсем нәзік әуен, жаңға жайлы алтын түстермен сәнденген лобби. Қонақтарды жағымды күлімсіреген жүздерімен ресепшн қызметкерлері қарсы алады.

Қонақтардың біреуді күту мақсатында не болмаса сұхбаттасу үшін қонақ үй лоббиі ыңғайлы орын болып табылады. Қонақтарға қонақ үй жайлы мәліметтер ұсыну мақсатында арнайы журналдар, буклеттер мен жарнама есім хаттары тұрады. Қонақтарға жағымды әсер қалдыру мақсатында қонақ үй  табиғи гүлдер үстел үстіне орналастырады.

...

Скачать:   txt (76.8 Kb)   pdf (785.9 Kb)   docx (567 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club