Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қонақжай индусртиясының негізгі ұғымы мен маңызын үйрену

Автор:   •  Апрель 1, 2018  •  Реферат  •  4,229 Слов (17 Страниц)  •  3,827 Просмотры

Страница 1 из 17

Тақ1. Қонақжай индустриясы : түсінігі, маңызы, құрылымы.

Дәріс мақсаты: Қонақжай индусртиясының негізгі ұғымы мен маңызын үйрену.

Дәріс жоспары:

1 «Қонақжай индустриясы» ұғымы, оның құрамы мен мінездемесі.

2. Европалық және Американдық қонақжай индустриясының дамуы.

3. Қонақ үй және мейрамхана индустриясының даму кезеңдерін сипаттау.

«Қонақжайлылық» (ағылшын тілінен аударғанда - hospitality) – көне француз тілінен аударғанда «хоспис»  (hospice), яғни келген жолаушыға орныққан жерінен тамақ немесе жатын жер таба алуы болып табылады.Ал латын тілінен индустрия (industria)- қызмет деген мағынаны білдіреді.

Қонақжайлылық – бұл қонаққа деген мейірім мен достық қатынаста қызмет көрсетуге негізделген қонақжайлық принциптері болып келеді.

«Қонақжай индустриясы» - туристерді орналастыру, түнеу орындарын ұсыну, қонақтарды тамақпен және көңіл-көтеру іс-шараларымен қамтамасыз ететін туризм индустриясының секторы болып табылады. Бұдан басқа қонақ үй индустриясы – қонақтың қажетін қамтамсыз ету мақсатында өнімді сату, яғни қызмет көрсету арқылы оны сату ретінде экономикалық қатынастың жүйесі  саналады.

Туризм тарихына үңілетін болсақ, оның негізі мың жылдар емес, сонау шығыс өркениетінің дамуынан бастау алады. Алғашқы қонақ үй индустрия мекемелері көне шығыс мәдениетінен – вавилондық Хаммураппи патшасының кодексінен басталады (б.э.д 1700 ж. шамасы). Алғашқы туризмнің түрі – саяхат болып табылады. Ол тек сауда-саттық ретінде Азия мен Таяу Шығыс аймақтары болып  табылды. Жыл бойы түрлі сауда-саттық жасау үшін, керуен-сарайлар құрылды. Онда тек сыртқы жаулардан қорғану мақсатында және ауа-райының қолайсыз жағдайынан сақтану үшін   жатын орындар ғана берілді. Б.э.д 1- ші ғасырда Рим империясында мемлекеттік тұрақты аулалар пайда болды.

15-17 ғғ. Еврпада техниканың дамуына байланысты қонақ үй индустриясында үлкен өзгерістер пайда болды.Франция, Италия, Англия және Испанияда арнайы бекеттер мен тұрақты аулалар дамыды. 16 ғасырда алғашқы кофеханалар, ал 17 ғасырда арнайы тамақтану орындары пайда болды.

Тақ 2. Қонақжай индустриясы : түсінігі, маңызы, құрылымы.

Дәріс мақсаты: Қонақжай индусртиясының негізгі ұғымын және әлемдік қонақ үй индустриясының перспективаларын ашып көрсету.

Дәріс жоспары:

1. Әлемдік қонақ үй индустриясының даму бағыттары

2. Әлемдік қонақ үй индустриясының даму перспективалары

3.Қонақ үй шынжырлары, франчайзинг және тәуелсіз қонақ үйлер.

Негізгі әлемдік қонақ үй индустриясы дамуының бағыттары келесідей негіздерден тұрады:

  • Түрлі сегментті тұтынушыларға арналған арнайы қонақ үй бизнесінің дамуы;
  • Туризмнің жаңа түрлерінің дамуы; (экономикалық, экстрималдық, тақырыптық, экзотикалық т.б)
  • Ақпараттық технология мен коммуникация тәсілдерінің енгізілуі;

Қонақ үй индустриясы бірнеше факторлардың тікелей әсер етумен қарқынды дамиды: ішкі және сыртқы. Сыртқы фактор: саяси-құқықтық, экономикалық, қаржылық және мәдени, демографиялық, сауданың дамуы болып табылады. Ал ішкі факторларға әсіресе маусымдық кезең қонақ үй индустриясында ерекше орынға ие.

Қонақ үй шынжыры – басқаруды келісім түрде жүргізетін бірнеше қонақ  үйлердің бірігуін айтамыз.Мұндай келісімдер нақты отельдердің иелерінің немесе компаниялар арасында жасалады. Әлемдік тәжірбиеде кеңінен қолданатын орналасу орны болып – қонақ үйлер табылады.

Американдық қонақ үй және мотельдер  ассоцияциясының мәліметі бойынша, әлемде 11 қонақ үй тобы бар екен. Оның нөмірлік қоры 100 000 бөлмеден тұрады.

Бұл Cendant Corporation (АҚШ), Hotels & Resorts (Ұлыбритания), Choice Hotels (АҚШ), Best Western (АҚШ), Marriott International (АҚШ), Starwood Hotels & Resorts (АҚШ), Promus Hotel Corporation (АҚШ), Ассог (Франция), Patriot American Hospitality Inc. (АҚШ), HiltonCorporation (АҚШ), CarlsonHospitalityGroup (АҚШ). Өз кезегінде бұл топтарға бірнеше қонақ үй шынжырлары жатады.

...

Скачать:   txt (61.1 Kb)   pdf (200.5 Kb)   docx (36.9 Kb)  
Продолжить читать еще 16 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club