Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлемдік туризм индустриясының жалпы сипаттамасы

Автор:   •  Октябрь 19, 2019  •  Лекция  •  326 Слов (2 Страниц)  •  778 Просмотры

Страница 1 из 2

 Семинарлық, практикалық сабақтар

Туризм индустриясының  түсінігі.

СОӨЖ арналған тапсырмалардың тақырыбы мен мазмұны

Алғашқы саяхатшылар, алғашқы туристік орындар, алғашқы турагентіктер.

Студенттердің өзіндік жұмысы  (СӨЖ)

Алғашқы ұйымдастырылған экскурсиялар.

2-лекция.Әлемдік туризм индустриясының жалпы сипаттамасы.

Туризм индустриясы – туристерге қызмет көрсететін, сонымен қатар, туристік-рекреациялық ресурстарды игеретін және туризмнің материалдық-техникалық базасын құратын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы және олардың іс-әрекеті. Туризм индустриясын құратын үш топты бөліп қарастырамыз, олар: кәсіпорындар, мекмелер және ұйымдар болып табылады.

1)        Мекемелер – белгілі-бір бағыт бойынша кешенді туристік-экспедициялық қызмет көрсетеді, туристерді қабылдау, көлікпен қамтамасыз ету, орналастыру сияқты қызмет көрсетеді.

2)        Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар шетелдік туристерге және жергілікті туристерді туризм және демалыс орнымен қамтамасыз етіп қана қоймай, оларға басқа жа қызмет түрлерін-тұрмыстық, мәдени-танымдық, саудамен де қамтамасыз етеді.

3)        Өндірістік кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар туризмнің материалдық – техникалық базасын құрып қана қоймай, оларды шикізатпен, еңбек құрал-жабдықтарымен және басқа да жеке тұтыну тауарларымен қамтамасыз етеді. Мекемелер болса туризм саласында мамандарған кадрларды даярлаумен айналысады.

Туристік  ресурстар – бұл тікелей пайдалану арқылы адамның физикалық және рухани күш-қуатын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ландшафтының тұтастығын қалыптастыратын табиғат компоненттері мен тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық нысандардың үйлесімділігі. Олар тура және жанама болып екіге бөліаптаі. Біріншісіне туристер мен демалушы рекреанттар тікелей пайдаланатын табиғи, тарихи-мәдени ресурстар (тартымды ландшафт, жергілікті жердің сауықтыру қасиеттері, танымдық нысандар) жатады.  

Жанама (әлеуметтік-экономикалық) туристік ресурстарға табиғи туристік ресурстарды игеру, тікелей қолдану үшін тартылатын материалдық-техникалық база, қаржы, еңбек  ресурстары жатады. Қызымиеттік белгілеріне қара туристік ресурстар танымдық және спорттық болып бөліаптаі.

...

Скачать:   txt (5.3 Kb)   pdf (171.8 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club